Автор: admin

Жамбыл облысы тұрғынының айтуынша, полицейлер жұбайынан қыз зорлау қылмысын мойнына алуды талап еткен. Жамбыл облысының тұрғыны жұбайының өліміне полицейлерді кінәлап отыр. Айтуынша жасамаған қылмысын мойнына артуға тырысып күш көрсеткен. Александра Минголимова жұбайым жазықсыз түрмеде отырғысы келмеген соң, өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Полицейлердің қалай күш көрсеткенін марқұм хатқа жазып қалдырыпты. Шындыққа жете алмай шырылдаған артындағы туыстары әділдік іздейді, деп хабарлады «Астана» арнасы.  Жақындарының айтуынша, Дмитрийді 31 наурыз күні Байзақ ауданындағы үйінен тараздық тәртіп сақшылары алып кеткен. Оған қызға қатысты зорлық дерегі бойынша қылмысты мойнына алуды талап етіпті. Бұл жайында марқұм хатқа жазып қалдырыпты.    «3 полицей 200 мың теңге береміз, 2 жыл…

Read More

Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласын көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі…

Read More

Жамбыл обылсының орталығы Тараз қаласындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 20 миллиард 9,4 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады (2018 жылы – 18 687,5 миллион теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард 321,9 миллион теңгеге артып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. 2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30 миллиард 707,8 миллион теңгеге 101 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 22 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі. Ағымды жылы «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында төмендегі жобалар жүзеге асырылуда: – Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің…

Read More

№ 30 мектеп-гимназиясының базасында Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, мектеп инспекторлары, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің басшылары қатысқан кеңес өтті. Кеңес жұмысына Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қатысты. Жамбыл облысы полиция департаменті мен Тараз қаласы әкімдігінің басшылығымен ұйымдастырылған бірлескен кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, сондай-ақ жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту мәселелерінің өзектілігін жоғалтпайтын мәселелер қаралды. Кеңес Тараз қ. ІІБ ӨҚБ бастығы полиция полковнигі Сәбит Мамытбековтың сөз сөйлеуімен ашылды. Күнделікті рейдтік және алдын алу жұмыстары барысында Тараз қаласының полиция бөліміне 3082 кәмелетке толмаған жасөспірім,…

Read More

8 айдың қортындысы бойынша допинг қолдану жағынан ауыр атлеттер көш басында. 9  зілтемірші  тиым салынған «дәрі-дәрмек» қолданған. Спортшылар  халықаралық жарысқа қатысу кезінде әшкере болды. Допинг дауына көп іліккендер арасында шаңғы-биатлоншылар екінші орында. Олар салмақ қуу, қанды қайта құю, күш беретін витаминдер мен қоса тиым салынған препараттар қолданған. Алдағы уақытта «Допинг туралы заң» қабылданса спортшыларға қарсы қолданылатын әкімшілік жаза күшейеді.  Оның ішінде жеңіске жеткен спортшыларға берілетін пәтерді өз аттарына аударуға 10 жылға дейін тыйым салынады. Өйткені допинг-сынамалары зертханада он жылға дейін сақталады. Айта кетейік, Қолданыстағы заң бойынша Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарынан алтын алса — 3, күміске — 2, қола медальға — 1 бөлмелеі пәтер беріледі. «Мәжілісімендер 2-оқылымда…

Read More

Үшінші дүниежүзіліс соғыс басталып, жаппай жою құралы қолданылса, бұл өркениетіміз үшін соңғы шайқас болады. Мұндай пікірді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып, жаппай жою құралы қолданылса, бұл өркениетіміз үшін соңғы шайқас болады. Қақтығыссыз өмір сүру, қорқынышсыз өмір, ертеңгі күнге, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген сенімге мұқтаждық бұрыннан қалыптасты», — деді Назарбаев IV Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері жиынында. Оның айтуынша, Жердің барлық тұрғыны ядролық қарусыздандырумен ғаламдық күреске араласып, ғаламшардағы өмірді қорғауға белсенді атсалысуы керек. Назарбаев елдердің парламентерийлерін саясаткерлерге ықпал етуге шақырды. «Ақыр-аяғы, парламентаралық одақ 1889 жылы құрылған, бүгін оған 130 жыл толды, 1919 жылғы Ұлттар…

Read More

23 қыркүйекте №91 «Қызылорда — Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз — Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, — деп хабарлайды «Елорда Инфо» «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. «6-шы вагонда келе жатқан Гүлнұр Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігер іздеді. Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандары, атап айтқанда Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның сапар шегіп бара жатқаны анықталды. Бірден 6 вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алды. Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді», — делінген хабарламада. Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар…

Read More

Бүгінде облыста білім саласын цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы өңір мектептері 161 робототехника кабинетімен жабдықталған болса, жаңа оқу жылында ол көрсеткіш 49-ға артып, 210 мектепке жеткен. Жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашу көзделіп, көрсеткішті елу пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Сонымен қоса, басқосуда облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова білім беру мекемелерінде IT сабақтарының және робототехника үйірмелерінің ұйымдастырылу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша бұл бағытта оқыту шаралары үйірмелер және таңдау курстары есебінен информатика пәндерінің мұғалімдерімен жүргізілуде екен. Жалпы, облыс мектептерінде барлығы 790 информатика мұғалімдері жұмыс істесе,…

Read More

31 жастағы әйел қозғалыс кезінде тамбурдағы есіктен құлап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 20 қыркүйекте таңғы 05.00 шамасында болған. Әйел адам Алматыдан Қостанайға қатынайтын пойызда болған. «Шу станциясының желілік полиция бөлімшесіне Шығанақ — Мыңарал 1328-шақырымында жолаушылар пойызында 31 жастағы әйел вагондардың бірінің тамбурының есігінен құлап кеткен. Соның салдарынан ол жарақат алды», — деді көліктегі полиция департаментінің өкілдері. Әйел Приозерск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын…

Read More

Заведующая детским садом «Бөбек» отдела образования акимата Мойынкумского района осуждена за хищение бюджетных средств, передает Антикоррупционную служба. «Департаментом Антикоррупционной службы Жамбылской области закончено досудебное расследование в отношении заведующей детским садом «Бөбек» отдела образования акимата Мойынкумского района Абдрамановой Л. М. по факту хищения бюджетных средств», — говорится в официальном сообщении. Сообщается, что она подозревалась в хищении денежных средств в сумме свыше 600 тысяч тенге. Женщина перечисляла деньги со счета детского сада на свой личный карточный счет. «18 сентября приговором суда Мойынкумского района Абдрамановой Л. М. за хищение бюджетных средств назначено наказание в виде штрафа в сумме 5,2 миллиона тенге, с пожизненным лишением права…

Read More