Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қордай ауданында спорт кешендері мен фармацевтикалық зауыт салынуда

    Қордай ауданында спорт кешендері мен фармацевтикалық зауыт салынуда

    Өңір тынысы 04.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қордай ауданына келді. Сапары барысында өңір басшысы бір қатар құрылыс нысандары мен шаруа қожалықтарын аралады.

    «Қордай Агро 2020» ЖШС құлпынай өсіруді қолға алған. «Альбион» сұрыпы Қайнар ауылында 10 гектар алқапқа отырғызылған. Қазақстан мен Түркия бірлескен кәсіпорын құлпынайды карантин енгізілгенге дейін отырғызуға тиіс болатын. Наурыз айында Түркиядан 1 млн. көшет алынған. Сол уақыттан бері көшеттерді әкелу мүмкіндігі болмай, олар тоңазытқышта сақталған. Міне, енді көшеттерді жеткізу сәті түсті. Дегенмен кәсіпорын айтарлықтай шығынға ұшырады. Екі апта бұрын құлпынай бес гектар алқапқа отырғызылды.

    Кәсіпорын басшысы Варшахлы Ваиханың айтуынша, «Альбион» сұрыпының дәмі ерекше, бұл жидектің 1 килограммы 1500 теңге тұрады.

    Құлпынай алқабының маңына 40 ара ұяшықтарын қою жоспарлануда. Жалпы, шаруашылық құлпынай алқабын 50 гектарға жеткізуді көздеп отыр. Облыс әкімі өнімді тоғыз ай бойы үзбей алып отыру үшін құлпынайды жылыжайда отырғызу мәселесін қарастыруды ұсынып, облыс басшылығы тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    Сарыбұлақ ауылында өңір басшысы «Самғау» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 478 гектар жүгері алқаптарында тамшылатып суару әдісі қолданылады. Евгений Трубников басқаратын шаруа қожалығы әр гектардан 980 центнер өнім алады, ал тамшылатып суару құрылғысы Италиядан сатып алынған.
    Облыс әкімі шаруашылық жұмысына оң бағасын беріп, жүгері алқаптарын ұлғайту қажеттілігі атап өтті.

    Отар ауылына барған облыс әкімі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, 25 тамызға дейін нысанның іргетасын құю жұмыстарын аяқтап, 1 қыркүйектен қабырғасын қалау жұмыстарын бастауды тапсырды.

    -Жұмысты тездету қажет. Жұмысшылар санын көбейтіп, қазан айының соңына дейін ғимарат құрылысын аяқтап, ішкі әрлеу жұмыстарын бастау үшін екі ауысым ұйымдастыру қажет, -деді облыс әкімі.

    Сонымен бірге Бердібек Сапарбаев спорт кешенін безендіруге, атап айтқанда Қордай ауданының атақты спортшыларының портреттерін ілуге көңіл аудару қажеттілігін атап өтті.

    Гвардейский қалашығында өңір басшысы №43 орта мектепке барып, содан кейін иммундық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысын бақылап, нысан құрылысы бойынша штаб отырысын өткізді.

    Зауыт осы жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі жағдай құрылысшылар уақыт жағынан екі апта артта қалғандығын көрсетеді. Кешігудің себептеріне көңіл бөлген аймақ басшысы мердігерлерге нысанға қосымша жұмыс күшін тарту арқылы жоғалған уақыттың орнын толтыру тапсырды.

    -Зауыт биыл пайдалануға тапсырылуы тиіс. Бұл пандемия жағдайында өте маңызды. Зауытта иммунобиологиялық дәрілік препараттар, оның ішінде қазіргі таңда клиникалық тексеруден өтіп жатқан коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндірісі жоспарлануда.

    Зауыт құрылысымен қатар зауыт қызметкерлері үшін 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталып кеткен. Бердібек Сапарбаев үй құрылысын биыл аяқтауды тапсырды.

    Үлкен Сұлутөр ауылдық округінде облыс әкімі «Сұлутөр» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 24 мың гектарға бидай, арпа, жүгері, көп жылдық шөптерді еккен шаруашылық биыл 25 миллион теңгеге дән тазалауға арналған екі құрылғы сатып алған. Шаруашылық басшысы Серік Ермековтың айтуынша құрал-жабдықтың басым бөлігі мен жалпы материалдық-техникалық база ескіріп, жаңартуды талап етіп тұр.

    Сұлутөр ауылында орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жоспар бойынша жұмыс қыркүйек айының ортасында аяқталады.

    Облыс әкімі жұмысты тездетуді, мектепті жаңа оқу жылының басына дейін тапсыру қажеттілігін атап өтті.

    -Мектеп оқушыларының саны аз болғандықтан, оқу процессі қашықтықтан емес, мектепте өткені абзал. Ал, бірінші сынып оқушылары сабақты қашықтықтан оқыса, қандай білім алады, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Сонымен бірге Әлжан ана ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша бірнеше спортзалдары, боксшылар алаңы бар кешен құрылысы ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ.

    Жамбыл облысы Қордай ауданы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.