Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі тіркелген.
«Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес мемлекеттік органдарға хабарланды, нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
«Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:09-да жер сілкінісін тіркеген.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан», — деп жазылған хабарламада.
