Автор: admin
eGov.kz порталында әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік қызметтері қолжетімсіз, — деп хабарлайды ҰАТ баспасөз қызметі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы» өкілдері ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары жүргізген жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұсынатын мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында 2020 жылы қаңтардың 6-7 аралығында қолжетімсіз болатынын хабарлайды», — делінген хабарламада. Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша электрондық қызметтер, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген кезеңде жұмыс істемейді.
Филадельфиядағы Темпл университетінің ғалымдары куркуминнің қабынуға қарсы және антиоксидант қасиеттері қатерлі ісікті жоюға қабілетті екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды «МедикФорум». Ғалымдар мұндай тұжырымдаманы 1924 жылдан бері шыққан куркуминнің қасиеттері туралы жазылған ғылыми жұмысты зерттей келе анықтаған. Барлығы 12 595 есеп іріктеліп, куркуминнің қатерлі ісікке әсері жайлы 4738 құжатқа куәлік берілген. Америкалық зерттеушілердің сөзінше, куркума қатерлі ісіктің көзін жоюға ықпал етеді және қоректік заттарды жаңа өскіндерге жеткізудің алдын алады, сондай-ақ сау жасушалардың өлуінің алдын алады. Лаборатория зерттеулерінде куркумин қатерлі ісіктің сегіз түрінің өсуінің алдын алған. Куркума — зімбір тұқымдас көпжылдық шөп өсімдіктерінің түрі. Куркуманың емдік қасиеттері Индостан түбегінде ежелден белгілі. Куркума организмді тазартады деп есептелді.
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында елорданың бірқатар медициналық нысанды аралады, — деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Министр Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасында болып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы медициналық мекемедегі пациенттердің тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Қазіргі таңда аурухана бөлімшелерін басқа жерге көшіру үшін екі корпуста жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: гинекологиялық корпус және жеті қабатты ғимарат. Тексеру барысында Елжан Біртанов қажет емес бөлмелерді оңтайландыру арқылы ауруларды қабылдау бөлмесінің ауданын ұлғайтуға назар аударды, сонымен қатар жедел және жоспарлы түрде келетін…
Жамбыл облысы Мерке ауданындағы «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. «5 қаңтар күні сағат 19:26 Мерке ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 шақырым жердегі «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станция аумағынан өрт шықты. Автоцистернадан шыққан газдан өрт тұтанған. Шыққан жалын операторлық ғимарат пен оның қасында жапсарлас орналасқан дүкендерді шарпыған. Өрт сағат 19:56 ауыздықталып, сағат 20:33-де толық сөндірілді. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген» — делінген комитет хабарламасында. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Оқиғаның басқа да себептері анықталып жатыр.
Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. Өсербаеваның айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәйітті жеткізу шығындарын көтерген. «Еламанның жары мен оның балалары әзірге Мысырда екен. Ол жүкті, онда қанша болатынын білмейміз», — дейді әйел. Нәзипа Өсербаева туысының неден қайтыс болғанына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін қаза тапқан дипломаттың жары Айнұр…
Қытай және Үндістан азматтары үшін Қазақстан арқылы транзитпен ұшатындар үшін 72 сағаттық визасыз режим ашылды, — деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналы. «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келу, болу және кетудің 72 сағаттық визасыз режимі жұмыс істейді. Өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген ҚХР мен Үндістанның транзиттік азаматтарының төлқұжатына мөр қойылады», — делінген хабарламада. Бұл жаңашылдық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру,…
Ирак астанасы Бағдаттың орталығында — басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, Бағдаттың солтүстігінде америкалық әскерилер пайдаланған «Балад» әскери-әуе базасына да шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, база аймағында «Катюшаға» ұқсас екі зымыран жарылған. Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған. Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берді. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын…
Air Canada компаниясының үлестік жолаушылар ұшағы Монреальдан Сагеней бағытында ұшып шығып, қайта оралуға мәжбүр болған. CBC телеарнасының мәліметінше, ұшақ шассиінің дөңгелегі жұлынып қалған, — деп хабарлайды РИА Новости. Bombardier Dash 8-300 ұшағының қайта қонуына техникалық ақау себеп болған. 43 жолаушы мен үш экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. «Біздің тәжірибелі ұшқыштар ұшақты толық өз бақылауында ұстады. Біздің мамандар осындай жағдайларда дереу әрекет ету үшін дайындықтан өтеді, олар белгіленген ереже бойынша ұшақты қондырды», — делінген Jazz Aviation компаниясының өкілдері телеарнаға берген сұхбатында. Ұшақ жанармай таусылмай тұрып, әуе кемесі Монреаль әуежайына қонды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, — деп хабарлайды Ақорда. Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды. Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды. Сондай ақ аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.