Автор: admin

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыс орталығында бой көтеріп келе жатқан «Шахристан» этно-мәдени орталығының құрылысының барысы пысықталды. Бұл этно-мәдени орталықта орын алатын бірнеше нысандар басқармалар мен қала әкімдігіне бөлініп берілген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ендігі мақсат – орталықта орналасатын бірнеше нысандарды өздерінің қолданысына қарай безендіру жұмыстарын бастау. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев дәл бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстардың атқарылғандығын баяндап берді. Сондай-ақ, облыстық музейдің директоры Сейітжан Ілияс, облыстық туризм басқарасының басшысы Қарлығаш Арпалбеков өз жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, болашақта халық игілігіне жұмыс жасайтын орталықта қандай қызметкерлер қандай бағытта жұмыс жасайды? Олардың ғылыми, рухани, мәдени және әдеби әлеуеті қандай…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. Кешеден бері «Таразэнергоорталығы» АҚ-на қарасты РК-4 магистралі бойынша ыстық су берілуін қамтамасыз ету қазандығы іске қосылған. Магистральдің су-құбыр жүйесі ыстық сумен толтырылуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz. Айта кету керек, биыл қалада ыстық су тарату жұмыстары жылдағы жоспардан бір ай ерте басталды. Тараз қаласы бойынша ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны — 610 тұрғын үй. «Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының тұтынушыларын 11 қыркүйектен бастап ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. «Тонкуруш», «Сәтпаев», «Телецентр» массивтеріне және қала орталығының біршама бөлігіне ыстық су 1 қазанға қарай, жөндеу жұмыстары…

Read More

Жамбыл облысында орта білім беретін мектептерді толықтай цифрландыруға көшіру үшін бірқатар мәселені шешу керек, деп хабарлайды «Хабар 24». Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес бүгінде өңірде 11 мыңға жуық пән кабинетінің 79%-і компьютермен қамтылған. Алайда, оқушыларға жаңартылған мазмұнда білім беру үшін маңызды құрал саналатын интерактивті тақта жеткіліксіз. Қазір аймақтағы білім ошақтарында негізінен биология, математика, химия, физика сияқты кабинеттер жарақтандырылып отыр. «Интерактивті тақталарды, мультимедиялық құрылғыларды алуымыз керек. Осы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде біздің жоспарымызға сәйкес жабылатын бастауыш мектептер бар. Бұл жерде оқушы санының көбеймеуіне байланысты демографиялық өсім болғандықтан, алдағы 4-5 жылда жабылады деп отырған мектептерге біз әлі алған жоқпыз.…

Read More

Ирактың Кербела қаласында Ашура күні мерекесі қайғылы оқиғамен аяқталды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті мешітке жиналған жұрт дүрлігіп, 31 адам ажал құшты. Қыспақ салдарынан тағы жүздеген азамат жарақат алған. Мешітте құлшылық етушілердің бірі сүрініп, адамдар бір-бірін мыжып-жанши бастады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы өте ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді. Салтанатты шара аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз залына өтті. Қазақстан Президенті қытай көшбасшысымен Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінен кейін араға бірнеше ай салып, қайта жолыққанына өте қуанышты екенін айтты.…

Read More

Көлтоған ауылы – шаһардың №11 аумақтық округіне қарайтын 730 тұрғыны, 172 түтіні бар шағын ғана елді мекен. Облыс орталығына жапсарлас жатқан бұл ауыл тұрғындарының жалғыз тілегі – көгілдір отын. Талай жыл көгілдір отынсыз күнелтіп келе жатқан көлтоғандықтардың айлары оңынан туар күн жақындағандай еді. Талай мәрте қала басшылығының жыл сайынғы есебінде қозғалған газдандыру мәселесін біржақты ету үшін жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген-ді. Аталған сома жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге бағытталған. Тап осы тұста тұрғындар арасынан жік шығып, мәселе ушыға түскен. Жеке меншік компанияға жүгінуге 32 үйдің иесі 50 мың теңгеден жинаған. Бірақ компания жұмысты басталмай жатып тоқтатуға мәжбүр болып отыр.…

Read More

Әне-міне дегенше күз де келді. Жұмыс науқаны қызып, дүйім жұрт қыстың қамына кірісіп те кетті. Ал қала жұртшылығын алаңдататын – әрине, жылыту маусымы. Бұл орайда, ыстық су мен жылуды уақтылы ала аламыз ба? Қала көшелерінде көктем айларынан басталған жылу құбырларын жөндеу жұмыстарын мердігер компания мерзімінде аяқтайды ма? Бұл сұрақтардың жауабын рейд барысында табуға тырыстық. Тараз қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссия шаһардың бірқатар нысандарын аралап көрді. Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 9,3 шақырымында ескірген құбырларды қайта…

Read More

Начальник Байзакского районного отдела полиции полковник полиции Асылхан Заурбеков встретился с местными жителями, — передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. В сходе, прошедшем в районной школе, население приняло активное участие. В своем выступлении полковник полиции А.Заурбеков осветил итоги деятельности РОП за 8 месяцев т.г., согласно которым общее количество преступлений в районе уменьшилось на 12%. В их число входят убийства, кражи, изнасилования и хулиганства. Кроме того, задержано четыре преступные группы, за которыми числится более 20 краж. В ходе диалога к начальнику РОП обращались по многим вопросам. В первую очередь людей беспокоили вопросы дорожной безопасности. В частности, родители учащихся подняли проблему парковки автотранспорта…

Read More

Жамбыл облысында өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе,  ағымдағы жылдың  8 айында 25 браконьер ұсталған. Қорықшылар соңғы жылдары браконерлердің азайғанын айтады. Дегенмен, әлі де болса оңай олжаға кенелгісі келетіндер жеткілікті. Мәселен, өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе, соңғы 8 айда 25 браконьер анықталған. Бұл орайда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері қаскөйлермен күрес жүргізудегі бірқатар түйінді мәселелердің барлығын  айтады. «Атады да, көліктерімен қашып кетеді. Артынан қуып тоқтатуға біздің құқымыз жоқ. Сес көрсетеді. Мылтықпен қорқытатын жағдайлар орын алады. Өйткені біздің құқықтарымыз нақты қаралмаған. Мемлекеттік қаруды пайдалану жөнінде аңшылық алқапта болсын, басқа жерде болсын,…

Read More

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадр тапшылығы тікелей әсер ететінін жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің тапсырысы бойынша өңірімізде 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан астам маман қажеттігі туындап тұр. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр», — дейді Марат Жаманқұлов. Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттігі зерделеніп, нәтижесінде акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталған. Осы орайда облыстық бюджеттен 8,7 миллион теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, мамандар…

Read More