Автор: admin
Доводим до Вашего сведения, что в сети аптек города в наличии имеются следующие лекарственные препараты: Антибиотики, ципрофлоксацины Сиспрес-250Сиспрес-500ФлапроксЦипроксЦипролет-250Ципролет-500Ципролет-200Сифлокс-500ФорцинЦифран ОДЦипрофлоксацинЦифран Противовирусные препараты для детей ЭргоферонИнговеринКагоцелАнаферонАмизонАрбидолЦитовир-3ГроприносинИРС-19ТимогенОРВИ актив Антибиотики, левофлоксацины Алево-500Дивелон-500Левозин-250Левозин-500Левозин-750Логикс-5200Тайгерон-250Тайгерон-500РемедиаОД-ЛевоксЛевоцинЛеволетЛевоксимедЛевомак-500Люфи-500ЛевояпсТаваник-500Флорокс Д Иммуномодуляторы для детей ВиферонГенферон ЛайтБета ГлюканНазоферонБета ЛайтБиофлазид Препараты, заменяющие парацетамол для взрослых ФервексТайлол фен хотТанфлексГрипгоФлюкол –СМаксигриппинНимесил Препараты, заменяющие парацетамол для детей ЭффералганМаксигриппин Акимат города Тараза
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!Бігінгі таңда қаладағы дәріханаларда вирусқа қарсы келесі дәрі-дәрмектердің бар екенін хабарлаймыз. Антибиотиктер, ципрофлоксациндер:-Сиспрес-250-Сиспрес-500-Флапрокс-Ципрокс-Ципролет-250 Ципролет-500Ципролет-200-Сифлокс-500-Форцин-Цифран ОД-Ципрофлаксацин-Цифран Балаларға арналған вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер:-Эргоферон-Инговерин-Кагоцел-Анаферон-Амизон-Арбидол-Цитовир-3-Гроприносин-ИРС-19-Тимоген-ОРВИ активАнтибиотиктер, левофлоксациндер:-Алево-500-Дивелон-500-Левозин-250-Левозин-500-Левозин-750-Логикс-5200-Тайгерон-250-Тайгерон-500-Ремедиа-ОД-Левокс-Левоцин-Леволет-Левоксимед-Левомак-500-Лофи-500 Левояпс-Таваник-500-Флорокс Д Балаларға арналған иммуномодуляторлар:-Виферон-Генферон Лайт-Бата Глюкан-Назоферон-Бета Лайт-БиофлазидЕресек адамдарға парацетамолды ауыстыратын дәрі-дәрмектер:-Ферфекс-Тайлол фен хот-Танфлекс-Грипго Флюкол-С-Максигриппин-Нимесил Балаларға парацетамолды ауыстыратын дәрі-дәрмектер:-Эффералган-Максигриппин Тараз қаласының әкімдігі
2020 жылдың 1-3 шілде күндері «Жастар» аллеясының «Сахна» алаңшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының 80 жылдығына орай Елбасының өмір жолынан түсірілген фильмдерден кинокөрсетілім ұйымдастырылды.
