Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    27/11/2026

    Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

    26/11/2026

    Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

    26/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 28 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

      27/11/2026

      Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

      26/11/2026

      Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

      26/11/2026

      Қазақстан мен Ирак ОПЕК+ келісімі бойынша талаптарға келіспей жатыр

      26/11/2026

      Қысқы дөңгелексіз жүргендерге айыппұл салынады

      26/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында автожол салуға қанша қаражат бөлінген?

    Жамбыл облысында автожол салуға қанша қаражат бөлінген?

    Жаңалықтар 21/07/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ағымдағы жылы Жамбыл облысында автожол бойынша 1145 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, оған 30,2 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 8,3 млрд. теңгеге 23 жоба, «Ауыл — Ел бесігі» — бағдарламасы 2,4 млрд. теңгеге 84 жоба, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» — 15,2 млрд. теңгеге 843 жоба көзделген.

    Өңірде 1 346,2 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жоспарланған десек, оның 180,5 км — облыстық маңызы бар, 139,3 км — аудандық маңызы бар, 1026,3 км — елді мекен көшелері.

    Сондай-ақ, республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 ірі жоба іске асып жатқандығын айтып өту керек. Олар: «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ», «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» облыстық автомобиль жолдарын қайта жаңарту және «Қырғыз Республикасының шекарасына қарай ұзындығы 16,1 км. болатын Тараз қаласының оңтүстік айналма автожолының» құрылысы.

    — Ағымдағы жылдың аяғына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 85 пайыздан 90 пайызға, елді мекен көшелерінін 59,5 пайыздан 77,2 пайызға дейін арттыру міндеті қойылып отыр, — дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

    Автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сапаны бақылауды тапсырыс берушімен бірлесіп «Жол активтерінің Сапа орталығы» ШЖҚ РМК тұрақты түрде жүзеге асырады. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында мамандар 53 нысанды тексеріп, 17 бұзушылықты анықтаған.

    Автомобиль жолдарының құрылысы, қайта құру және күтіп ұстау бақылау бойынша мониторингті «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, «Жамбыл-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арқылы жүргізуде.

    Сонымен қатар, жөндеу-құрылыс жұмыстарын «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінен, облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармалары мен бөлімдерінің  мамандарынан құрылған мобилді топ өкілдері  де қадағалап отырады.

    Айта кету керек, облыста автожол жобаларын іске асыру 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде.

    Жамбыл облысы жолдар

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    27/11/2026

    Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

    26/11/2026

    Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

    26/11/2026

    Қазақстан мен Ирак ОПЕК+ келісімі бойынша талаптарға келіспей жатыр

    26/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    27/11/2026

    Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

    26/11/2026

    Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

    26/11/2026

    Қазақстан мен Ирак ОПЕК+ келісімі бойынша талаптарға келіспей жатыр

    26/11/2026

    Қысқы дөңгелексіз жүргендерге айыппұл салынады

    26/11/2026

    1Password сервисі хакерлік шабуылға ұшырады

    26/11/2026

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.