Понедельник, 12 октября

Қазақстанда алаяқтардың арбауына түскен азаматтарға 5,9 миллиард теңге қайтарылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

3 жыл ішінде интернет алаяқтық саны 40 пайызға азайып, мұндай қылмыстарды ашу деңгейі 29,9 пайызға өскен. Ұлттық банктің Антифрод орталығының арқасында кейінгі жылдары зардап шеккендерге миллиардтаған теңге қайтарылған, 117 миллиард теңгеден аса қаражат бұғатталған. Елде дропперлерге қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Сонымен қатар, жеке деректі қорғау конституциялық деңгейде бекітілген. Маңызды дерегі бар базаларға қол жеткізу үшін міндетті биометрия енгізілген.

Азаматтарға SMS код пен құпия сөзді ешкімге бермеуге, сілтемелерді мұқият тексеруге, екі факторлы аутентификация қосуға кеңес берілді.

Exit mobile version