Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 18 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының әкімі өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті

    Жамбыл облысының әкімі өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті

    Өңір тынысы 25.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласының бас университеті М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті. Жылы шырайда өткен кездесуде қатысушылар жамбылдық спортшылардың толағай жетістіктерін тілге тиек етіп, өңір спортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға сала отырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

    Бердібек Сапарбаев чемпиондарға өздерінің қажырлы еңбектерімен өңіріміздің атын асқақтатып жүргендігі үшін үлкен алғысын білдірді.

    — Жамбылдықтар бірнеше рет Олимпиада чемпиондары атанды. Жеңімпаздардың арқасында Туымыз жоғары көтеріліп, Әнұранымыз бүкіл әлемге шырқалады. Әрине, бұл спортшылардың да, жаттықтырушылардың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сіздер өз жетістіктеріңіз арқылы жастарды ынталандырып, олар үшін үлгі боласыздар. Өз кезегінде, ел басшылығы да қазақстандық спортты дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасауда, — деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев спортшыларымен жақсы жаңалықпен бөлісіп, «Тараз-Арена» спорт сарайының жанынан бой көтеретін мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі, теннис корты құрылысы туралы айтты. Жалпы, биыл облыста 13 спорт нысаны мен 92 алаңша салынады.

    — Қазіргі таңда тұрғындардың 30 пайыздан астамы дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Жаңа спорт нысандары бұл көрсеткішті арттыра түсуге ықпал етеді деп ойлаймын,- деді аймақ басшысы.

    Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық мектептердің спорт залдары ретке келтіріліп, оқушыларға бос уақытта және демалыс күндері спортпен айналысуға жағдай жасалған.

    Барлық аулалар спорт алаңшаларымен, барлық аудан орталықтары спорт кешендерімен қамтамасыз етілетін болады.

    Жастарды спортқа тарту үшін аймақ басшысы ауқымды турнирлер өткізуді ұсынды. Кездесуде биыл Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, Жамбыл облысының тумасы Жақсылық

    Үшкемпіров атындағы халықаралық күрес турнирін өткізу идеясы айтылды.

    — Осыдан тура 40 жыл бұрын, спорттың тірі аңызы Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен алғашқы қазақ атанды. Дәстүрлі түрде өтетін турнир осы айтулы датаға арналуы керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Қазақстан спортының жұлдызы аймақ басшысына құрметі үшін алғыс білдірді.

    — Жас спортшылар осындай турнирлерге қатысып, үлкен тәжірибе жинақтайды. Олар үшін турнирдегі жеңіс спорттық Олимптің трамплиніне айнала түссін, — деді Жақсылық Үшкемпіров.

    Сондай-ақ, ол спортшылар әрқашан мемлекеттің қолдауын сезінетіндігін айрықша атап өтті. Өз кезегінде бұл туралы Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина да растады.

    — Ерекше қажеттілігі бар адамдарға сүйікті спорт түрімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Енді оларды оңалтуға назар аудару керек. Бұл мәселені шешудің бір жолы спорттық-сауықтыру кешенін салу деп санаймын,-деді ол.

    Аймақ басшысы оның ұсынысын қолдап, бұл мәселені міндетті түрде қарастыруға уәде берді.
    «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев спорт мектеп-интернаттарының көбеюі ауыл балаларына спортпен айналысуға мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.

    Кездесуде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, дзюдодан Олимпиаданың күміс жүлдегері Елдос Сметов, белгілі жаттықтырушы Болат Жұмаділов те сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар қатарында еркін күрестен Ақжурек Таңатаров, каратэші Гузалия Гафурова, боксшы Әбілхан Аманқұл, таеквондошы Руслан Жапаров та болды.

    М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбековтің айтуынша, бүгінде ұмытылып бара жатқан ұлттық спорт түрлерін дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеуде. Барлық ұсыныстар облыс әкімі тарапын қолдауға ие болды.

    — Біз бірнеше рет жасөспірімдердің бір-біріне деген қатыгез қарым-қатынасының куәсі болдық. Олардың күш-жігерін дұрыс жолға бағыттау керек десек, бұл орайда спорттың тамаша таңдай болары сөзсіз, — деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

    Ақжурек Таңатаров Әбілхан Аманқұл Бақтияр Артаев Бейбіт Ыстыбаев Болат Жұмаділов Гузалия Гафурова Елдос Сметов Жақсылық Үшкемпіров Марат Мәзімбаев Руслан Жапаров спорт

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.