Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 3 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

      29.08.2025

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

      23.08.2025

      “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

      19.08.2025

      Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

      19.08.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

      07.08.2025

      Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

      02.08.2025

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматы облысында «Егінжай күні» аталып өтті

    Алматы облысында «Егінжай күні» аталып өтті

    Ел іші 27.07.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА су ресурстары тапшылығының өзекті мәселелеріне және оның ауыл шаруашылығына әсері жөнінде «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы: су ресурстарын тиімді және қауіпсіз басқару» тақырыбында Егінжай күніне арналған далалық семинар өткізді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    Іс-шараға аталған академияның президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекнияз, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Жақанбаев Әлібек және егіншілік, су, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен жетекші ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен агробизнес өкілдері қатысты. Олар су тапшылығының негізгі себептерін, оның ел экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін талқылап, мәселені шешу жолдарын қарастырды.

    Негізгі талқыланған мәселелер:

    Су тапшылығынан болатын қауіп: Климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімсіз басқару және ауыл шаруашылығындағы ескірген технологиялардың кесірінен Қазақстан су тапшылығына ұшыраудың алдында тұр. Бұл топырақ сапасының нашарлауына, егіннің төмендеуіне, экономикалық шығындарға әкеп соғады.

    • Бұл мәселенің шешімі – инновация: тамшылатып суару, топырақтың ылғалдылық датчиктерін пайдалану, суды цифрлық жүйеде басқару және құрғақшылыққа төзімді дақыл түрлерін енгізу сияқты суды үнемдеу саласындағы инновациялық технологияларды енгізу маңызды.
    • Кешенді түрде жұмыс істеу: Су тапшылығы проблемасын шешу үшін заңнаманы жетілдіру қажет, ғылыми зерттеулерді дамыту, инфрақұрылымға инвестиция тарту, халыққа көбірек ақпарат тарату және мемлекет, ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты қамтитын кешенді тәсіл қажет.
    • Ғылымның рөлі зор: Ғалымдар жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізуде, су ресурстарының жай-күйін бақылауда, ықтимал тәуекелдерді болжауда шешуші рөл атқарады.
    ҚР Президенті жанындағы ҰҒА басшысы Ақылбек Күрішбаев

    Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, біздің елде суды ысырып ету әлі де бар. Себебі біздегі су арналарының 78 пайызы әлі күнге дейін топырақтан қазылған. Соның кесірінен ағын судың шамамен 40 пайызы тұтынушыға жеткенше жерге сіңіп кетеді екен. ҒылымаАкадемия басшысы келтірген дерек бойынша, суармалы жерлердің тек 20 пайызында су үнемдеу технологиялары қолданылады, оның ішінде тамшылатып суару тек 5,4 пайызға тең.

    «Су ресурстарының негізгі тұтынушысы – ауыл шаруашылығы, яғни елдің жалпы су тұтыну көлемінің шамамен 70 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Егер біз кешенді түрде су ресурстарын тиімді басқаруды үйренсек, онда су тұтыну көлемін кемінде 50 пайызға қысқартып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 1,5 есе арттыра аламыз. Бұл теория емес, бұл біздің озық шаруашылықтарымыздың нақты көрсеткіштері. Мұның бәрін сіз бүгін тәжірибе алаңдарында көрдіңіз«, деді Ақылбек Күрішбаев.

    Егінжай күнінде суды үнемдеу және су ресурстарын басқару саласындағы ең жаңа әзірлемелер ұсынылды, олар Қазақстанның ауыл шаруашылығына оның тиімділігі мен климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыру үшін енгізілуі мүмкін.

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғылым мен техниканың түрлі салаларында зерттеумен айналысатын ғылыми ұйым. Академия ғылым және инновация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға белсенді түрде қатысады.

    Ақылбек Күрішбаев Алматы облысы Ғылым академиясы Дала күні Егінжай күні Су ресурстары Су тапшылығы

    Оқылып жатыр

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

    19.08.2025

    Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

    15.08.2025

    Алматыда жол құрылысына қолданылатын материалдардың сапасы жіті тексерілуде

    10.08.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.