Close Menu
    Оқылып жатыр

    FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

    16.04.2026

    «Ақ жол» Құрылтайдан дәмелі: Азат Перуашев өзге партиядың жұмысына күмән келтірді

    16.04.2026

    Бір жылдан асқан ұшақ дауы: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

    16.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 16 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

      16.04.2026

      «Ақ жол» Құрылтайдан дәмелі: Азат Перуашев өзге партиядың жұмысына күмән келтірді

      16.04.2026

      Бір жылдан асқан ұшақ дауы: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

      16.04.2026

      Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

      16.04.2026

      Мемлекеттен миллиардтар: саяси партиялар бес жылда қанша қаржы алды

      16.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

    Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

    Жаңалықтар 17.02.2026
    pixabay.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan компаниясына қатысты жағдайды ресми түрде бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың отбасына арнайы барып, оның әкесіне ресми шағымды қалай дұрыс рәсімдеу керегін түсіндіріп, еңбек заңнамасында қарастырылған құқықтар мен кепілдіктер туралы толық ақпарат берген.

    Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жұмыс беруші – «QSR» ЖШС (Burger King) ұйым ішінде қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Тергеу кезеңінде басшылардың бірі уақытша қызметінен шеттетілген.

    Ал компания өз тарапынан қызметкердің жұмыстан шығарылмағанын атап өтті. Айтуларынша, жағдайды бейбіт түрде шешу үшін бірнеше ұсыныс жасалған. Соның ішінде қызметкерді басқа мейрамханаға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Сонымен қатар компания қызметкер мен оның отбасының қатысуымен ашық диалог жүргізуге дайын екенін жеткізді.

    Мәселенің мән-жайы

    Айта кетейік, Қазақстанда Burger King Kazakhstan желісіне қатысты дау әлеуметтік желідегі жазбадан кейін күшейе түсті.

    Даудың басталуына әлеуметтік кәсіпкер Жанат Қаратайдың ұлы – аутизм спектріндегі бұзылысы бар 27 жастағы Әлібек Қаратайдың еңбек жолы туралы жазбасы себеп болды.

    Анасының айтуынша, Әлібек екі жасынан бастап даму ерекшеліктері байқалған бала. Сол кезеңде «аутизм» ұғымы кең тарамағандықтан, ол баласының жағдайын өз бетінше зерттеп, жылдар бойы педагогика мен оңалтуға толық ден қойған. Нәтижесінде Әлібек мектепті тәмамдап, Жүргенов атындағы колледжде білім алып, мүсінші мамандығын меңгерген. Пластилиннен анимациялық мультфильмдер жасауға қызығып, түрлі жерде жұмыс істеп көрген.

    Ақыры өзіне ұнайтын мамандық пен ұжымды Burger King мейрамханасынан тапқан. Ол жерде төрт жыл бойы аспаз болып тұрақты еңбек етіп, жалақы алып, тапқан табысын өз қалауынша жұмсап, өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінген. Қажет кезде қосымша ауысымдарға қалып, демалысын өзі жоспарлап, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеп жүрген. Анасының сөзінше, бұл – отбасы мен мейрамхана менеджерлерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі болған.

    Алайда жаңа өңірлік басшы келгеннен кейін жағдай өзгерген. Жанат Қаратайдың айтуынша, сол сәттен бастап ұлына жасырын қысым көрсетіле бастаған. Күзден бері Әлібектің мінез-құлқы өзгеріп, кейін оны жұмыстан кетуге итермелеп жатқанын білген. Қазір отбасы оның адамдарға деген сенімін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын айтқан.

    Осы жазбадан кейін қоғамда қызу талқылау басталды. Burger King Kazakhstan әлеуметтік желідегі жарияланымға қатысты ресми мәлімдеме жасап, жағдай отбасы үшін ауыр тигеніне өкініш білдіріп, тең мүмкіндік пен инклюзивтілік қағидаттарын ұстанатынын мәлімдеді. Компания ішкі тексеріс басталғанын және Әлібектің жұмыстан шығарылмағанын хабарлады.

    Дегенмен әлеуметтік желі қолданушыларының сыны күшейіп, кейбір азаматтар компанияны бойкот жариялауға шақырып жатыр.

    аутизм бургер кинг дау еңбек құқығы

    Оқылып жатыр

    FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

    16.04.2026

    «Ақ жол» Құрылтайдан дәмелі: Азат Перуашев өзге партиядың жұмысына күмән келтірді

    16.04.2026

    Бір жылдан асқан ұшақ дауы: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

    16.04.2026

    Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

    16.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

    16.04.2026

    «Ақ жол» Құрылтайдан дәмелі: Азат Перуашев өзге партиядың жұмысына күмән келтірді

    16.04.2026

    Бір жылдан асқан ұшақ дауы: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

    16.04.2026

    Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

    16.04.2026

    Мемлекеттен миллиардтар: саяси партиялар бес жылда қанша қаржы алды

    16.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

    14.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.