Автор: admin
Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және ілгерілету мәселесіне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғыртуға тарту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. Жетістіктің тарихы шарасы Бұл шара аясында Қазақстанның 14 облысы мен үш мегаполисін қамти отырып, еліміздің егемендік алған күнінен бері дүние есігін ашып, мәениет, тіл және ғылым саласында айтарлықтай жетістікке жеткен жастардың портфолиосын жасау. Яғни оның жетістікке қалай жеткені туралы баяндап, Қазақстан халқына паш ету. Әркімнің «жетістік тарихы» әртүрлі, сол себепті онымен сұхбаттасу, ұстазының пікірін алу көзделеді. Осы бағытта республика бойынша…
Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл 1 қыркүйекте Жамбыл облысындағы 442 мектепке 240 мың оқушы барады деп күтіледі. 22 мыңнан аса бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың айтуынша, биыл 23 білім беру нысанының құрылысына 8,9 миллиард теңге қаралған десек, оның 11-і биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде бір апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі. Барлығы 16 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,6 миллиард теңге бағытталған. Барлық мектептер бейнебақылау камераларымен…
Әлеуметтік желіде тұрғындар адамдардың көзінше ит пен мысықтарды атып, қараусыз қалған үй жануарларын мұндай тәсілмен аулаудың адамгершілікке жат екенін айтып дабыл қаққан болатын. Алайда жыл басынан бері 975 адамды ит тістеу фактісі орын алған. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы елді мекендерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жұмыстарын ветеринариялық ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келісім-шарт бойынша іске асырады.Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен «Жамбыл облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» бекітілген. Қаңғыбас иттерді аулау гумандық әдістермен, атап айтқанда, құрық және торларды…
Таразда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, жиналғандар Абай атындағы кітапханаға бас сұғып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін қосыла шырқап, ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. ЖД-158/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Айгерім Ерубаеваның айтуынша, аталған шара хакім Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген. Абай күнін мерекелеуді ЖД-158/1 мекемесінің ұжымы зор қуанышпен қабылдады. Мекеме ұжымы ұлы хәкімнің туған күнінің мерекеленуінің өзі Абайға, қазақ халқына, ұлт руханиятына көрсетіліп отырған құрмет деп біледі. Сол себепті, артында өшпес мұра қалдырған ойшылдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу…
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылының тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тартпақ. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aibat__kz
Тараз әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерден карантинде керегісіз жұмыс істеуі үшін пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. «Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдамағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. 2021 жылғы 4 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімі шықты: Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.К. Ізбасаровты (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 миллион теңге сомасында айыппұл салу;Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А. А. Сүйінбековті (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет…
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің неден қайтыс болғаны аталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. «Ұлан Жазылбек тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болды», — деді баспасөз қызметі өкілі. Бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің қайтыс болғаны хабарланған еді. Ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Кейінірек ол ұзақ уақыт ауруханада жатқаны белгілі болды. Ол 58 жаста болған. Әр жылдары «Қорғас» ШЫХО-да, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Мәліметті өңір әкімдігінің өкілдері растады. Баспасөз қызметі өкілдері оның үдемелі тыныс алу жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол 58 жаста еді. Бұл қызметке шенеунік 2020 жылдың мамырында келген болатын. Ұлан Жазылбек — 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және 2009 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін «заңгер»мамандығы бойынша тәмамдаған.⠀Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау…
Жамбыл обылысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2021 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды», — деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. Әкімдік мәліметінше, Қайрат Досаев жаңа қызметінде 30 шілде мен 3 тамыз аралығында істеген. Бірақ 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап (яғни, Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң) еңбек инспекциясы басқармасының басшысы — өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», — делінген хабарламада. Бұған дейін Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді. Қайрат Досаев Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз…