Автор: admin

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатының басталуына 5 күн қалды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Нұр-Сұлтан қаласындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатының басталуына бар болғаны бес күн қалды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша әрқайсысы 10 салмақ дәрежесінде 30 медаль жиынтығы жүлдеге тігілетін байрақты бәсекеге кіл мықтылар келе жатыр. Қыркүйектің 14-22-сі аралығында жалауы желбірейтін бұл сында Қазақстан құрамасының палуандары барлық салмақ дәрежесінде боз кілемге шығады. Өз жерімізде өткелі отырған әлем чемпионатында мамандар олардың арасынан грек-рим күресі бойынша Алмат Кебісбаев, Асхат Ділмұхамедов, Мейрамбек Айнағұлов, Мейіржан Шермаханбеттер жүлдеге қол жеткізеді деп жорамалдаса, еркін күрестен Нұрислам Санаев, Нұрқожа Қайпанов, Әлішер Ерғали, Данияр Қайсанов, Расул Қалиев, Дәулет Ниязбековтерден жүлде…

Read More

Соңғы күндерде елімізде қызу талқыланып жатқан мәселе — несиенің кешірілуі болғаны сөзсіз. Президент Жарлығы бойынша кредитті төлеу туралы ақпарат сұрап банк бөлімшелеріне, ХҚКО-на келіп босқа уақыт жоғалтқан ел көп. Көбінің сұрағы: ❓Кімнің кредиті өтеледі? Кредиті өтелетіндер қатарына 2019 жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша төмендегі әлеуметтік статусы бар адамдар кіреді: -көпбалалы отбасылар, -асыраушысынан айырылғаны үшін өтемақы алатындар, -мүгедек балалары бар отбасылар, бала күннен мүгедектегі бар 18 жастан асқандар, -мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, -жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасынан кәмлетке дейін айырылған, 29 жасқа толмағандар. ❓Егер мен тізімде болмасам не істеу керек? Егер сіз жоғарыдағы санаттардың біріне кіретін, бірақ қарызы кешірілетіндер…

Read More

Жамбыл облысының жері мың гектардан астам аумаққа ұлғайды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен Алматы облысындағы Жамбыл ауданының мың гектардан астам жері Қордай ауданына қосылды. Мұндай қажеттілік тұрғындардың ұзақ жылдан бергі өтініштерінен кейін туындаған. Бұған дейін жергілікті жұрт құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін 150 шақырым жердегі аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Ал халықтың жүріп-тұруына Алматы облысынан гөрі 70 шақырым жердегі Жамбылдың Қордай ауданы ыңғайлы. Бұл мәселе қос облыстың әкімдіктері мен мәслихат және Мәжіліс депутаттарымен қаралып, қолдау тапқан. «Қордай ауданындағы  Отар ауылына қарасты Гвардейский әскери қалашығының тап іргесінде «Военсовхоз» аталып кеткен елдімекен бар. Сол елдімекеннің жартысы…

Read More

Нумеролог Құралай Бақытқызы түстер терапиясының сырларымен бөлісті, — деп хабарлайды balbal.kz. Түстер терапиясы бүгінде психологияда кеңінен қолданысқа ене бастаған тәсіл. Көйлектің көк не жейденің жасыл болуы адамның көңіл-күйіне, шаршап-шармауына әсер ететіндігі баяғыдан айтылып келеді. Түстер терапиясын Қазақстанда екінің бірі біле бермейді. Нумеролог, «Shaikhy» дәртүрлі емес орталығының иесі Құралай Бақытқызы Balbal.kz порталы оқырмандарымен түстер терапиясының сырларымен бөлісті. Instagram: @numerolog.88 Хабарласу: +7 708 230 50 80 Интуицияңызды тыңдаңыз! «Адамды киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген сөз бар. Мен болсам, киген киімінің түсіне қатты мән беремін. Бірақ қызыл түсті киген жан өте белсенді адам деп нақты қорытынды шығара беруге болмайды. Себебі өзінің ішкі…

Read More

Синоптиктер 2019 жылдың 10-12 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. «Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен және республиканың көптеген облыстарында аталған аралыққа төмен ауа температурасы сақталады», — делінген хабарламада. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Республиканың тек батысында антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райын сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады.

Read More

Лох-Несс көлінде көпметрлі жыланбалық өмір сүретін секілді, оны осы күнге дейін құбыжыққа теңеп келген, — деп хабарлайды «ТВ-звезда». Лох-Несс көліндегі алып жаратылыстың видеосы жарияланды. Желі қолдаунышылары осы видеоның Шотландия суларында құбыжықтың бар екен растайтын бірден-бір дәлел. Жаңа Зеландиядағы Отаго университеттерінің мамандары видеода алып жыланбалық түсірілгенін айтады. Оның ұзындығы он метрден асуы мүмкін. Жергілікті балықшылар кеңесі ғалымдардың осы пікірімен келіседі. «Шындықты айту керек — сіз жыланбалық кепінде алып нысанды көрген кезде, сіз ойыңызға бұл Лох-Несс құбыжығы деген ойға келетініңіз анық», — делінген видеоның сипаттамасында. Видеоны 11 мың адам тамашалап үлгерген. Daily Star басылымының мәліметінше, көптеген адамдар мұның әйгілі құбыжық емес, жай ғана жыланбалық…

Read More

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл Сматов Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Сматов 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. 2008 жылдан бастап прокуратура органында жұмыс істеп келеді. Бұрындары Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы және Тараз қаласы прокуратурасында қызмет етті. Бас прокуратурада жұмыс істеді. 2017 жылы қазаннан бастап Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Read More

Жергілікті тұрғындар көтеріп отырған мәселелерді зерделеу, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысында Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритімдері бекітілген болатын. Бұл ретте халықпен тиімді кері байланыс орнату – басты талап. Бүгін облыс орталығы Тараз қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған қала активі жиналысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қаласы бойынша ақпараттық топтың жетекшісі Б.Орынбеков, Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық, қалалық ақпараттық топтардың мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының…

Read More

Жамбыл облысында  «Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР. ТҰЛҒА. ҚОҒАМ.» көшпелі көрмесі ашылды. Бұл көшпелі көрме Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесіне тамаша тарту болды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР. ТҰЛҒА. ҚОҒАМ.» атты  көшпелі көрменің ашылуына ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, облыс әкімі Асқар Мырзахметов  және қала тұрғындары мен студенттер қатысты. Өз алғы сөзінде Асқар Исабекұлы іс-шараның мазмұны мен маңыздылығы туралы  айтып өтсе, Әмірхан  Мұратбекұлы Тәуелсіздік жылдарындағы Тараз қаласының дамуындағы Елбасының ерекше рөліне тоқталды. Бұл көрмеде Тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлі жүйелі және мазмұнды көрсетіледі. Қонақтар Елбасының архив, кітапхана, музей қорларынан алынған бірегей материалдармен танысты. Сондай-ақ,…

Read More

5 қыркүйекте, сағат 10.00-де Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, қала тұрғындары мен студент жастар қатысады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлін жүйелі баяндайтын көрмеде қонақтар Елбасының архив, кітапхана, музей қорларынан алынған бірегей материалдарын тамашалай алады. Тараз қаласының қалың жұрты Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік марапаттар коллекциясымен, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар тартулық басылымдар мен Елбасының шет тілде жарық көрген еңбектерімен алғаш рет танысады. Көрме төрт бөлімнен құралған. «Елбасы жолы» бөлімі Тұңғыш…

Read More