Автор: admin

Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жауапты басқармаларға коронавирустық пандемияның екінші толқынына тыңғылықты дайындалуды тапсырды. Жамбыл облысында үстіміздегі жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша 647 COVID-19 оқиғасы анықталған. Сонымен қатар, 478 симптомсыз науқас бар. Олардың басым бөлігі Тараз қаласында, Қордай, Байзақ және Жамбыл облыстарында тіркелген. — Соңғы аптада облыста 113 симптоматикалық және 290 симптомсыз коронавирус инфекциясы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіш 10 пайызға артты, — деді жиналыс барысында тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков. Инфекция ошақтарында 6 632 байланыста болған тұлға анықталды десек, оның ішінде 4 609 жақын және 2…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында кәсіпкер «Рысбаева және КО» ЖШС-ның директоры Сәуле Мақшанқызы Рысбаевамен «Елбасымен жарқын жүзді жеті кездесу» атты онлайн сұхбат өткізді. Сұхбат басында Сәуле Мақшанқызы кітапхана қызметкерлерін ірі кәсіпорынның жұмысымен, әр полиграфиялық машинаның шығу тарихы мен қағаз шығаратын көлемдерін, кітап беттейтін машиналардың жұмыс істеу тәртібімен және кәсіпорынның тарихынан сыр шертетін мұражайға қойылған құнды дүниелермен таныстырды. Сәуле Рысбаева алғаш еңбек жолын Жамбылдағы аяқ киім тігу фабрикасынан бастап, 1992 жылы жас Тәуелсіз елдің алғашқы кәсіпкерлерінің бірі болып, мөр шығару жұмысын бастайды. №139 қаулымен ашылған кәсіпорында 5…

Read More

Тараз қаласының бас университеті М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті. Жылы шырайда өткен кездесуде қатысушылар жамбылдық спортшылардың толағай жетістіктерін тілге тиек етіп, өңір спортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға сала отырып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Бердібек Сапарбаев чемпиондарға өздерінің қажырлы еңбектерімен өңіріміздің атын асқақтатып жүргендігі үшін үлкен алғысын білдірді. — Жамбылдықтар бірнеше рет Олимпиада чемпиондары атанды. Жеңімпаздардың арқасында Туымыз жоғары көтеріліп, Әнұранымыз бүкіл әлемге шырқалады. Әрине, бұл спортшылардың да, жаттықтырушылардың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сіздер өз жетістіктеріңіз арқылы жастарды ынталандырып, олар үшін үлгі боласыздар. Өз кезегінде, ел басшылығы да қазақстандық спортты дамыту…

Read More

Соңғы жылдары елімізде жұмыссыздық деңгейі 13 пайыздан 4,9 пайызға төмендеген. Бұл – жұмыссыздықпен күреске мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, мәселені шешуге дендеп кіріскеннің нәтижесі, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы Тараз қаласына 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд 965,8 млн теңге қаржы қарастырылған. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып, 405 тұрақты және 5 666 уақытша жұмыс орнымен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, қалада жұмыс басталып кетті. Екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға адалдан нан табуға мүмкіндік туды.  «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы…

Read More

Қордай ауданының әлеуметтік-эконокомикалық жағдайы жыл өткен сайын артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бізге ел экономикасын арттыруға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар жаңа міндеттерді жүктеді. Тисінше, Қордай ауданында Жолдаудың негізігі бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар аз емес. Жалпы бүгінгі күнге ауданның әлеуметтік-экономикалық, агроөнеркәсіп, мал шаруашылығы, шағын және орта бизнес, құрылыс, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет сынды салаларды дамыту аясында қол жеткізген табыстары көңіл қуантарлық. Экономикамызды өсіруге, аудан бюджетін толықтыруға үлкен сеп болатын…

Read More

Мақұлдау, бірақ орындамау. Қала бойынша жұмысын қайта дөңгелеткен сауда орындары мен көпшілік тамақтанатын мекемелер санитарлық талаптарды толық орындап отырған жоқ.Қала көшелерінде халықтың бір бөлігі қыдырып, той-тойлап жүрсе, енді бір бөлігі – өмір мен өлімнің ортасында жүр. Санитарлық нормаларды сақтау керектігін жан-жақты ескерткен мамандар енді заң аясында айыппұл салуға кіріскен. Сенбі-жексенбі күндері күшейген карантин режимін ұстанбаған бірқатар мекемелерге рейд барысында арнайы хаттамалар толтырылды. Сенбі күні қала әкімінің орынбасары Асхат Есенғалив бастаған мобильдік топ кешкі 22-00-ден кейін жұмысын тоқтатпаған тамақтану мекемелері мен сауда орындарын аралады. Рейдке полиция басқармасының өкілдері мен тауарлар мен қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау басқармасы да қатысты. Бүгінде еліміз бойынша,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, облыс әкімі 10 шағын аудандағы №16.17.17 тұрғын үйлердің аулаларын да жүріп жатқан абаттандыру шараларын барлады. Онда тұрғындар мердігерлер жүргізіп жатқан жұмыстардың сапасына қатысты шағымдарын жеткізді. Аймақ басшысымен болған әңгіме барысында тұрғындар аулаларындағы жұмыстардың екі ай бойы жалғасып жатқанына, құрылыстың сапасыздығына реңіштерін білдірді. Бұл ретте, үш ауланы абаттандыруға бюджеттен 60 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа мердігер ұйымды қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбай және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз етіп, бұл мәселені тезірек шешуге шақыруды тапсырды. Сондай-ақ, облыс…

Read More

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдау болатын күн алдын ала әлеуметтік желі бетінде жарияланған. Қабылдауға келгендер алдын ала кезекке тұрып, тиісті сұрақтарын жазбаша да беріп жатты. Қабылдауды жүргізген қала әкімінің өкілі Асхат Есеналиевке жазылғандардың бірі Әсембекова Ботагөз өз ризашылығын білдірді. Ол өзі тұратын Төле би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы арқылы жөндеуге тиісті құжаттарды жинақтап, тұрғын үй қатынастары бөліміне жеделдетіп тапсыратын болды. Екінші мәселесі есік алдындағы қураған талдарды кесуге бригаданың кезеңімен іске кіріскенін қуана жеткізді. Тұрғындарды әр сала бойынша қабылдайтын көшпелі қабылдау кешке дейін жалғасады.

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абайтану ғылымына ғұмырын арнаған абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Толық адам» ілімінің негізін қалаушы Мекемтас Мырзахметұлының 90 жас мерейтойына орай «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі, Мекемтас Мырзахметұлының ғылымдағы шәкірті, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерттеуде үлкен жұмыс атқарып жүрген зерттеуші Әлімбай Аманұлы Найзабаевпен «Ғылымға ілтипат — ғалымға құрмет» онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесуде Әлімбай Аманұлы екі дәуірде өмір сүріп, рухани тұтастық байланыстырған ұлт зиялылары Абай мен Мекемтас шығармашылығының терең дария екеніне тоқталып, Мекемтас Мырзахметұлының 123 негізгі ғылыми тақырыбы Абайтануға арналғанын, Абай шығармашылығын қуанғандар мен сынағандар, оның…

Read More

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы Тараз қаласына 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып 405 тұрақты және  5 666 уақытша жұмыс орындарымен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, шаһарда жұмыс қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға адалдан нан табуға мүмкіндік берді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізіліп, 14 млрд. 231,2 млн.теңгеге 347 жобаның жеңімпаздары анықталған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен қаладағы бірқатар мәселелер өз шешімін табуда. Қазір 163 көпқабатты үйлердің алдындағы аулалар, 96 көше мен…

Read More