Автор: admin

Джек Ма Азиядағы ең бай адам болып танылды, — деп хабарлайды Fortune. Басылымның мәліметінше, осыған дейін ең бай адам ретінде саналған үндістандық кәсіпкер Мукеш Амбани 5,8 миллиард доллардан айырылып қалған. Forbes дерегіне сүйенсек, Амбанидың байлығы 41,8 миллиард долларға бағаланып отыр. Бизнесмен әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде 19-орында тұр. Ал Джек Маның активтері 44,5 миллиард долларға бағаланып отыр, яғни 17 205 триллион теңгеге.  Бірақ, басылымның мәліметінше, коронавирус әлемдік компаниялардың табысына кері әсерін тигізіп жатыр. Өткен аптаның өзінде әлемнің ең бай адамдары 18,8 миллиард доллардан аса ақшадан айырылған.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді, — деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі. «Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады», — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Read More

«Валюта айырбастау орындарында долларды сату тоқтатылды» деген ақпарат шындыққа жатпайды. Қазақстан валюта айырбастау орындары қауымдастығының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Кез келген валюта еркін саудаланып жатыр. Ақша жетіспеушілігі туралы мәселе туындаған емес дейді қауымдастық президенті Аршын Ғалымбаев. Бүгін кейбір ақпарат құралдарында ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюталарды сату және сатып алу тоқтады деген ақпараттар тараған болатын. Осы қауымдастықтың өкілі Данияр Әбдірахманов Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген сұқбатында «Доллар сатып алуға байланысты дүрбелең болған емес» деп мәлімдеді. Қазақстан валюта айырбастау орындары қауымдастығында жұмыс істейтін маман шетел валютасына деген сұраныстың әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. «Қазір сұраныс туралы айтсақ, ақша өткізетіндер оның құны өсіп қала ма…

Read More

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін. «Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері», — деді Бекшин. Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.

Read More

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында 11 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғалар болды. Барлығы Сортөбе ауылындағы жаппай төбелестен басталды. Кейінірек төбелескендер көрші жатқан Масанчи ауылына барып, үйлер мен дүкендер, көліктер және жанармай бекеттерін өртей бастаған. Жергілікті тұрғындарға жойылған мүлікті қалпына келтіруге уәде берілді. Қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатыр және қайғылы оқиғадан бастап ауданда не өзгерді? Tengri TV тілшілерінің видеосын тамашалаңыздар.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, — деп хабарлайды  Ақорда. Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Алтай Көлгіновтің айтуынша, былтыр елордада 2500 үлескер қаржы құйып, даулы мәселеге айналған 10 үйдің құрылысы аяқталған. Биыл 20 үйді пайдалануға беріп, 7 мыңға жуық үлескердің проблемасын шешу жоспарланып отыр. Президент үлескерлерге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстау, сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын дамыту және абаттандыру, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы қала тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік проблемаларды шешу, қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін пәтерлердің…

Read More

Thai Airways әуекомпаниясының ұшағында Қытай азаматшасы стюардессаға қасақана жөтелген, — деп хабарлайды Fox News. Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 6 наурызда Шанхайдағы Пудун әуежайында болған. Коронавирусқа байланысты тексеріс жүргізу үшін Thai Airways әуекомпаниясының ұшағы 7 сағатқа кешіктірілген. Осыған байланысты жолаушылардың бірі ұшақ қызметкерлеріне ашуланып, стюардессаға қасақана жөтелген. «Біз ұшақтың есігін аша алмай қойдық. Содан жолаушылардың бірі ашуланып, ерсі қылық таныта бастады. Қызметкерлерімізідң біріне қарап әдейі жөтеле бастады. Тынышталған кезде ғана біз оған ұшақтың кешігу себебін түсіндіре алдық», — дейді Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы. Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше,…

Read More

Коронавирустың кесірі бәрі. Ағылшын премьер-лигасы матч алдында футболшылар, төрешілер арасында қол алысатын ескі дәстүрге уақытша тыйым салды, — деп хабарлайды eurosport.ru. «Осы демалыстан бастап ойыншыларға бір-бірімен де, төрешілермен де қол алысу болмайды. Дәрігерлер «енді амандаса беріңдер» деген рұқсат бермейінше осындай шектеу енгізілді. Коронавирус ауыз бен мұрыннан шығатын көзге көрінбес тамшылар арқылы тарайды, сондықтан қол алысу арқылы ауру жұғуы бек мүмкін. Командалар енді бұрынғыдай Премьер-лиганың ресми музыкасы ойналғанда сапта тұрады, сосын бірақ алаң иелерінің ойыншылары кері бұрылып, қарсыластарының қолын алмастан жанынан өте шығады», – делінеді АПЛ мәлімдемесінде. Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 98 мың адамға жақындап қалды, 3,3 мыңнан астам қайтыс болды.

Read More

Бүгін «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің қолөнер шеберлерінің орталығында ұлттық өнерімізді дамытып, отбасының табыс табу көзіне айналдырып отырған қыз-келіншектері қолдау мақсатында әйгілі этнодизайнер, республикалық «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі Ырза Тұрсынзаданың шәкірттерінің көрпелеріне арналған ақысыз алаң ашылды. Ақысыз алаңда қыз-келіншектердің қолөнер бұйымдары сатылымға ұсынылатын болады.

Read More

В Международный Женский день 8 Марта необычным образом выразили свою любовь женщинам-полицейским их дети. Они сделали селфи со своими любимыми мамами и отправили их в социальные сети. Наблюдая за каждодневным нелегким трудом своих матерей, дочери и сыновья сотрудниц полиции решили через соцсети высказать искреннее уважение, безмерную гордость за любимых мам и ее профессию, признаться в том, что хотят быть похожими на них. Сегодня во многих подразделениях Департамента полиции Жамбылской области служит 171 представительница прекрасного пола. Большинство из них имеют детей и успешно совмещают служебную деятельность с семейной жизнью, успевая не только безупречно выполнять возложенные на них обязанности по работе, но…

Read More