Автор: admin

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені «жеті» енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, — деп хабарлайды РИА Новости. «Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы — қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида — киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», — деді Microsoft баспасөз қызметі. Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың…

Read More

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен науқастың жағдайын білді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-да болғанын айтты. «Орталықта Алматы маңында әуе апатынан зардап шеккен науқас жатыр. Санитарлық авиация кеше 14:40-та жеткізді. Зардап шеккен әйелдің жағдайы орта деңгейдегі ауырлық. Ол көптеген жарақат алған және көп қан жоғалтқан. Өміріне қауіп жоқ. Орталық мамандары қажетті зерттеулер жүргізіп, ота жасауға дайындап жатыр. Қазіргі уақытта ТОҒЗИ директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен емдеу шараларының бірінші кезеңі өтті», — деп жазды министр. Біртанов әуе апатынан зардап шеккендерге қажетті емдеу шаралары көрсетіліп жатқанын атап өтті. Республикалық ҒЗИ мен орталықтардың…

Read More

Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады, — деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2 қаңтарда 15:20-да 101 пультіне Әбіш Кекілбайұлы көшесінің бойында «бензавоз өртенді» деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінен мамандар аттанған. Осы уақытта газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Оспанов Оңғарбек абдырап қалмай, өртті сөндіруге кіріскен. Сондай-ақ, кездейсоқ өтіп бара жатқан авто жүргізушілер көмекке келген. «Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ толы цистернаны суытуға кіріскен. Жүргізушінің әрекеті мен басқа да адамдардың көмегінің арқасында 10 тонна көлеміндегі газ жарылу қауіпі сейілген», — делінген хабарламада. Газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі жолда келе жатып, құрылғылар…

Read More

Ресей Беларуське мұнай жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости басылымына республикадағы мұнай саласындағы дереккөз хабарлаған. «Беларусь мұнай өңдеу зауыттары бағытында тасымалданып жатқан жоқ», — деді ол. Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап мұнай жеткізу тоқтаған, ал «үздіксіз партиялар» 31 желтоқсанда таусылған. Соған қарамастан Беларусьте мұнай қоры әзірге жеткілікті және МӨЗ штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. «Белнефтехим» концерннің өкілі мұнай жеткізу тоқтағанын растады, МӨЗ жүктемесі технологиялық минимумаға дейін төмендетілген. Беларусьте екі мұнай өңдеу зауыты бар — Мозырде («Мозыр МӨЗ» ААҚ) және Новополцкіде («Нафтан» ААҚ). Айта кетейік, 31 желтоқсанда Ресей мен Беларусь жанармай жеткізу бойынша келісімге келе алмағаны айтылды. Осыдан кейін республика президенті Александр Лукашенко…

Read More

Индонезия астанасы Джакартада су тасқынынан зардап шеккендер 43 адам қаза таптығ — деп хабарлайды Jakarta Post газеті BNPB ұйымына сілтеме жасап. Осыған дейін су тасқынынан 26 адамның қаза тапқаны айтылған еді. Елдің табиғи апаттарының алдын алу ұлттық агенттігінің баспасөз жетекшісі Агус Вибово осыған дейін 90 ауданда Жаңа жыл қарсаңында басталған нөсер жауын әлі тоқтамағанын, сонымен қатар өзендер арнасынан тасығанын айтты. Көлік қозғалысы шектеліп, электр қуаты сөнген. Жергілікті уақыт бойынша, бейсенбіде кешкі уақытта 400-ден аса адам өз үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа бас сауғалауға мәжбүр болған.

Read More

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде денесімен аяғы ауыр әйелді жауып қалған жігіт марапатталды, — деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  23 жастағы Темірлан Қадауовқа 2 қаңтарда медаль берілді. Алматы полиция департаментінің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев оның кеудесіне «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін тақты. «Ол төтенше жағдайда ерлік көрсетіп, денесімен қасында отырған аяғы ауыр әйелді жауып қалды. Сонымен қатар, ол алған жарақаттарына қарамастан жедел қызмет өкілдері келгенше басқа жолаушыларға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл наградаға лайық. Бірінші кезекте, бұл — халықтың атынан айтылған алғыс», — деді полицияда.

Read More

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген сайтта.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде «Голландия» Нидерланд мемлекетін білдіретін атау ретінде қолданылмайды, — деп хабарлайды NOS радиостанциясы. Енді жергілікті билік, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар мен басылымдар «Нидерланд» атауын қолдануы керек. Үкімет бұл қадам арқылы мемлекетті есірткі мен жезөкшелікке байланысты ел образынан айырады деп санайды. Сондай-ақ ел билігі бұл шешім туристер ағынын өзгертеді деп болжап отыр. Себебі бүгінде шетелдіктердің көбі тарихи Голландияны — Амстердам, Харлем және Гааганы көру үшін барады екен. Ал бұл қалалар қазір туристер ағынын қабылдауға дайын емес. Ел атауын өзгертуге қатысты реформа корольдіктің бюджетін 200 мың еуроға азайтады.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жазылған. Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді — табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар…

Read More

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды. Қайғылы хабарды саясаттанушы Ерлан Саиров Tengrinews.kz порталына растаған.  Серікболсын Әбділдин — қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі — Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады. Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Read More