Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Бұл үйді менен облыс әкімі де тартып ала алмайды». Экс-судья депутатты қорқытты

    «Бұл үйді менен облыс әкімі де тартып ала алмайды». Экс-судья депутатты қорқытты

    Жаңалықтар 16.02.2026
    todayinfo.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысында экс—судья заңды белшесінен басып отыр. Заңға пысқырмайтын заң саласының маманы мен міслихат депутаты арасында бітіспес тартыс басталды. Албан жұрытын алаңдатқан даулы тартыс күн өткен сайын күшейіп келеді. Бұрынғы судьяның қызметтік тұрғын үйді босатпауы қоғамда резонанс туғызды. Өзіне төнген қауіп жайлы  Райымбек аудандық мәслихаты депутаты Бекжан Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.

    Депутаттың айтуынша, экс-судья Сексенбаев Тұрсынбай қызметі әлдеқашан аяқталғанына қарамастан, қызметтік үйді босатпай отыр.

    «Экс-судья Сексенбаев Тұрсынбай мырзаның қызметі әлдеқашан аяқталғанына қарамастан, қызметтік үйді босатпауы жайлы қозғап, әділдік іздеген едім. Енді міне, осы мәселе аясында экс-судья Тұрсынбай мырза менімен арнайы хабарласты. Заң адамы адамша сөйлеседі деп үміттенген едім. Алайда ол өзінің өктемдігін білдіріп, заң адамы бола тұра заңды белшесінен басып, маған ашық түрде қасақана қастық жасауға дайын екенін бірнеше рет қайталады», – дейді депутат.

    Оның сөзінше, экс-судья ешкімнің оған күші жетпейтінін айтып, «әділдіктен үмітіңді үз» дегенге келтірген.

    «Ол мемлекеттік қызметтегі бірнеше азаматтардың да атын атап, өз үстемдігін білдірді», – дейді Бекжан Жүнісов.

    Аталған мәселе бойынша депутат Алматы облыстық сотына E-өтініш порталы арқылы ресми түрде жүгінген. Алайда соттан келген жауап көңіл көншітпеген.

    «Сексенбаев Тұрсынбай қазіргі уақытта судья емес, зейнетке шыққан. Оған қатысты ешқандай шара қолдана алмаймыз», – деген қысқаша жауап жолданған.

    Бұл жауап аудан жұртының наразылығын тудырды.

    Осыған байланысты аудандық мәслихат депутаты Бекжан Жүнісов қоғамға үндеу жасады.

    Депутаттың айтуынша, экс-судья онымен сөйлесу барысында ашық түрде қысым көрсеткен.

    «Заң адамы ретінде адамша сөйлеседі деп үміттенген едім. Бірақ ол өз үстемдігін көрсетіп, заңды белшесінен басып, маған қастық жасауға дайын екенін бірнеше рет қайталады. “Әділдіктен үмітіңді үз” деп, оған ешкімнің күші жетпейтінін айтты. Мемлекеттік қызметтегі бірнеше азаматтардың атын атап, ықпалын білдірді», – деді депутат.

    Экс-судьяның өзі ашық қорқытуға көшке. Мемлекеттің меншігіндегі үйді халыққа қайтарудан ашық түрде бас тартқан.

    «Сен үй мәселесі бойынша әуре болсаң, бұдан да маңызды мәселелер жеткілікті. Бұл үйді менен аудандық, облыстық, тіпті Мәжіліс депутаты да, облыс әкімі де тартып ала алмайды. Бұл үйді жекешелендіріп аламын. Сен басқа адамдармен ұстассаң ұстас, бірақ менімен ұстаспа. Мен саған жаманшылық істеп жіберемін. Саған кімнің қолдау білдіріп жүргенін білмеймін бе, егер менімен ұстасқың келсе, түбіне дейін апарамын. Ол үйден мені күштеп шығара алмайсыңдар, қолдарыңнан келмейді. Сені кім “крышавать” етіп жүргенін жақсы білемін. Судья сендерге ойыншық емес, оны ауылда жүрген министр деп есептей беріңдер», – деген экс—судья.

    Депутат бұл жағдай қоғам үшін қауіпті үрдіске айналуы мүмкін екенін айтып, тиісті мемлекеттік органдарды әрекет етуге шақырды.

    Алматы облысы депутат қызметтік үй

    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.