Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Танымал саясаткердің ұлы шетелдіктерге қазақ тілін екі айда үйретіп жүр

    Танымал саясаткердің ұлы шетелдіктерге қазақ тілін екі айда үйретіп жүр

    Ел іші 24/08/2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook парақшасында қазақша еркін сөйлей алатын шетел азаматының видеосын жариялады. Айтуынша, Иуан Смит есімді австралиялық жігітке екі айда қазақ тілін үйретіп шыққан өзінің ұлы Әли Жұмалы.

    Әли Алматы қаласында дүниеге келген, 22 жаста. Қазақ мектебін тәмамдаған.

    «Кезінде ұлдарым Қазақи ортада өскені үшін дипломатиядағы карьерамды тастағаным бар. Әрине, оған басқа да себептер болғанын жасырмаймын. Бүгінде Қазақ мектебін аяқтап Азамат бола бастаған құлындарыма қарап сол шешімім дұрыс болғанын тағы да көріп отырмын. Өмірімдегі ең басты жетістігім осы болар», — деп эазады саясаткер Facebook парақшасында.

    Расул Жұмалы Иуан Смиттің қазақ тілі сабағын онлайн оқығанын айтады. Ол небәрі екі айдың ішінде тілді жоғары деңгейде меңгерген азаматқа қол соқты.

    Алайда саясаттанушы қынжылысын да жасырмады.

    «Мынау Иуан Смит деген Австралияның жігіті. Ұлым Али оған қазақ тілін интернет арқылы үйретіп, екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады», — деп жазды Расул Жұмалы әлеуметтік желіде.

    Видеода Иуан Смит қазақ тілін өзіне тіл үйрену ұнайтындықтан және Қазақстанға қыдырып келу мақсатында оқып жатқанын айтқан.

    Оның ойынша, бір мемлекетте тұрсаң, сол елдің тілін білуге тырысу керек.

    «Егер бір адам шет тілінде сөйлей алмаса, ол проблема емес. Бірақ адам шетелде тұрса, сол елдің тілін үйренуге тырысуы керек», — дейді ол.

    Қазақша сөйлеген шетел азаматына сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

    «Қандай тамаша. Үйренген ұнайды депті. Тілді жақсы көрген адам үйренеді демек. Балаңыз шебер оқытушы екен», «Бәрі ниетке байланысты», деп жазды олар.

    Иуан Смиттің мұғалімі Әли Жұмалы шетелдіктерге арнайы платформада қазақ тілінен сабақ береді. Оның студенттерінің қатарында Америкадан, Австралиядан, Филиппиннен, Австриядан онлайн оқитындар бар. Әлидің айтуынша, ол қазақ тілін шетел азаматтарына өзінің авторлық әдісімен үйретеді.

    Қазақ тілін мүлде білмейтін студенттерге алдымен әріп үйретемін, одан кейін базалық сөздер мен тіркестерді (сәлем, сау бол, рахмет, т.с.с), етістіктің шақтарын меңгереді. Сіз бен сен-нің айырмашылығын біледі. Содан кейін үндестік заңына көңіл бөлеміз. Осыдан соң бірден сөйлем құрайды. Мен олардың бір сабақта сөйлем құрап, сөйлеп кетуіне уәде беремін», — дейді тіл үйретуші маман.

    Әли Жұмалы осы күнге дейін 20 шетелдікке қазақша сөйлеуді үйреткен. Ол әрқайсының тіл үйренуге талпынысы жоғары болғанын айтады.

    «Иуан Смит бұрын Мәскеуде тұрып, орысша біраз біліп алған. Қазір ол Сеулде оқып жатыр. Болашақта Қазақстанға келмекші. Одан бөлек келер жылы елімізге елшілікке қызметке келу мақсатында тіл үйреніп жүрген ерлі-зайыпты студенттерім бар. Көпшілігі Қазақстан туралы интернеттен біліп алып, қыдырып келуді жоспарлап жүргендер», — дейді Әли өз студенттері жайында.

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.