Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесінде таныстырылды

    22.04.2026

    Астанадағы экологиялық саммит: Жетісу университеті үздік жетістіктерін паш етті

    22.04.2026

    Қазақстанға шетелден тауық жұмыртқасы тасымалданбайтын болды

    22.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 22 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесінде таныстырылды

      22.04.2026

      Астанадағы экологиялық саммит: Жетісу университеті үздік жетістіктерін паш етті

      22.04.2026

      Қазақстанға шетелден тауық жұмыртқасы тасымалданбайтын болды

      22.04.2026

      Италия билігі Ресей елшісін шақырып наразылық білдірді

      22.04.2026

      Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

      22.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 2023 жылы Жамбыл облысының тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған

    2023 жылы Жамбыл облысының тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған

    Өңір тынысы 09.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгінде Жамбыл облысының елді мекендерінің 57,8 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. 2023 жылы облыс тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров хабарлады.

    Ағымдағы жылы 17,4 миллиард теңгеге 50 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жыл соңына дейін 34 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тиісті қаржы «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында қарастырылған.

    Сумен жабдықтау нысандарының басым бөлігі Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында салынатын болады.

    2021-2023 жылдары 84 елді мекенге жүздеген шақырым су құбыры тартылады десек, нәтижесінде облыстың барлық тұрғындары толықтай таза ауыз сумен қол жеткізбек.

    Жоспар-кестеде белгіленген мерзімнен қалыс қалмау үшін Меркі, Шу, Қордай аудандары мен Тараз қаласының әкімдеріне мердігерлермен мәселелерді шешіп, жобалық-сметалық құжаттарды уақытылы дайындауды тапсырды.

    Ауылдарды газдандыруға облыстық және республикалық бюджеттен, соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қарастырылуда. Барлығы 84 ауыл газдандырылады десек, ағымдағы жылы 30 ауылда көгілдір отынмен қамтылмақ.

    Бүгінгі таңда облыстағы 377 елді мекеннің 192-сіне табиғи газ құбыры тартылған, бұл 51 пайызды құрайды.

    — Еліміздің барлық тұрғындарының таза ауыз суға қол жетімділігін қамтамасыз ету және газдандыруды жүргізу маңызды басымдықтар болып табылады. Бұл бағыттағы көрсеткіштер жаман емес. Ендігі міндет – жұмыс қарқынын төмендетуге әкелетін олқылықтарға жол бермеуге керек. Жауапты орындар барлық үйлердің газ құбыры мен су жүйесіне қосылуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    — Инженерлік инфрақұрылым жүйелі түрде дамуы қажет. Тұрғындар жолдар ретке келтірілгеннен кейін жерасты инженерлік желілерін жөндеу үшін көп уақыт өтпей қайта қазылып, бұзылатынына жиі шағымдануда. Барлық жұмыстар қатар атқарылуы керек, — деді ол.

    Сондай-ақ, кеңеске қатысушылармен жобалық-сметалық құжаттамалардың әзірлену барысы да жан-жақты сараланды.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова өз баяндамасында 2019-2020 жылдарға жоспарланған 412 жобаның 305-і бойынша жобалық-сметалық құжаттамалардың әлі дайындалмағандығын айтып өтті. Оның 56-сы күзге дейін мақұлданбақ.

    Жобалардың көпшілігі Тараз, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Сарысу және Рысқұлов аудандарында жүзеге асырылмағандығы анықталған.

    Аймақ басшысы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу шараларын жеделдетуді тапсырды.

    — Мен жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау барысы бес-алты жылға созылатындай ешқандай айтарлықтай себеп көріп тұрған жоқпын.  Тек жергілікті жерлерде нақты жұмыс жүйесі қалыптаспаған, — деп қорытындылады облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев дайын типтік жобаларды қолдануды және бір үлгілегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге артық ақша жұмсамауды тапсырды.

    Басқосуда хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Алмас Мәдиев есеп берді. Облыстық басқармалар, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері аймақ басшысының кейбір тапсырмаларын уақытылы орындамай отырғандығы белгілі болды.

    — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруді көздейді. Тұрғындардың мәселелерін шешу жолындағы мен жүктеген нақты міндеттер уақытылы орындалуы тиіс керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Жиын соңында облыс әкімі ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін барлық мектептер ғимарат ішіндегі жылы дәретханалармен және бейнекамералар  қамтамасыз етілу керектігін еске салды.

    су

    Оқылып жатыр

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

    13.04.2026

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесінде таныстырылды

    22.04.2026

    Астанадағы экологиялық саммит: Жетісу университеті үздік жетістіктерін паш етті

    22.04.2026

    Қазақстанға шетелден тауық жұмыртқасы тасымалданбайтын болды

    22.04.2026

    Италия билігі Ресей елшісін шақырып наразылық білдірді

    22.04.2026

    Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

    22.04.2026

    Ресей арқылы Қазақстан мұнайы тасымалданбайды — министрлік растады

    22.04.2026

    Ақын аманаты неге орындалмады: Жарылқап Қалыбай Шахановтың жерлеуіне қатысты пікір білдірді

    22.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.