Close Menu
    Оқылып жатыр

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 26 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

      25.05.2026

      «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

      25.05.2026

      Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

      25.05.2026

      Әлемде мұнай бағасы арзандауда

      25.05.2026

      Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

      25.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі эпизоотияға қарсы жұмыстарды сынға алды

    Облыс әкімі эпизоотияға қарсы жұмыстарды сынға алды

    Өңір тынысы 19.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды.

    Алғашқы болып сөз алған ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев Сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарын жою, алдын-алу мәселелері туралы баяндады. Профилактикалық және диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға тоқталған ол жыл басынан бері сібір жарасына қарсы ауыл шаруашылығы жануарларынан 466 390 бас МІҚ, 3 026 700 бас ұсақ мал, 134 600 бас жылқы, 9800 бас шошқа, 5090 бас түйе вакцинациялаудан өткенін айтты.

    Облыс бойынша 189 сібір жарасы ошағы көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып, қоршалып, «Қауіпті аймақ» тақтасы ілінген.

    Дегенмен, жыл басынан бері сібір жарасы ауруына күдікті ретінде 11 адамнан сынама алынып, 5 адамнан қорынтындысы оң нәтиже көрсеткен.

    Басқарма басшысы конго-қырым геморрагиялық қызбасына қарсы атқарылып жатқан дезинфекциялық шараларды да тілге тиек етті.

    Алайда, бүгінге дейін кене шаққан 18 адам КҚГҚ ауруына күдікті ретінде танылып, «Ұлттық сараптама орталығы» зерттеулерінің сараптама қорытындысымен 1 адамнан дерт анықталған.

    Осы мәселеге  қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиевтің де есебі тыңдалды.

    Облыс әкімі жұмыстардың нәтижесі көңіл көңшітпейтіне назар аудартып, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіздігін сынға алды.

    — Маған статистикалық жалпы көрсеткіштерді айтып, бәрі жақсы дейсіздер. Олай болса, ауру қайдан шығып отыр? Сату орындарына ветеринариялық анықтамасыз шеттен малдардың келуіне кім кінәлі? Жеке тұлғалардың мал өнімдерін ветеринариялық мамандардың бақылауынсыз өңдеумен айналысуына неге тосқауыл қойылмайды? Неге заласыздандыру жұмыстары сапалы әрі уақытылы ұйымдастырылмайды?

    Бұл ретте тиісті басқармалардың өзара байланысы, бірлескен жұмысының жоқтығын ашық айту керек. Жауаптыларға соңғы ескерту жасап, жұмысты күшейтуді тапсырамын,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша баядама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысының жүктеген тапсырмаларының облысымыздағы орындалу барысына тоқталды. Оның айтуынша, арнайы әзірлен іс-шаралар жоспарының жобасы 7 бөліктен тұрады, онда 35 іс-шара қамтылған.

    Аймақ басшысы Президент тапсырмаларының маңыздылығына тоқталып, облысқа қатысты негізгі бағыттарына айрықша көңіл бөліп, олардың орындалуына аудан, ауылдық округ әкімдеріне дейін белсенді атсалысу керектігін баса айтты.

    Басқосуда коронавирустың алдын алу, жылыту маусымына дайындық барысы, барлық  деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен кездесуін өткізу мәселелері де қаралды.

    Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев жылыту маусымына нысандардың дайындығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен шараларды жан-жақты баяндады.

    Бүгінгі күнге облыс нысандарының жалпы дайындығы 59 пайызды құрайды.

    Нұржан Нұржігітов жұмыс жоспарына сәйкес, барлық дайындық іс-шараларын ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін аяқтау қажеттігін, ал, 1 қыркүйекке дейін білім беру нысандарының 100 пайыз дайындығы қамтамасыз етілуі тиістігін ескертті.

    Облыс әкімі барлық мәселелер бойынша жауаптылардан жеке-жеке жауаптар алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

    25.05.2026

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.