Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Карантинде Багам аралдарында қалып қойған қазақ жігітінің оқиғасы

    Карантинде Багам аралдарында қалып қойған қазақ жігітінің оқиғасы

    Ел іші 23/12/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Адам тағдыры алуан кесетлі келеді ғой. Шекаралар ашылып, әлем жаһандану үрдісін бастан кешіп жатқан тұста, сан түрлі әңгімелерді естіп жататынымыз анық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де Кариб теңізінің бір бұрышындағы Багам аралдарына кетіп, жуырда ғана елімізге келді.  

    Қиырдан оралған отандасымыздың есімін белгілі және белгісіз себептерге орай, «Е» деп алуды жөн көрдік. 1993 жылы еліміздің күнгей аймақтарында дүниеге келген оның 2018 жылдың қаңтар айына дейінгі өмірі бізге беймәлім. Білетініміз, сол жылы ресейлік туристік компаниялардың бірінің көмегімен Қазақстаннан Доминикан Республикасына он күндік демалысқа аттанған. Мұхиттың арғы бетіндегі Доминиканда тоғыз күн демалып, одан әрі жеке ұшақпен Багам аралдарына заңсыз ұшып кеткен.

    Кейіпкеріміздің пайымына сүйенсек,  Багамға ұшқан кезінде ұшақта жарық болмаған және бір топ заңсыз мигранттармен ұшқан оларды ұшқыш тастай қараңғы әуежайға қондырған. Екі ел арасындағы шекара бекеттерін заңсыз өткендіктен паспорттарына тиісті таңбалар басылмаған. Осылайша, ол екі жылға жуық Багам аралдарында жұмыс істеп, ағылшын тілін еркін меңгерген.

    Тіпті, оның заңгері Тойбек Жалғасбаевтың сөзіне сүйенсек, жойылуға жақын жергілікті үндіс тайпаларының тілін де үйреніп алған көрінеді.    

    Дегенмен, жаһанды асты-үстіне төңкеріп, үнемі асығыс жүретін адамзат баласын үйді-үйіне қуып тыққан 2020 жылғы пандемия қандасымыздың елге қайтуына себеп болған. Наурыз айында Багам полициясының тексеруінің нәтижесінде ұсталған «Е» үш ай қамақтан соң, Халықаралық рейстердің болмауына байланыста уақытша ұстау орталығына жайғастырылады.

    Багам тарапына жолданған хатқа ауызша телефон арқылы билет мәселесі айтылған соң, ҚР СІМ тікелей араласып, Багам Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері мен Уақытша қамау орталығына үш хат жолданған соң барып, іс орнынан қозғалады.

    Нәтижесінде, шілде айында басталған шаруа желтоқсанда жалғасын тауып, Нассау – Провинденсьялес – Cанто-Доминго -Богота – Ыстамбұл – Алматы бағытында отандасымызға Багам тарапы билет алып береді.

    Осы жерде аталмыш мәселені көтеріп, Отадасымыздың елге келуіне сеп болған заңгер Тойбек Жалғасбаевтың сөзіне сүйенсек, Қазақстанның Мексикадағы Елшілік қызметкерлерінің яғни қазақстандық дипломаттардың кәсібилігін атап өткен жөн.

    Шым-шытырық оқиғаның тағы бір күрделі тұсы бар. Отандасымыз Багамнан Доминиканға ұшып келген соң, сол елдің де миграциялық тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс еді. Дегенмен, Доминикан тарапына ҚР СІМ Елшілігі тарапынан тиісті хат жолданып, бұл іске Қазақстанның Доминикандағы Құрметті консулы Т.Гонсалес тікелей араласқан соң, күрмеуі қиын мәселе шешіліп сала берген.

    Құрметті консулымыз өзінің көмекшісімен миграция басшылығымен кездесу ұйымдастырып, қандасымыздың транзиттік аймақтан шықпай одан әрі ұшуын қамтамасыз етіп, оны жауапкеріліктен алып шығады. Бір күннен астам, Доминикан әуежайында қалған отандасымызды ойлаған Құрметті консулымыз байланыста болу үшін оған ұялы телефон сыйлап, жолына деп   100 доллар және 1500 песоны көмекке береді.

    Осылайша, шым-шытырық оқиғаны бастан кешірген бауырымыз Багамнан елге келіп,     15 желтоқсан күні отбасымен қауышады. Қазір Алматы қаласында, анасының жанында. Климатқа бейімделіп, күнделікті тұрмыс-тіршілікке кірісіп жатыр. Дүниенің қай қиыры болмасын отандастарын бірінші орынға қоятын қазақстандық дипломаттарға дән ризашылығын білдірді бізбен сұхбат барысында.

    Олжас БЕРКІНБАЕВ,
    дипломат

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.