Автор: admin
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102 пайызға орындалғанын айтты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының берген мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың өнімі үшін (4-А/Ш есебі бойынша) ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарға орналастырылған, (оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 352,4 мың гектар, майлы дақылдар 60,9 мың гектар, қант қызылшасы 5,6 мың гектар, картоп 10,1 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 66,3 мың гектар, мал азығы дақылдары 207,3 мың гектар) 2018 жылмен салыстырғанда (668,5 мың га) 18,6 мың гектарға артыпты (102,5 пайыз). 19 тамызға дәнді…
Жамбыл облысынан соңғы екі жарым жылда еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарына 400-ге жуық отбасы қоныс аударды. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғындарды ынталандыру шараларының арқасында Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай өңірлеріне биыл жыл басынан бері Әулиеатадан 110 отбасы көшкен. Қазір мемлекеттік жобаға қатысқысы келетіндер қатары артып отыр. Жомаргелді Жайнақов алдағы аптада Павлодар облысына көшіп барады. Байзақ ауданының тұрғыны дүние-мүлкін буып-түйіп жолға әзірленіп жатыр. Оны мемлекеттік жобаның тетіктері қызықтырған. Шаруа осы мүмкіндікті пайдаланып диханшылықпен айналысуды көздеп отыр. Тіпті бизнес жоспар да әзірлеп қойған. Жомаргелді Жайнақов, Кеңес ауылының тұрғыны: — Ресейге сәбіз,…
Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокуратураның мәліметінше, Каримова мемлекет қаражатын жымқырды, Өзбекстан Республикасы мүдделеріне қайшы келісімшарттар жасасты, сондай-ақ, бопсалау арқылы аса ірі мөлшерде ақшы жымқырды деп айыпталып отыр. «Қылмыстық іс қозғауға халықаралық White and Case заңгерлік компаниясынан және халықтан келіп түскен хаттар негіз болды», — делінген хабарламада. Тергеу мәліметінше, Каримова тағы бірнеше адаммен алдын ала келісіп, мемлекетке тиесілі «Кувасайцемент» және «Бекабадцемент» АҚ акцияларын төмен бағамен сатып алып, кейін акция пакеттерін заңсыз түрде шетелден келген кәсіпкерлерге сатып отырған. Осылайша Каримова мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген. Прокуратурадағылар…
«Тараз» футбол клубының легионері Дантас Еливелто ҚПЛ 23-ші айналымында «алматылық «Қайратпен» өткен ойын туралы өз ойымен бөлісті, — деп хабарлайды Тarazy.kz клуб сайтына сілтеме жасап. «Осы ойында барымызды салдық, көптеген шабуылдар ұйымдастырдық және гол салуымыз керек еді. Өкінішке орай пенальтиде мүлт кеттім, сол себепті жанкүйерлерден шын жүректен кешірім сұраймын», — деп жазады клуб сайты Дантас Еливелтоның сөзін. Айта кетейік, Тараз қаласында өткен ойын 2:0 есебімен «Қайрат» пайдасына шешілді. Ойынның 59-шы минутында Адеринсола Эсеола есеп ашты. Үш минут өте, «Тараз» есепті теңестіруге мүмкіндік алды. 11 метрлік айып добын орындау кезінде Эливелто қақпадан биік тепті. 71-ші минутта Бауыржан Исламхан есепті еселеді. https://youtu.be/OY1BPIA6WSE
Димаш Құдайберген режиссер Алан Бадоевпен Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұралық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. Қазақ әншісінің сарқырама жанында ән айтып тұрған сәті бейнеленген видеодан туристердің де оны телефондарына жапатармағай түсіріп жатқанын байқауға болады. Айта кетерлігі, Димаштың жариялаған видеосына ресейлік композитор Игорь Крутой пікір қалдырған. «Жарайсың Димаш, жарайсың Алан!», — деп жазды композитор. Алан Бадоев украиналық кинорежиссер, клипмейкер әрі продюссер. Шетелдік әртістермен жиі жұмыс істейді. Бұған…
Усыпанные плодами деревья дали новые цветы в Жамбылской области, пишет МИА «Казинформ». Сообщается, что сейчас в области цветут яблони, груши и шиповник. По словам биолога, причиной необычного явления стала жаркая погода. Хотя повторное цветение и встречается у плодовых деревьев, но чаще всего это происходит поздней осенью или в начале зимы. Как рассказала специалист, она уже и не помнит, когда в последний раз деревья цвели дважды за лето. Однако если погода останется теплой, вполне возможно, что в области соберут второй урожай фруктов. Жаркая погода вкупе с дождями помогает распуститься почкам, которые не успели раскрыться весной или летом. «Спящие» почки просто ждали…
АҚШ-тағы Анахаймда (Калифорния штаты) Honda Center алаңында UFC 241 турнирі өтті. Жеңіл салмақтағы (70 кг) бұрынғы чемпион Энтони Петтис Нейт Диаспен кездесті. Барлық үш раундқа созылған кездесуде Диас төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ол қарсыласына 283 соққы жасап, оның 160-ын дарыта білді. Сондай-ақ осы турнир аясында Хабиб Нурмагомедовпен бірге жаттығып жүрген Дэниел Кормье де жекпе-жекке шығып, Стипе Миочичтен нокаут болды. Айта кетейік, осы кештің басты кездесуінде америкалық Миочич АҚШ-тың ардагер файтері 40 жастағы Дэниэл Кормьені нокаутқа түсірді.
Алматы облысында жер сілкінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «18 тамызда 05:07-де ҚР БҒМ «СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 245 шақырым жерде Алматы облысы Панфилов ауданында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық классы — 12,8. MPV магнитудасы — 5,4. Тереңдігі 5 шақырым», — делінген хабарламада. Жер асты дүмпулері Жаркентте 4-5 балл, Талдықорған — 2-3 балл, сондай-ақ Кеген ауданындағы Саты ауылында — 2-3 балл сезілген. Алматы облыстық ТЖ департаменті мәліметті ала салысымен жергілікті атқарушы органдардың барлығына, ТЖА, ПД, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдар осы аймақта сақадай сай тұр. «Алматы облысында Талдықорған қаласының 12…
Бортында үш адамы бар Cessna 303 жеңіл екімоторлық ұшақ Нью-Йорк штатында жеке үйдің үстіне құлады, — деп хабарлайды РИА Новости. АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, 17 тамызда ұшақ Датчесс округындағы үйге соқтығысқан. FAA және полиция әзірге ұшақ бортындағылар мен үй тұрғындарының жағдайы туралы мәлімет бермеген. Сондай-ақ, FAA және көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесі осы оқиғаға байланысты тергеу бастаған.
Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды АҚШ-та жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті. Бұл кештің басты кездесуінде мексикалық Эмануэль Наваррете мен америкалық Франсиско Де Вака екінші аса жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Әлімханұлы — МакЛеллан кездесуі 10 раундқа есептелген. Екінші айналымда қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта канадалық тағы бір рет есінен танды, алайда орнынан тұрып кездесуді жалғастырды. Әлімханұлы ауыр соққыларын дарытып, мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты, рефериде кездесуді тоқтатты. Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas белбеулерін сәтті қорғады.…