Автор: admin
Деструктивті діни ағымдардың ерекшелік сипаттамасы азаматтардың әлеуметтік, мүліктік, және құқықтық еркіндіктеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасау болып табылады. Қарапайым азаматтың деструктивті дін ортасына түсуінің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда оның ең басты факторлары әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен психологиялық босаңдық, сонымен қатар азаматтардың діни сауатының жеткіліксіздігі болып табылады. ҚР ҰҚК мәліметтеріне сәйкес қазақстандықтардың деструктивті діни ағымдарға тартылу динамикасы төмендемей отыр. Дін ұстанушылардың радикализациялау процесі жалғасуда. Ол бойынша деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту әдістерінің, сонымен қатар олардың таралуының алдын алу жұмыстары бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. Аурулардың халықаралық классификациясына сәйкес сектомания (деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсушілік) психологиялық – психиатриялық ауытқу болып табылады…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді. Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент…
Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғындарын таяуда дүрліктірген оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ауыл тұрғыны 1998 жылы ер адамды өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Осыған дейін, «Тараз триосы» тобының мүшесі Асылхан Шүңіреков 21 жыл бойы іздеген туған ағасының өлтірілгенін енді білгенін айтып, сұхбат берген еді. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайы мен тергеу барысы қалай жүріп жатқанын білу үшін Жамбыл облыстық прокуратураға сауалхат жолдаған болатын. Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы 1 тамызда Шүңіреков Асылхан Мәдіханұлы ағасы 1950 жылғы Кеңесхан Мәдіхановтің 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткені бойынша арыз түсірген. Ол арызында Мойынқұм ауылының тұрғынынан ағасын 1998 жылы қасақана өлтіргені бойынша күдіктенетінін жазған. Кеңесхан Мәдіхановтің мәйіті табылған…
Полиция 20 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның кім екенін анықтап, егде жастағы адамды ұстады. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. «Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің…
Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленский жайлы не ойлайтынын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости. Путин Зеленскиймен жеке таныс емес екенін, тек телефон арқылы сөйлескенін айтқан. «Менің Зеленскиймен қарым-қатынасым қандай? Ешқандай! Мен оны ешқашан көрмедім, жеке таныс емеспіз, тек телефон арқылы сөйлескенбіз. Меніңше, ол өте сүйкімді және шынайы адам», — деді Путин «ВТБ Капиталдың» «Россия зовет!» форумында. Еске салайық, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді кездестіріп, келіссөз жүргізуге ниет білдірген. Тұңғыш Президенттің ұсынынсына Украина президенті тет-а-тет кездесуге келісім берген.
Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтар үшін жаза қатаңдатылмақ. Заң жобасын мәжілісмендерге таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай мәлімдеді. Ал педофилия қылмысына қатысты айғақтарды жасырып, біле тұра хабарламаған азаматтар да жазасыз қалмайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Бұған дейін зорлық-зомбылық және жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін сотталатын. Бірақ соңғы кезде балалар мен әйелдерге көрсетілетін зорлықтың артуынан қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетін болды. Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары: Жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар…
Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды. Төтенше жағдай салдарынан алты жұмысшы зардап шекті. Барлығы Өзбекстан азаматтары, — деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі. Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, 21 қарашада 15:30-да Сайрам тұрғын алабындағы ғимарат опырылған. «Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың барлығы — Өзбекстан Республикасының азаматтары», — делінген баспасөз қызметі хабарламасында. Олардың үлкені 41-де, ал ең жасы — 23-те. Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен «Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. Үйінділер астында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 24 қызметкер және…
Гонконгта наразылық шарасы кезінде қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи ұсталды, — деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Гонконг қалалық полицияның мәліметінше, қазақстандық студент 18 қарашада ереуіл кезінде ұсталған, ол Баптист университетінің 1-курс студенті Абилькаир Нукпи», — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, қазақстандықтың жағдайы дұрыс, тек оң қолын жарақаттап алған. Ешқандай шағымы жоқ дейді. «Бүгін студентке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Қазргі уақытта біздің бас консулдық осы істі ерекше бақылауға алды. Соңғы күнде Гонконгта 4 мыңнан аса адам ұсталды», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты СІМ өкілдері Гонконгта оқып жатқан студенттерге Қазақстанға қайтуға кеңес береді. Еске салайық, мұның алдында митинг салдарынан қазақтандық…
Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәрігерге Қылмыстық кодекстің «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған. «Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды. Тергеу барысында азамат А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға…
Синдзо Абэ Жапония премьер-министрінің қызмет ету мерзімінде ел тарихында рекорд орнатты, — деп хабарлайды РИА Новости. Синдзо Абэнің үкімет басында отырғанына 2887 күн болған. Ел үкіметін басқаруға құқығы бар, Либерал-демократиялық партияның басшысы бұл қызметінде 2021 жылға дейін жұмыс істейді. «Партия төрағасы қызметінде әлі екі жыл жұмыс істеймін. Бар жауапкершілікті сезіне отырып, бар күш-жігерімді саяси мәселелерді шешуге жұмсаймын», — дейді премьер. Маңызды мәселелердің бірі деп ол елдің дефляциядан шығуы екенін атап өтті. Сонымен қатар, премьер-министр елдегі туу деңгейінің төмендеуі, соғыстан кейін шешілмеген дипломатиялық проблемалар мен елдің конституциясын реформалау мәселелерін де айта кетті.