Автор: admin
Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың қабылдауына осы уақытқа дейін 11 азамат жазылды. Азаматтардың түйіткілді мәселесін тыңдаған қала әкімі Мелиоратор көшесі жол, ауыз су саласы бойынша зерделеу жүргізу үшін тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берді. Сонымен қатар базардағы кәсіпкерлер базардың жұмыс уақытын және қоғамдық көлік қозғалысының уақытын созу туралы өтініштерін жеткізді. Көшпелі қабылдауға прокуратура, полиция ХҚКО өкілдері қатысуда.
Жамбыл облысында орналасқан базарларда тұрақты түрде дезинфекциялық шараларды ұйымдастырып отыру талабының орындалуы бойынша бүгін Тараз қаласындағы ірі базарлардың бірі «Ауыл Береке» базарындағы жағдайға бақылау жүргізілді. Жалпы базар аумағы 11,1 гектарды құраса, оның ішінде сауда алаңы 74 мың шаршы метрді құрайды және барлығы 3 мыңнан аса сауда орындары бар.Базар басшылығының ұйымдастыруымен бүгін барлық сауда орындарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, бұл жұмыстарға 22 жұмысшы жұмылдырылды.
Құрметті қала тұрғындары! Мемлекеттік бағдарламалар қала шеңберінде қалай орындалуда? Жобалардың жүзеге асырылуы мен жай-жапсары жайлы түсіндіріп өтсек. Алдымен сіздердің назарларыңызға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қала бойынша орындалу барысы туралы баяндаймыз. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы Таразда 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып 405 тұрақты және 5 666 уақытша жұмыс орындары ашылмақ. Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, қалада жұмыс басталып та кетті. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізілді. Оған 14…
Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция бірлесе рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд нәтижесінде карантин режимін бұзып, рұқсатсыз жұмыс істеп тұрған 1 бассейн, 2 автокөлік жуу орталығының егелеріне айыппұл салынды. Қалалық штабқа мамандар тарапынан аталған бизнес нысандарын жабу туралы өтініш жазылып, өзге кафе, ресторандарға карантин нормаларын сақтау бойынша ескерту жұмыстары жүргізілді.
Бүгін Тараз қаласының «Қант зауыты» аумағында қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аталған шараның мақсаты облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып, жергілікті атқарушы орган басшылары халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болатын. Алқаптың тұрғындары жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, тұрғын үй шаруашылығы саласы бойынша сұрақтарына жауап алып, аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар Тараз қаласының прокуратура, жергілікті полиция, ХҚКО-ның мамандары тұрғындармен тілдесіп, жеке мәселелерімен қабылдау өткізіп, тиісті жауабын беретінін жеткізді. Ашық аспан астында өткен шара көптің көңілінен шығып, осындай қабылдаулар көптеп ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Аталмыш шара…
2020 жылдың 15 маусым күні сағат 10.00-ден бастап «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабы, Целиноград көшесіндегі «Дәмді себет» сауда орталығының алдында қала әкімі, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері тарапынан көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәліметінше, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 300-ге жуық әртүрлі жоба онлайн форматқа көшірілді. Бұл турал inbusiness.kz хабарлайды. «Барлық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында танымдық форматта тақырыптық іс-шаралар, конференциялар, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу конкурстары, поэзия кештері, семинарлар және басқа да әртүрлі форматты іс-шаралар онлайн режимінде ZOOM, BBB, Classroom, Teams, Webex платформаларында және әлеуметтік желілерде өткізілді. «Абай және рухани мұра» атты халықаралық конференциясы да Zoom-да өтті. Оған шетелдік және қазақстандық абайтанушы ғалымдар қосылды», – деді министр. Сондай-ақ, Абайға арналған спектаклдер онлайн режимде театрлардың ютуб каналынан көрермендерге жол тартуы тиіс.…
2020 жылдың 5 айында Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Өңірде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», ИИДМБ, «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да даму бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономиканың барлық дерлік сегментінде оң қарқын байқалады – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғада ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы 2,9%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6%-ға, құрылыс көлемі 8,7%-ға өсті. Биыл Жамбыл облысында 550 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі, 34 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша 23 жоба іске асырылуда,…
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өмірін шығармашылыққа арнаған жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлымен «Сөз майданының сардары» атты онлайн сұхбат өтті. Сұхбат барысында Көсемәлі Сәттібайұлы бала арманының жетектеп алып қала Алматыға апарғанын, Ұлттық университетте қазақтың ұлы ұстаздарының дәріс алғанын, алғаш қызмет жолын аудандық газеттен бастағанына тоқталды. Журналистикада жүрген жылдарын, оның ішінде Шыңғыс Айтматов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов тағы да басқа алып тұлғалармен болған сұхбатын, мақала жазудағы үлкен ізденістерін, жазуға адалдық, өмірдегі тәжірибесімен бөлісті. Отбасы жылулығы, құндылығы, бала тәрбиесі төңірегінде келелі ой қозғап, ел намысын қорғап жүрген боксшы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Олжастың Әлем чемпионы,…
Жамбыл облысы бойынша бүгінгі таңда 894 ҮЕҰ жұмыс істейді десек, олардың белсенділері маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тұрақты түрде атсалысып келеді. Биыл 130-дан астам жобаны іс жүзінде нақты жүзеге асыруға бюджеттен бір миллиард теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы мәселелерді бірлесе шешуі тиіс. Бұл туралы өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерімен өткен кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баса айтты. Аймақ басшысының қоғамдық бірлестіктер жетекшілерімен алғашқы ресми кездесуі болғандықтан басқосуда сөз алғандардың қарасы қалың болды. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлдара Нұрымова бірлестіктің жұмысы туралы қысқаша баяндады. Сонымен қатар ол әйелдер альянсы биліктің өкілетті органдарындағы өз үлесін…