Автор: admin

ҚР «Салық кодексінің» 127 бабына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша МКД салықтары бойынша берешегі бар азаматтардың тізімін жариялады. Тізімде борышы жарты миллионнан асып кеткен азаматтар да бар, — деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. Салықтарды төлеу туралы міндеттеме мемлекетіміздің Ата заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабында белгіленген, атап айтқанда заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. Салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін жеке тұлғалардың мекенжайларына есептелген салық сомасы көрсетілген хабарламалар алдына ала жолданады. Сонымен қатар, жеке тұлға өзіне қатысты салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, есептелген салықтарды міндетті түрде мәжбүрлеп алынуы қамтамасыз…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Отбасы күніне орай оқырмандар арасында отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында «Ынтымағы жарасқан отбасы» тақырыбында өнегелі, өнерлі Қамбатыровтар отбасымен кездесу кешін ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері отбасы кіші әлеуметтік топ, ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеті мен рухани құндылығының қазынасы дей келе, қанша жыл отасса да бірлігі мен берекесі таймаған, күннің шуағындай жылылығымен баурайтын мерейлі айтыскер-ақын Ербол Қамбатыров пен ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, еліміздің Білім беру ісінің үздігі Үміт Битенованың отбасымен таныстырды. Үлгілі отбасы Үміт Битенова мен Ербол Қамбатыров кездесу…

Read More

Тараздықтарға ыстық суды жыл он екі ай бойы пайдалануға жағдай жасалуда. Осылайша, жылдар бойы күрмеуі тарқатылмай келе жатқан мәселелер шешімін таппақ, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Аталған шаруаның төңірегінде жұмыс барысын энергетика саласының мамандары «Тараз энерго орталығында» өткен жиында шетелдік компания өкілдерімен талқылады. Айта кетейік, 55 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан «Тараз энерго орталығындағы» қондырғылардың едәуір бөлігінің тозығы жеткен. Барлық құрылғылар мен жабдықтар жаңалауды қажет етеді. Басқосу барысында да модернизациялау мәселесі қаралып, алдағы он жыл ішінде қайта құру жұмыстарын шет елдік компания өкілдерімен бірлесе отырып шешу мәселесі қаралды. «Тараз энерго…

Read More

Жамбыл обылсының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде Сібір жарасын жұқтырған адамдардың жағдайын айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. «Ресми мәлімет бойынша, төрт адам ауру жұқтырған, олар ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ. Алдағы екі күнде олар ауруханада шығарылады. Қазірші уақытта олармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, соның аясында қажетті шаралар қабылданатын болады», — деді Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында. «Бізге карантин енгізу үшін, Қазақстанның бас ветеринариялық дәрігерінің ресми шешімі қажет. Әзірге Ветеринария комитетінен ондай нұсқаулықтар түскен жоқ, сол себепті біз өздігімізден ондай карантин енгізе алмаймыз», — деді Асқар Мырзахметов. Айта кетейік, Жамбылда күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханада жатыр. Аса қауіпті індеттке…

Read More

Бірінші сынып оқушысын кәмелетке толмаған оқушы мотоциклмен қағып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 қыркүйек сағат 20:10 да Қобда ауданында Racer 110N мотоциклінің кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы Әбілқайыр хан көшесі 41-інші үйдің жанында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қақты», — делінген хабарламада. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бірінші сынып оқушысын Қобда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. «Осыған орай, ата-аналарға балаларына мұқият болуды, көлік құралдарын жүргізуге рұқсат бермеуін сұраймыз», — делінген хабарламада.

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған пилоттық жоба бойынша тапсырмаларын іске асыру тетігін әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов, сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев баяндады. Жоба келесі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады: өсімдік шаруашылығы, мал және құс шаруашылығын дамыту үшін үй іргесіндегі телімдерді тиімді пайдалану, сондай-ақ, елді мекендерден тыс жерлерде әр ауыл…

Read More

Тұрғындардың тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта өңірде қолға алынып отырған ауқымды пилоттық жобаға старт беруге облыс сақадай-сай. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов баяндады. Ашығын айту керек, ауылды жердегі халықты жаппай жұмыспен қамтудың бірден бір жолы – ол қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту. Осы орайда бұған дейін хабарлағанымыздай облыс әкімінің өзі бастаған жұмысшы топ өңірдегі барлық аудан, ауылдық елдімекендерге арнайы барып, 138 мың аула толық зерделенген болатын. Талдау нәтижесі көрсеткендей, салыстырмалы түрде тұрғындар қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдыра алмай отыр. Себеп – тиісті ұйымдастыру жұмыстарының жоқтығы. Осы тұрғыда зерделеу барысында тұрғындардың…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Қазақстан Президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады», — деп жазды Берік Уәли.

Read More

Жамбыл облысында 4 күнде 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Олар ел аумағында жүріп-тұру ережесін өрсекел бұзған. Қазір 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оның біреуі адамдардың көшіп-қонуын заңсыз ұйымдастырып келген. Басым көпшілігі құжаттарын уақытылы рәсімдемейді. Олар негізінен Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, келімсектер саны жылдағыдан артқан. Олардың дені жұмыс іздеп, табыс табу мақсатында келеді. Жедел алдын алу шарасы кезінде аймақта жүрген 152 шетелдік Қазақстан шекарасынан шығарылды. Қалғандарына ескерту жасалған. «Көші-қон қызметі заңы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасап, соттың шешімін дұрыс орындамағаны үшін тартылған азаматтар. Жеке адамдарға жұмысқа келген адамдар бар. Немесе компаниялар,…

Read More

Өңірде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарламаларды іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан және жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырылған. Осы орайда аталған қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарының партия фракциясы жанындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссия мүшелері облыс орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына рейдке шықты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 45 жобаны іске асыруға 16,6 миллиард теңге қарастырылыпты. Оның ішінде «Жылумен қамту жүйелерін жаңғырту» бағыты бойынша республикалық…

Read More