Close Menu
    Оқылып жатыр

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 26 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

      25.05.2026

      «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

      25.05.2026

      Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

      25.05.2026

      Әлемде мұнай бағасы арзандауда

      25.05.2026

      Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

      25.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті

    Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті

    КӘСІПКЕР 28.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартонмен кездесті. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов қатысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жан-Франсуа Мартон өңірлік деңгейде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екендігін білдірді.

    — Біздің облыс агроөнеркәсіптік аймақ болып саналады. Өңірдің әлеуеті зор, бұл көптеген бірегей жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Облыс халқының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

    Бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту, жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған жобаны қолдаған болатын. Бүгін ол бес бағыт бойынша жүзеге асуда. Қолдау барлығына қолжетімді. Жобаның нәтижесі, әлеуметтік әсері айтарлықтай байқалуда, – деді облыс әкімі.

    ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту мақсатындағы пилоттық жобаға айрықша көңіл бөлініп отырғандығын баса айтты. Жобаның ауқымын кеңейтіп, еліміздің барлық өңірлеріне тарату  шаралары қабылдануда.

    Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жобалары мен бағдарламаларының үйлестірушісі Қанат Қайырберлі Қазақстанмен әріптестіктің 2020-2025 жылдарға арналған негіздемелік стратегиясының іске асу барысы туралы баяндады.

    Сондай-ақ, кездесуде жол инфрақұрылымын, ирригациялық жүйелерді және әлеуметтік саланы дамыту жобалары талқыланды.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

    25.05.2026

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.