Атырау облысында малды басқа өңірлерден әкелуге немесе әкетуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Tarazy.kz.
Атырау облысында малды басқа өңірлерден әкелуге немесе әкетуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Tarazy.kz.
Шектеу мыңдаған ірі қарадан вирус анықталғаннан кейін енгізілді.
Алғашқы жағдайлар өткен жылдың соңында Исатай және Құрманғазы аудандарында тіркелген еді. «КТК» телеарнасы мәліметінше, жануарларда сілекей ағу, жара және ауыз қуысының зақымдануы байқалған. Зертханалық тексеріс нәтижесінде шамамен 6 мың сиыр жұқтырғаны анықталып, 6 мал өлген.
Мамандардың айтуынша, малға инфекциялық ринотрахеит диагнозы қойылған. Қазір малдың 80 пайыздан астамы егілген, көпшілігі сауығып келеді. Әлі де шамамен 500 сиыр ем қабылдап жатыр.
Індеттің таралу себебі нақты айтылған жоқ. Болжам бойынша инфекция лас су арқылы немесе малды тасымалдау кезінде жұққан болуы мүмкін. Облыс ішінде мал қозғалысына рұқсат бар, алайда басқа өңірлерге әкелу мен әкетуге уақытша тыйым салынған.