Автор: admin

Республика бойынша ең алғаш Жамбыл облысында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешені қолданысқа енгізілді. Жамбыл облысы аумағында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешенін таныстыру шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы және жеке құрамы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев кешеннің маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті. «Өңірімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша біздің департамент бірқатар іс-шараларды атқаруда. Осы орайда облыс әкімінің қолдауымен Республикалық маңызы бар автожолдарда қызмет көрсететін патрульдік полиция көліктеріне он бірлік «Арқан» мобильді кешенін орнатып, қолданысқа беріп отырмыз. Мобильді кешен облыстың жол-көлік оқиғасы көп…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды. Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Read More

Мәскеу орталығындағы автотұрақта белгісіз біреулер атыс шығарған. Бұл туралы «Говорит Москва» радиостанциясының Telegram-каналы хабарлады, — деп жазады Lenta.ru. Радиостанция дереккөзінің мәліметінше, атыс Воровской алаңында шыққан. Baza басылымы ФҚҚ-ның екі қызметкері жарақат алғанын хабарлап жатыр. Бір адам қаза болған. Оның кім екені анықталып жатыр, мұның алдында ол жақын маңдағы ғимараттардың бірінде жасырынған. Осы маңнан өтетін көшенің бәрі қоршауға алынған, оқиға орнында полиция мен ФҚҚ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалада «Сирена» жоспары жарияланған. Lenta.ru-ға хабар берген дереккөздің мәліметінше, үш адам Кузнецкий Мост көшесінде орналасқан ғимараттардың біріне шабуыл жасамақ болған. Олар Воровской алаңындағы ғимараттардың біріне жасырынған. Олар Калашников автоматымен атысты жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланғаны туралы…

Read More

Алдағы үш күнде Жамбыл облысында қатты жел тұрып, қалың қар жауады, боран соғуы мүмкін. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 19 желтоқсанда, 20-21 желтоқсанда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асып кетуі ықтимал. 19 желтоқсанда күндіз, 20 желтоқсанда түнде, 21 желтоқсанда таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. 19-21 желтоқсанда Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 19 желтоқсанда күндіз, 20-21 желтоқсанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан…

Read More

Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді. Қаржы институтының мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушының қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, яғни жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. «2017 және 2018 жылдары кепілсіз тұтынушы несиесіндегі қарыз бір жылда 31 және 28 пайыз болды. Ал биылғы көрсеткіште кепілсіз тұтынушы несиесі бойынша қарыз небәрі 8 пайыз. (…) Сондықтан қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алып және тұтынушы несиелер санын өсіру мақсатында Ұлттық банк қажет шараларды жүзеге асырып жатыр. Осылайша, несиелеу субъектілерінің барлығы бірыңғай ереже бойынша жұмыс істеп, Ұлттық банк барлығы шартта көрсетілгендей орындалуын бақылап отырады, яғни қарыз алу туралы келісімшарттағы талаптардың…

Read More

«Олимп» букмекерлік кеңсесінен салық тексерісінің нәтижесінде 145 миллиард теңге айыппұл салынды, — деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.  Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды. Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бес ай бойы жүргізілді, соңғы бес жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды. «Букмекерлік кеңсесі» ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Олимп.kz» ЖШС — 62 миллиард теңге, ал «Alpha-bet» ЖШС — 83 миллиард теңге есептелді. Сот осыған дейін, «Олимп» букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша…

Read More

Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.  «Мадина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын», — деп жазылған Ақорда сайтында. Ол Мемлекет басшысының Өкімімен Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Read More

Энергетика министрі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыбек Жеңісбек телеграм-каналында Қанат Бозымбаевтың неліктен қызметінен кеткенін түсіндірді.  Бүгін Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды. «Бозымбаев мырза ҚР Президентіне денсаулық жағдайы туралы айтты, оның мойын омыртқасына ота жасалған. Осыған байланысты, дәрігерлердің нұсқаулығымен көлік және әуепойыздарымен жүруды қысқартуы керек. Сондай-ақ, дәрігерлер оған ұзақ физиотерапиялық қайта қалпына келу курстанынан өтуге кеңес берген», — деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек. «Министр өңірлерге салалық нысандарға, стансаларға және кен орындарына жиі сапарлайды, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және әріптестермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен — ОПЕК, МАГАТЭ және т.б. келіссөздер жүргізу үшін жиі сапарлайтыны белгілі», — деп түсіндірді ол.…

Read More

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында ел туы ақылы түрде боялды деген ақпаратты жоққа шығарды.  «Кеше Бурдж-Халифа беткейінде Қазақстан туы нақты бір қаражат арқылы шықты деген мәліметтер айтылды. Негізінде бастаманы Дубай әмірліктері ұсынды. Бұл — тегін акция. Мұндай тәжірибе бұрындары да болды, Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары көрсетілді. Сол күні сыртқы бетінде Бахрейннің де туы көрсетілді», — дейді Смадияров. «Сыртқы істер министрлігі осы әрекетке қандай да бір қатысы бар (қаражат жұмсады) деушілердің барлығы да жалған. Мен осындай ақпаратты нақтыламай жатып, таратып жатқан блогерлер мен журналистерді ар-ұятты ұмытпауға шақырамын», — деді ол. Айта кетейік,…

Read More

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», — делінген Ақорданың хабарламасында. Еске салайық, Тасмағамбетов бұл қызметке 2017 жылы тағайындалған болатын.  Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының…

Read More