Автор: admin

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларымен кеңес отырысын өткізіп, онда өзекті мәселелер сараланды. Аймақ басшысының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы есеп берді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші кезекте коронавирустық инфекциямен күрес және аймақтағы шектеу шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, күн тәртібінде көктемгі-дала жұмыстарының орындалу барысы, карантин режимі жағдайында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтірудің алгоритмдері қаралды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында жобаларды жедел және тиімді іске асырудың маңызы зор. Аталған жобалар, оның ішінде газ және сумен жабдықтау, аумақты…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавируспен күрес, ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және өңірдегі карантиндік шараларды іске асыру. Сонымен қатар, Президенттің азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тің жұмыс режиміне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету, егіс жұмыстары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер қозғалды. Облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының тіркелуіне байланысты 6 сәуірде Қордай ауданында, 7 сәуірде – Тараз қаласында және 9 сәуірде аймақтың барлық аумағында карантин режимі енгізілген болатын. 17 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Бүгінде облыс көлемінде, соның ішінде Тараз қаласында карантин режимі енгізіліп отырғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Күні бүгінге дейін тиісті мекемелермен көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын таба бермек. Ал ертеңнен бастап карантин режимі күшейтіле түсетінін хабарлаймын. Өйткені, еліміздің ең бірінші байлығы – адам, оның денсаулығы десек, қазіргі жағдайда біз азаматтарымызды аман-есен сақтап қалу үшін қатаң шараларға баруымызға тура келіп тұр. Бұл шаралардың барлығы, айналып келгенде тұрғындар игілігі үшін жасалып жатқан іс екенін жете түсінсеңіздер дейміз. Ертеңнен бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктер толықтай тоқтатылады. Карантинге дейін 43 бағыт бойынша 442 автобус жүріп тұрған болса,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова және Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына ат басын бұрған өңір басшысы ондағы оқу кабинеттері, жатақханалар, акт және спорт залдарымен танысты. Оқу ордасында үш жүзге жуық оқушы білім алуда. Олардың білім көрсеткіштері үнемі жақсы деңгейде. Түлектердің көпшілігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде грант бойынша білім алуда. — Лицейде оқыту ісі тиісті деңгейге қойылғаны белгілі. Мұндай оқу орындарын біз кеңейтіп,…

Read More

Жамбылда жұптасып қаржы жымқырған ерлі-зайыпты әкім-кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкере болды. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаев заңды некедегі әйелі Марал Есқожаның «Жарық құрылыс компания» ЖШС-на бір көзден 11 мәрте, жалпы сомасы 23 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырысты жеңіп алып берген. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дәурен Сәбиевтің айтуынша, әкімнің осынау іс-әрекеті ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабы 1-бөлігі 2,4 және 5 тармақтары бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіру деп бағаланған. Осыған орай оның үстінен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі қарап, сәуірдің 9-ы күні кеңес отырысының…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелер талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында облыс бойынша 114,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптегі өнім көлемінің индексі 97,9 пайызды құраған. Экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне «Қазфосфат» ЖШС зауытындағы пештің және Тараз бен Меркі қант зауыттары жұмыстарының тоқтауы әсер еткен. Бюджет кірісіндегі көрсеткіштер де ойдағыдай емес. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының хабарламасында көрсетілгендей, жергілікті бюджеттің…

Read More

В период чрезвычайного положения в связи с коронавирусной инфекцией сотрудники Департамента полиции Жамбылской области переходят на пешее патрулирование, к которому также привлечены дополнительные силы воинской части 5513 Национальной гвардии Республики Казахстан и военной полиции Таразского гарнизона. С сегодняшнего дня Департамент полиции области будет акцентировать внимание на усилении пешего патрулирования как одного из наиболее действенного метода профилактики и предупреждения, а также оперативного реагирования на факты правонарушений на улицах и в общественных местах. В состав пешего патруля входит один офицер полиции и два военнослужащих. Пешие патрули должны держать в поле зрения обстановку по всему периметру вверенной им территории, включая и труднодоступные места…

Read More

Басшыларының немкеттілігінен өзіне коронавирус індетін жұқтырдым деп санайтын Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның әлеуметті дүр сілкіндірген әлеуметтік желідегі жазбасы негізінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жүргізген тексеру кезінде ауруханадағы басқа да былық-шылықтар анықталыпты. Нәтижесінде ауруханада ойларына келгендерін істеп келген Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушы мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының балдыздары, Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бас есепші қызметтерінен қуылды. — Комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі…

Read More

Жамбыл облысы Меркі ауданының ақ халатты абзал жандарына қатысты істің нүктесі қойылғандай. Апта басында әлеуметтік желіні  шулатқан дәрігерлердің шағымын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жеке бақылауына алып, толыққанды тексеріс жүргізген болатын. Нәтижесінде аудандық ауруханада білгенін істеген басшы мен оның қосшылары қызметімен қош айтысты.   – Комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының өз кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарағандығы себеп болған, – деді Е.Жылқыбаев. Жол берілген заң бұзушылықтар үшін аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Д.Нүсіпбаев, бас дәрігердің…

Read More

Жамбыл облысының тұрғыны коронавирустан жазылып шықты Жамбыл облысы Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан сауығып шықты. Қырғыз Республикасынан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын. Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады. Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды. Он енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады. Сондай-ақ, бұған дейін ауруы анықталған жүк тасымалын жүзеге асыратын 1958, 1975, 1984 жылдары туған қырғызстандық үш азамат өз Отанына жіберілді. Олардан мемлекеттік шекараны өту кезіндегі тексеріс барысында коронавирус анықталған. Арнайы автокөліктермен олар шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай Қырғыз…

Read More