Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жалпақтөбеде мәдениет үйі пайдалануға берілді

    Жалпақтөбеде мәдениет үйі пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 29.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Жалпақтөбе ауылында 180 орынды мәдениет үйі халық қажетіне берілді, — деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Небәрі үш айда тұрғызылған өнер ордасына Бердібек Машбекұлы тікелей бастамашы болған. Құрылыс сапасын назарға алып, өз бақылауында ұстады. Бұл көріністен әкімнің сазгердің рухына деген ыстық ықыласы, ерек құрметі сезіліп тұрғандай. Өйткені, халыққа тамаша әндер сыйлап, елдің сүйікті сазгеріне айналған композитор, вальс каролі Шәмші Қалдаяқов осы ауылда 18 жыл тұрып, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

    Ал ауыл тұрғындары ұлы сазгердің осында тұрғанын әрдайым мақтанышпен айтып, себезгі естеліктерін жастарға жеткізіп отыратын көрінеді. Дүнген ұлты өкілдерінің арасында жүрген сазгердің «Дүнген қызы» әні осы ауылда дүниеге келсе, «Мойынқұмда» тағы басқа да ел сүйсіне тыңдайтын әндері осында жазылған.

    Аудандық мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаеваның айтуынша, ауданда бүгінгі нысанды қоса есептегенде 5 мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб жұмыс істеп тұр. Мұнда 10 адам жұмысқа қабылданып, 3 үйірме ашылмақ. Бұған дейін ауылдық округ әкімдігінің ғимаратынан орын тапқан кітапхана да осында көшірілген. Алдағы уақытта цифрандырылған ақпараттық орталық тұрғындарға қызмет көрсетпек.

    Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған ғимараттың құрылысын «Сырым блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Оған жергілікті және облыстық бюджеттен 213 миллион теңге бөлінген. Жаңа нысанның ашылуында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

    – Әрбір адамның өмірінде өнердің, әдебиеттің, мәдениеттің алатын орны бөлек. Себебі олар бізге қосымша күш, қайрат, жігер береді. Өнерімізді өзге жұрттарға танытады. Сондықтан да мемлекет осы салаларға әрдайым көңіл бөліп отырады. Қазір қазақты, Қазақстанды бүкіл дүние жүзі біледі. Біздің өнер қайраткерлері шет мемлекеттердің ең үздік деген сахналарында өнер көрсетіп жүр. Ақын-жазушыларымыздың шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Кішкене ғана мысал, Димаш Құдайберген баламыз, дүние жүзіне қазақтың атын шығарып жүр. Сондықтан біз әруақытта өнер салысына, әдебиетке, мәдениетке қол ұшымызды созуымыз керек. Оның үстіне өсіп келе жатқан ұрпақты ата-баба дәстүрімен, үрдісіменен тәрбиелеуміз керек, – деді аймақ басшысы.

    Бұдан кейін ауданның Құрметті азаматы Хаби Бейболов сөз сөйлеп, бұған дейін бұл ауылда мәдениет үйінің болмағанын айтып, халық атынан рақметін жеткізіп, мәдениет үйіне халық композиторы Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілсе деген ұсыныс алға тартты.

    – Қазақ өнерінде, музыкасында Шәмші Қалдаяқовтың орны бөлек, – деді Бердібек Машбекұлы. – Жалпақтөбенің азаматтары қуану керек. Шәмші ағамыздың осы ауылда 18 жыл тұрғанын. Егер мына ауылдың тұрмысы төмен болса, осы ауыл халқы жылы шырай танытпаса сазгер көп жыл тұрмас па еді?! Осы жерде «Дүнген қызы» деген әнді жазды. Шәмшінің алдында біз бәріміз бас иеміз. Оны біз көбірек насихаттауымыз керек. Келешекте аядай ауылдан қайраткердің ізін басар буын шығады. Бұл сауалыңызды ономастикада қарап, Үкіметке жолдаймыз. Үкімет қолдаса, Шәмші Қалдаяқов есімі берілетін болады, – деген өңір басшысы ғимараттың іші-сыртын аралап шықты

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.