Автор: admin
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, — деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді. «Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық», — деді Досаев.
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы сәтімен жүзеге асуда. Жаңа жоба жамбылдық жұртшылық тарапынан қолдау тапқан. «Ақпараттық-түсіндіру», «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу», «Ауылда бизнесті дамыту», «Діни мәселелер», «Құқық қорғау саласы» топтарының мүшелері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аудандарда болып, тұрғындармен кездесулер, көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, мұң-мұқтажын біліп, түйіні тарқамаған түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуда.Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданымызға ат басын тіреген «Құқық қорғау саласы» тобы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізді. – «Бейбітшілік пен келісім» жобасының мақсаты ел бірілгі мен ынтымағын сақтау, тұрғындарды адамгершілік құндылықтарға үндеу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін…
Если прикоснуться к земле, каждый уголок казахской степи, история которой полна, священен. Мы знаме, что если выделить четыре угла нашей необъятной земли, то Туркестану достанется самое почетное место. Ни для кого не секрет, что родовое поселение, долгое время считавшееся колыбелью тюрков, сейчас многие называют «духовной столицей». Прошло два года с тех пор, как город, являвшийся маяком этой духовности, стал областным центром. В последние 2 года, что слишком мало для истории, строительные работы в Туркестанской области набирают обороты, строятся фундаментальные объекты. Есть также существенные различия в сельском хозяйстве. В этой связи мы решили сгруппировать мннения известных личностей о потенциале области, на…
Жамбыл ауданындағы 29 мешіттің бәрінде имамдары бар болса, олардың жетекшісі яғни, өңірдің бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков діни сауаттылығы жағынан да, адамгершілік қырынан да өңірімізге танымал тұлға. Дін саласының озықтар додасында аты бастапқылардың алдына шыққан азаматтың ауданымызға ізгіліктің нұрын шашып, туралықты ту еткеніне 15 жылдың жүзі болыпты. Алғаш келген жылдары заңсыз салынған мешіттердің құжаттарын толықтай заңдастарып, бүгінде ҚМДБ-на тіркепте үлгерген. Сол жылдары табанын таусылғанын бүгінде қуанышпен еске алуда. Аудан тұрғындарының сыр сандығына имекең жайлы сызат ой, теріс пікір түскен емес. Ылғи жасаған жақсылығын, үгіт-насихатының тұла бойды шымырлатып жіберетінін айтып отырады. Бәлкім сол қайырлы істердің қайыры болар, бүгін Аса ауылының жомарт…
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны — 3059 құраса, оның барлығы аудан тұрғындары. Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны – 3902. Атап айтар болсақ, тұрақты жұмыспен қамтылғандары – 1836— қоғамдық жұмысқа жолданғандар – 872— әлеуметтік жұмыс орындары –93— жастар практикасы – 258— қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту – 162— мемлекеттік грант – 372— шағын несие алғандар – 95— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту – 234 Есепті кезеңде 115 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны – 115 адам. Бірінші бағыт:Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен…
Бар болғаны 23 жасар жігіттің есімі он саусағы шебер ұста ретінде төңірекке тегіс тарап үлгеріпті. Оның өзге шеберлерден ерекшелігі ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлетінінде. Атқа қолайлы ер жасап, тоқым, ішіктерін де өзі пішеді. Жүгеннің неше түрін өрнектеп, тартпа, үзеңгі, таралғы дейсіз бе, бәрін жасайды. Сондықтан, ат әбзелдерін жасайтын жас ұста, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылының тұрғыны Әлмұхан Кенжебекті аттай қалап іздеп келетіндер көп. Бұл нені білдіреді? Қазақтың атқа міне бастағанын, тұлпарға қатысты құндылықтарды іздей бастағанын көрсетеді. Әлмұхан неге ұсталық жұмысын ат әбзелдерінен бастап отыр? Оның атқа мінуге деген қызығушылығы қанында бар. Әкесі Бауыржан ауданға белгілі көкпаршы. Ал өзі де атқа мініп,…
Тараз қаласының тұрғындары жаз айларында ыстық сусыз отыратыны ешкімге жаңалық емес. Оның себебі мен салдарын түрлі әкімдер түрлі уәде беріп шешпей кететін. Бұл мәселенің шарықтау шегі былтыр болды — қаланың барлық көшелерін қазып, құбырлан алты айы бойы ауыстырмай елдің мазасын қашырған еді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қаласында жалпы қолданыстағы 1312 үйдің 1253 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, оның ішінде 912 үй ыстық су жүйесімен қамтылған. Алайда 341 үйде ыстық су алуға техникалық тұрғыдан мүмкіндіктері қарастырылмаған көрінеді. 2019-20 жылдардағы жылыту маусымы ағымдағы жылдың 20 сәуірінде аяқталып, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақтығы 184 күнге созылған. «Таразэнерогорталық» акционерлік қоғамының…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Yildirim Holding компаниясының өкілдерімен кездесіп, Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру барысын талқылады, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түрік компаниясына қазақстандық нарық таңсық емес. Өңір басшысы осы жылдар ішінде бауырлас халықпен тығыз және достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті. — Инвесторлар негізінен бизнесті дамытуға қолайлы және болашағы бар өңірлерге барады. Осы орайда Мемлекеттік бағдарламалар әзірленген десек, бүгінде олар өздерінің тиімділігін дәлелдей түсуде. Бұл бағдарламалар аясында сіздердің компанияларыңызға да жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, — деді Бердібек Сапарбаев. Yildirim Holding-тің бас директоры Исмаил Джейлан инвестициялық жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Құрылысы…
Сенбі, 5 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ат басын бұрды. Жамбылдықтар «Тектұрмасты» қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталуын асыға күтті. Нәтижесі көңілден шыққандай. Бақылау алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған. Жаңа нысандар мен архитектуралық формаларды салу бойынша күрделі жұмыстар әлі де жалғасуда. Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тектұрмас» кешенін қайта құрудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, аллея бойында аймақтың тарихи құрылымдарының макеттері орын…
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, өңірдің тазалығы ең алдымен мына өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Жамбыл ауданының келбетіне өң беру, санитарлық жағдайын жақсарту, көгершіктендіру, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайландыру мақсатында күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы орайда аудан әкімдігіндегі бірқатар бөлім мен жергілікті ауылдық округтің қызметкерлері бүгін Аса-Тараз бағытындағы және өздеріне тиесілі орындарға тазалық жұмыстарын үйлестірді.Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековтың айтуынша, игі іске 1300 азамат атсалысқан. – Тазалық жұмыстарына 44 техника қатысып, 63…