2020 жылдың 3 шілде күні Жабыл облысының орталығы Тараз қаласында Қайрат Рысқұлбеков саябағында көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Ұрпақ тәрбиесі ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» тақырыбында ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева, «Сән әлеміндегі «Нео-фальклор» үлгісіндегі қолөнер туындылары» тақырыбында өнертанушы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, белгілі дизайнер, «АSPARA FASHION WEEK» сән апталығының Президенті, «Асыл-Дизайн» сән үйі мен «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы А.Қалиев, «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында «Jambyl Taraz» газетінің редакциясы» ЖШС-ның директоры-бас редактор, қалалық…
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген
Осыдан бір ай бұрын өткен аппараттық кеңесте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығы мен аудандардың әкімдеріне «Жұмыспен қамтудың жол картасының» орындалуын бақылауды, азық-түлік бағасын қадағалауды және коронавирустың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Облыс әкімдігінде селектрлік режимде өткен басқосуда аталған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Тараз қаласы мен аудандарда тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау жұмыстары әлі де әлсіз күйінде қалып отыр. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында 693 оқиға тіркелген десек, олардың басым бөлігі Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарынан анықталған. Облыс әкімі бұл орайда нысандардың жұмысын тұрақты түрде қадағалауға негізделген мобильді топтардың қызметіне…
Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды , — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Баяндама барысында айтылған маңызды жаңалықтардың бірі — «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» телеарналарының ашылатыны айтылды. Министрдің айтуынша, отандық мәдени мұраларды насихаттайтын «Абай ТВ» 30 маусымнан бастап іске қосылады. Ал оқу-ағарту бағытындағы «Әл-Фараби» жаңа оқу маусымынан бастап көрермен назарына ұсынылады. — Қазір жаңа екі телеарна ашу мәселесі қарастырылып жатыр. «Абай ТВ», «Әл-Фараби» телеарнасы. «Абай ТВ» телеарнасы ертең — 30 маусымда көрерменге жол тартады. Ол «Қазақстан ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдени мұраларды насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба «Әл-Фараби»…
27 маусымда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында бірегей джип-сафари экспедициясы өтті. Онда Әулиеата жерінің қасиетті жерлерін аралаған танымал қонақтар қатарында отандық эстрада жұлдыздары, атақты спортшылар мен блогерлер болды. Аталған шара ойлағандай әсерлі әрі жоғары деңгейде өрбіді. Экспедицияның ашылуында қонақтар назарына көне жәдігерлер, халық қолөнері бұйымдары ұсынылып, ұлттық салт-дәстүрлер туралы баяндалды. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі әзірлеген көрмеге XII-XIII ғасырлардағы 50-ден астам археологиялық жәдігерлер қойылған десек, олар көне Тараздың өткенінен сырт шерте білді. Этноауылда қонақтар көшпелі қазақтардың тіршілігіне бойлай алды. Облыстық «ARAI» газетінің фотографы Алтынбек Қартабайдың фотокөрмесі өңір табиғатының сұлулығын паш етті. Сондай-ақ, «Рысбаева и К» компаниясы Жамбылдың көрнекі орындары бейнеленген сувенирлер топтамасын…
Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатырына енгізбек. Бұл туралы ресми құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланды, — деп хабарлайды Abai.kz. Премьер-министр Асқар Маминнің арнайы қаулысы қоғамдық талқылауға ұсынылған. Қаулы мәтіні кеше, 26 маусым күні жарияланған. Қоғамдық талқылау 13 шілдеде аяқталады деп көрсетілген. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы құжатта: «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін. Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапары аясында Бесағаш, Ақбұлым және Қызылқайнар ауылдық округтеріндегі бірқатар негізгі нысандарды аралап, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Бүгінде Бесағаш ауылдық округінде мал басының артуы байқалуда десек, бұл үрдіс табиғи өсіммен ғана байланысты емес. Аталған пилоттық жоба аясында жергілікті тұрғындар 4767 бас ірі қара мен ұсақ мал сатып алған. Айталық, жобаның қатысушысыларының бірі, жеке кәсіпкер Рысбек Иманалиев жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен бес миллион теңге несие алған. Ол бұл қаржыға бес ірі қара мал, бес жылқы және 10 қой сатып алдым. Қазір шаруашылықтың 15 бас ірі қара…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудан диқандары жыл сайын көл-көсір өнімге қол жеткізіп, қамбаларын толтырып алады. Бұған әуелі өздерінің еткен еңбектерімен жетсе, екінші жағынан мемлекет тарапынан берілетін көмек те оң септігін тигізуде. Ауданға ат басын бұрған аймақ басшысы алдымен Нұрлыкент ауылындағы «Гамбург» ЖШС-не барды. Егор Кох басқаратын серіктестік негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал азығын да өздері дайындайды. Ол үшін агроқұрылымда 1253 гектар суармалы жер қарастырылып, жаңбырлатып суару қондырғыларымен жарақтандырып қойыпты. Айта кетерлігі, шаруашылық бүгінде 600 гектар жерге арпа-бидай егіп отыр. Ондағы өнімді күзге дейін орып алып, орнына жүгері егеді екен. Сонда бір жерден екі өнім…