Автор: admin
Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 119 дерегі тіркеліп отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өңірдегі медицина саласының мамандары қауіпті індетпен мейлінше күресуде. Осы уақытқа дейін облыста біраз азаматтар ауруынан айығып, аман-есен отбасыларына оралуда. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда өңірде 45, 50 және 75 жастағы үш әйел азаматы емделіп шыққан. Үш тұрғын да коронавирус індетін жұқтырған науқастарға арналған стационарға 14 сәуір күні әртүрлі жағдайлармен түскен. 75 жастағы Қордай ауданының тұрғыны қауіпті инфекцияны туысының жаназасында жұқтырған болып шықты. Ал, 50 жастағы екінші емделуші науқаспен байланыста болған кезде инфекция жұқтырып алған. Сонымен қатар, 45 жастағы үшінші адам Ресей…
Ардагерді мерекесімен құттықтады Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Муталип атаны Тараз қаласының әкімі төл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жауынгер ардагерлерді төл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды. Мұндай құрметке бөленген жандардың бірі — Ұлы Отан соғысына қатысушы Ережепбай Муталип. Тоқсан беске аяқ басқан қарияға қала әкімі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан мерекелік ыстық лебізін білдіріп, лайықты құрмет көрсетті. Бүгінде қалада 33 ҰОС ардагері бар. Бұлардың әрқайсына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты, мерекелік сыйлықтар табысталды. «Талас ауданынан 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сапары Талас ауданындағы бірнеше кәсіпорынға барумен жалғасты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобалық қуаттылығы 700 миллион текше метр болатын «Амангелді Газ» ЖШС жыл сайын 355 миллион текше метр көгілдір отын өндіруде. Алдағы бес жылда компания өндіріске 42 миллиард теңге қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Ал барланған газдың қоры 16 миллиард текше метрді құрайды, мұны теңгемен бағалағанда, 59 миллиардқа дейін жетіп жығылады. Қазіргі таңда зауытта 385 адам жұмыс істейді, олардың 80 пайызы жамбылдықтар. Ауысымның ұзақтығы – екі апта. 135 адамға арналған жатақханасы, асханасы, футбол және волейбол алаңдары тағы бар. Мұнда облыс әкімі…
Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек. Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек…
Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевпен кездесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір ғана «Ерке сылқым» күйінің өзі Әбдімомын Желдібаев есімінің дәстүрлі музыка өнерінің тарихында мәңгілікке қалуына, халық композиторының шын мәнінде даңқы асқақтап тұруына жеткілікті еді. Бірақ ол бұл тамаша туындысынан басқа да 70-тен астам күйлер мен әнді өмірге алып келді. Оның «Арман құстары», «Абай Арманы», «Жамбыл толғауы» және басқа да керемет шығармалары тыңдармандардың жүрек төрінен орын алған. Композитор туындыларынан Ұлы дала перзенттерінің кең әрі таза болмысы, асқақ рухы, еркіндікті сүйетін дархан мінезі көрініс тауып отырады.…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Сапарбаев барған алғашқы нысан 505 гектар аумақты алып жатқан «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы болды. АЭА тікелей инвестицияларды тарту, 16 жоғары технологиялық химия өндірісін ашу мақсатында құрылған. Жоба құны – 37,2 миллиард теңге. Қазіргі уақытта мұнда бір ғана зауыт, яғни тек 1,7 миллиард теңгенің өнімін өндірген «ХИМ-плюс» ЖШС жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек жалпы сомасы 631,9 миллиард теңге болатын тағы алты жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бойынша Бердібек Мәшбекұлы былай деді: «АЭА құрылғаннан бастап жеті жыл ішінде бір ғана өндіріс іске қосылған! Сіздер менің…
Тараз қаласы әкімінің өкімімен аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін анықтайтын арнайы 13 мобилдік топ құрылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері бекітілген аумақтағы сауда орындарын, көшелерді аралып тұрғындардың тазалық жұмыстарына қаншалықты белсенділік танытқанын анықтауда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Төтенше жағдайға байланысты 1937 сауда нысандар жабылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері крантиндік режимнен шығуға рұқсат берілетін нысандардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруде. Кәсіпкерлер өзінің аумығын көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, дүкенін сырлап, әрлеп, арықтарын қоқыстан тазалау тиіс. Арнайы санитарлық құралдармен жабдықтап, әкімдікпен мемарандумға отыруы шарт. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда мобилдік топ мүшелері кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға құқылы. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Акимат города Тараз (@akimat.taraz)…
Жамбылдықтар ауыз бекіткен азаматтар мен отбасыларға жеткізіп беру арқылы ауызашар ұйымдастырды. Жамбыл облысында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Рамазанның алғашқы аптасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы маңындағы Шөлдала ауылында және Қарасу 5-мөлтек ауданындағы және Төлеби көшесіндегі жатақханаларда тұратын тұрғындарының ішінде ауыз бекіткен 500 адамға ауызашар таратты. Қазіргі карантин жағдайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, әрбір ауыз бекіткен азаматқа арнайы ауызашар мәзірі алдын ала әзірленіп, облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері мен волонтерлар жеткізіп берді – деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Облыстың бас имамының…
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапары барысында Төле би ауылы мен Шу қаласының ортасында бой көтерген Салтанат сарайын сын тезіне алды. Өйткені мұндай нысанға деген ешқандай қажеттілік жоқ. Сондықтан облыс әкімі оны Оқушылар сарайы секілді тиімді мақсаттарға пайдалануды ұсынды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өз кезегінде өңір басшысы аудандық аурухана мен емхананың, Жаңажол ауылында орналасқан сүт цехының тыныс-тіршілігімен танысты. Мәселен, мақсары майын өндіретін «КазИрАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Аз ғана уақыт ішінде аяғына нық тұрған кәсіпорын бүгінде өз өнімдерін Еуропа және Азия елдеріне экспорттайды. Алайда шикізатпен қамтуда мәселе туындап тұрады екен. айталық, өткен жылы жергілікті диқандар мақсарыдан өте аз өнім…
Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2,№4,№22,№16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда. Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады. Сондай-ақ, сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты. Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі…