Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Танымал видеоблогер Қордай, Меркі мен Шу даласының сұлулығын әлемге паш етті

    Танымал видеоблогер Қордай, Меркі мен Шу даласының сұлулығын әлемге паш етті

    Өңір тынысы 25.05.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының тумасы Әділет Рахметолла бүгінде танымал фото және видеоблогер. Оның Instagram желісіндегі парақшасында 127 мыңнан аса оқырманы бар. Фотоаппарат пен камераға деген қызығушылығы бала күнінен оянған ол еліміздің тұмса табиғатын түсіріп, халықпен бөліскенді ұнатады. Халық арасында блогерді «дронның атасы» деп те атап кеткен.

    — Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев атындағы ауылда тудым. Анам мұғалім, әкем мал шаруашылығымен айналысады. Фото, видео түсіруге мектеп жасымнан қызықтым десем болады. Оған әкемнің Тұрған есімді інісі себеп болды. Ол кісі 1989 жылдары Германияда әскери борышын өтеп, 1993 жылы Қазақстанға оралды. Германиядан әртүрлі камера алып келді. Тұрған ағам сол жылдары ауыл-аймақты, Алматыға келіп, бәйгелерді, арасында тойларды түсіріп жүретін. Тұрған ағам 1993 жылдары алып келген камераларымен 11 жылдай түсірді. Мен ол кезде кішкентай баламын. Ол кісі мені қатты жақсы көретін. Үнемі мені жанынан тастамай ертіп жүргендіктен камерасын көріп өстік. Солай қызығушылық ояна бастады.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

    Кейіннен жетінші сыныпта оқып жүргенде суретке түсіруге қызыға бастадым. Бірақ ол кездері суретке түсірерде адам тұрса болды. Ешқандай тәжірибе жоқ. «Қара» дейсің де түсіре бересің. Мектептегі барлық шараны түсіретінмін. Мен сол суреттерді орталыққа барып, 25 теңгеден шығарып, ауылдағыларға 100 теңгеден сататынмын.

    Ағамның арқасында бастапқыда ауылда түсіріп жүрдім. Мектеп бітіргеннен кейін Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық зерттеу университетіне «құрылысшы» мамандығы бойынша оқуға түстім. Студент кезімде жұмысымды оқумен қатар алып жүрдім. Сол кездері әкемнің інісі Ғани Медет деген танысының студиясына жұмысқа орналастырған болатын.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

    — «Көзді ашқаннан камера көріп өстім» деген екенсіз. Фото, видео түсіру сіздің салаңыз екенін қашан түсіндіңіз?

    — Негізі бала кезімнен сезетінмін. Жалпы мектепте география ең сүйікті пәнім болатын. Ізденіп, картаны зерттеп, қызығып жүретінмін. Бүгінде Қазақстаның түкпір-түкпірін, табиғатын түсіріп жүргенімнің бір себебі де сол шығар. Табиғатты объективтің көмегімен ғана көрсете аласың. Қазақстан көркем жерлерге бай. Соны халыққа көрсету арманым болды. Ата-анам «қатарыңнан қалма, оқуға түс» деді. Шыны керек, ата-анамды кінәлап отырған жоқпын. Меніңше, көптеген отбасында сондай. Негізі баланың өз қызығушылығына қарай оқуға түсірген дұрыс деп ойлаймын.

    Өз басым құрылыс, мал шаруашылығы жағынан алыс болдым. Тек фото, видеоға қызықтым. Қазір ата-анам жұмысымды жақсы көретінімді түсінеді, іссапарға, түсірілімге шықсам қуана-қуана шығарып салады.

    — Парақшаңызды қазақша жүргізесіз. Аудиториясы орыс тілді болғандықтан парақшасын орыс тілінде жүргізіп жатады. Сіз парақшаңызды жүргізе бастағанда ондай ой болған жоқ па?

    — Әрине, бастапқыда ондай ой болды. Шыны керек, орысша өте жақсы сөйлеймін деп айта алмаймын. Өзім 100 пайыз қазақша сөйлейтін ауыл ортасында өстім. Парақшамды енді жүргізе бастағанда «Қазақша жүргізген қалай болар екен? Орысша да жазу керек еді» деген ой болды. Сөйлемесем де жазуға болар еді. Бірақ өз басым оны қаламадым. Кейіннен бұл шешіміме қатты қуандым. Себебі маған өзге ұлт өкілдері, орыс тілді адамдар да тіркеле бастады. Алдағы таңда ағылшын тілін қатар алып жүру ойда бар. Парақшамды қазақ тілінде жүргізуімнің бір себебі — қазақ тілінің дамуына септігім тисе деймін. Қазақтың тілінде салт-дәстүрі, қазақи тәрбие жатыр. Бірінші тілді түзеу керек секілді.

    — Видеоларыңызды өзіңіз өңдейсіз ба әлде командаңыз бар ма? Жалпы қазір өзіңізге жұмыс істейсіз бе әлде продакшн бар ма?

    — Бұған дейін біреуге де, жеке де жұмыс істедім. Қазір жеке жұмыс істеймін. Командамда жалпы 4 адам бар. Видеоға көбіне өзім түсіріп, мүмкіндігінше өзім монтаж жасаймын. Тек дронмен емес, камераны да қолданамын. Бірақ Instagram парақшама көбіне дрон арқылы түсірілген видеоларды саламын. Сондықтан көп адам «дронбегі», «дронның атасы» деп кетті. Монтаж қиын немесе ұзақ болып, үлгермей кетсем, командамдағы адамдарға беремін. Мамандығыма байланысты қосымша курстар оқымадым. Бәрін тәжірибе, сын арқылы үйреніп келе жатырмын. Әлі де білмейтініміз көп. Көпті көрген ағаларымыздың, достарымның кеңесін тыңдаймын. Жалпы бір нәрсені қолға алып, оны бітіргеннен кейін ең алдымен басқа адамдарға көрсетемін. Содан кейін ғана шығарамын. 

    — Natgeo-ның қазақстандық парақшасында жарияланған бала суретінің тарихы туралы айтып берсеңіз. Оны түсіру туралы ой қалай келген еді?

    — Ол қайырымдылықпен айналысатын, тәрбиесі қиындау, ата-анасынан айырылып қалған балалармен жұмыс істейтін «Салиқалы ұрпақ» атты қордың түсірілімінде жасалған сурет. Сол кезде сондай идея келді. Негізі ол жерде әртүрлі бала бар. Бала әдемі болғанымен, сенің суретіңді ашпауы мүмкін. Пансионаттағы балалар айтқаныңды қағып алады екен, бәрі жақсы тәрбиеленген. Ол араларындағы бір баланы таңдап пайда болған сурет. 

    — Сапалы контент үшін сапалы техника керек. Жұмысыңыз үшін сатып алған ең қымбат техникаңыз қандай?

    — Жалпы қазір қолданып жүрген дрон — үшіншісі. Біріншісін астанадағы түсірілімдердің бірінде ғимаратқа соғып, сындырып алдым. Артынша тағы бір дрон алдым, оның бағасы шамамен 750 мың теңге. Кейіннен тағы біреуін сатып алдым. Алматыда коронавирус өршіп, карантин режимі жарияланған кездерді сол арқылы түсіріп жүрдім. Кейіннен ол Көлсай көліне батып кетті, оны таба алмадым. Тағы бір дрон аламын ба деп ойланып жүргенде жанашыр бауырларымыз өздері сатып алып берді. Кейде қажет техниканы жалға да аламыз.

    — Сізге видео түсіруді үйретуді өтінемін жастар көп шығар. Курстар ашу жоспарда бар ма?

    — Курс өткізу әрине жоспарда бар. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты өз басым онлайн өткізгім келмейді. Пандемия аяқталғаннан кейін оффлайн түрде өткізгім келеді. Білгеніңді үйреткен жақсы ғой.  

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.