Автор: admin
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Татулық пен түсіністікке, жақсылық пен жанашырлыққа шақыратын қасиетті мейрам құтты болсын. Пандемия біздің елімізде де қиын жағдай тудырды. Жақынынан айырылып, туған-туысының денсаулығына алаңдағандар қаншама. Әйтсе де, бүгінде карантин талаптарын күшейтудің арқасында коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар көрсеткіші азайып келеді. Сондықтан, қазір сақтық шараларына басымдық беру маңызды. Осы орайда, сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізге қауіп төндірмеу мақсатында Құрбан айт кезінде қаладағы барлық мешіттер жабық болып, құрбан шалу qurban2020.kz сайтында өтінім беру арқылы жүзеге асырылатынын және айт намазы оқылмайтынын естеріңізге салғым келеді. Бұл сіз бен біздің амандығымыз үшін амалсыздан қабылданып…
Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік пакеті табысталды. Еске салсақ, өткен аптада басталған аталмыш акцияның бірінші күнінде мұндай жинақ 200 отбасыға берілген болатын. Бұл жолы қаланың 11-округіне жататын Құмшағал, Шөлдала секілді аумақтағы арнайы санаттағы отбасылар азық-түлікпен қамтылды. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады. Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған.
Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы өңірдегі БАҚ өкілдерімен бірігіп, 2020 жылдың 27 шілдесінде Тараз қаласында орналасқан бірқатар дәріханалар бойынша күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көптеген дәріханаларда халық көп қолданатын антибиотиктер, вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектер табылмаған. Алайда, аталған дәрілердің орнын алмастырушы препараттар бар екені анықталды. Айта кету керек, барлық дәріханаларда бетперде жеткілікті, кезек саны азайған.⠀⠀ Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев аталған жедел штаб, Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, карантиндік режимді сақтау мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, карантиндік режимді сақтамаған Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс»…
2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қала кәсіпорындары 135 млрд 538,8 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2019 жылы – 139 765,6 млн теңге), физикалық индекс көлемі 100,0 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд 226,7 млн теңгеге кем өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (359,7 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 376,8 мың теңге болып қалыптасты (2019 жылы – 389,9 мың теңге).Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: өңдеу өнеркәсібінде 106 млрд 52,0 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 99,9% құрады (2019 жылы – 112 188,9 млн теңге);кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 414,6 млн теңге немесе нақты көлем индексі 81,7% құрады (2019 жылы…
Бүгін қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы орта мектеп директорларының жиыны өтті. «Орта мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» атты тақырыптағы жиында қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы У.Байдуанов осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар мен білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарының жай-күйі жөнінде баяндама жасады.⠀⠀ Сонымен қатар, Алмас Садубаев мектеп басшыларына жаңа оқу жылында жағдайы төмен отбасыларға компьютер үлестіру және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдайды зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, әкім орынбасары оқушылардың патриоттық, мәдени бағыттағы тәрбиесін күшейту, кітапханалардағы кітап қорын көбейту арқылы оқушыларды кітап оқуға баулу мәселесі төңірегінде бірқатар тапсырмалар берді. Жиын барысында қойылған сұрақтар…
Тараз қаласында үйі өртеніп, үш баласымен далада қалған анаға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа баспана берілді. Ағымдағы жылдың 1 маусымында Мичурин көшесінде орналасқан үйден өрт шығып, соның салдарынан Мария Кириакиди далада қалған болатын. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалпы көлемі 100 шаршы метр үй аумағының күлі көкке ұшқанын анықтады. Кәмелет жасына толмаған үш баласы бар ананың тілсіз жаудың кесірінен қиын жағдайға ұшырап, тентіреп қалғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тез таралды. Бұл оқыс оқиғаға қатысты шұғыл әрекет еткен облыстық әкімдік Марияның отбасына жатақхана ұсынған болатын. Алайда, азаматша бұл ұсыныстан бас тартты. Бірақ, облыстық және қалалық әкімдіктің атсалысуымен…
25 шілдеде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы негізгі мақсат – жергілікті жердегі ахуалды және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын барлау. Биыл Жуалы ауданында жалпы құны 4,6 млрд.теңгеге 38 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 28 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылмақ. Осы бағдарлама шеңберінде Нұрлыкент ауылында суару науалары орнатылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында өз жұмысын бастаған мердігер «Жігер» ЖШС нысанды тамыз айының аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Алайда қазірдің өзінде науаларда пайда болып үлгерген жарықтарға назар аударған облыс әкімі нысанды пайдалануға беруден бұрын кемшіліктерді жою керектігін ескертті. — Мердігер және техникалық қадағалау…
Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер және «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды. Шараның бірінші күнінде мұндай жинақ жалпы саны 200 отбасыға беріледі. Айта кету керек, карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады. Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған. Айта кету керек, аталған акция 7 күнге созылады. «Карантин кезінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында осы акцияны…
Қадірлі жерлестер! Құрметті көпшілік қауым! Әлемді әлекке салған атышулы індет соңғы кездері ел-жұртты қатты алаңдатып, әрі-сәрі қылып қойғаны рас. Салғырт әрекетіміз бен немқұрайлы ниетіміз індетті одан бетер өршіте түсті.Тіпті, біздің қоғам күні кешеге дейін «Коронавирус бар ма, жоқ па?» деген мәселені талқылап, әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі әңгімелердің өрбуіне себеп болғанын да жасыра алмаймыз. Яғни, халық осынау қауіпті инфекцияға сенімсіздікпен қарап, күнделікті тіршіліктің күйбеңімен тәртіп пен тазалықты ұмытып кетіп жатты.Енді қазіргі жағдай тіптен басқа. Қазір ел ішінде қорқыныш пен үрей басым. Халық өз өмірі мен жақындарының саулығы үшін алаңдайды.Дегенменде, сан қилы заманды бастан кешірген халқымыз қандай қиындық болса да өзінің елдігін…
Таразда карантиндік тыйым талаптарына қарамастан, түнгі уақытта сауда жасаған және санитарлық сақтық шараларын сақтамаған нысандар жазаланды. ⠀ Қалалық әкімдік, полиция және СЭС өкілдерінен құралған мониторингтік топ шаһардағы кезекті рейд жұмыстарын жүргізді. Өкінішке қарай, түн мезгіліне сауда-саттық жүргізіп жатқан азық-түлік дүкендері әлі баршылық. Олардың кейбіріне бірнеше рет ескерту жасалғаны тағы бар.⠀ Сонымен, мобильдік топ Тараздағы Әйтиев, Абай, Сүлейманов, Ниетқалиев көшелерінде жүргізген бақылау барысында аталған аумақта карантин талабын бұзған нысан анықталмаған. Алайда, Тәуке хан даңғылындағы бірнеше сауда нүктесі түн ауған шаққа дейін жұмыстарын жалғастыра берген. Мәселен, «Алатау» сауда-саттық кешені мен «Нұр» шағын маркеті карантин талаптарын сақтамаған. Тіпті, шағын маркет қызметкері тексеруші топты…