Close Menu
    Оқылып жатыр

    Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    11.08.2026

    Головкин тағы бір халықаралық лауазымнан үмітті

    11.08.2026

    Жыл басынан бері ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 4,1% өскен

    11.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 12 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

      11.08.2026

      Головкин тағы бір халықаралық лауазымнан үмітті

      11.08.2026

      Жыл басынан бері ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 4,1% өскен

      11.08.2026

      Алматы облысында күйеуін өлтірген әйел ақталып шықты

      11.08.2026

      «Абай күні Абайды қорлады»: партия төрағасының сөзі қызу талқыға түсті

      11.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда алғаш рет тегін білім беретін жекеменшік мектеп-гимназия ашылады

    Таразда алғаш рет тегін білім беретін жекеменшік мектеп-гимназия ашылады

    Өңір тынысы 22.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында тегін білім беретін алғашқы жекеменшік мектеп-гимназияны ашу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев төрт қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты.

    «ARAI-ELITE» жекеменшік элиталық мектеп-гимназиясы — тегін білім беретін облыстағы алғашқы жекеменшік білім ордасы болмақ. Өткен жылдың тамыз айында іргесі қаланған нысанның құрылысы қызу жүргізілуде. Бас мердігер «Арайқұрылысмаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері ғимаратты жаңа оқу жылы басталғанша пайдалануға беруге уәде беріп отыр.

    Жұмыс сапары кезінде Бердібек Сапарбаев құрылыстың барысымен жан-жақты танысты. Төрт қабатты ғимарат 1025 оқушыға шақталған. 41 оқу кабинеті, компьютер сыныбы, химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ балаларға арнап футбол және баскетбол алаңдары мен ойын алаңшалары салынбақ.

    Бұдан соң облыс әкімі барған келесі нысан – «ARAI» медициналық орталығы болды. Бұл ғимараттың реконструкциялық жұмыстарымен де «Арайқұрылысмаркет-2003» компаниясы айналысуда. 1972 жылы салынған ғимарат көптен бері жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Медициналық орталықта стационарлық, стационарға жатқызу, амбулаторлық-емханалық көмек қызметтерін көрсетіледі.

    Мұнда жалпы хирургия және жалпы терапия бөлімдері жұмыс істейді. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша медициналық орталықтың бір бөлігі бұрынғы қалпында жұмыс істеп, дәрігерлер әлі де науқастарды қабылдауда. Коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты дезинфекциялық дәліз ұйымдастырылған.

    Аймақ басшысы сапалы құрылыс материалдарын қолданып, нысанды мерзімінде пайдалануға беруді міндеттеді.

    білім Тараз

    Оқылып жатыр

    22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

    22.07.2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    11.08.2026

    Головкин тағы бір халықаралық лауазымнан үмітті

    11.08.2026

    Жыл басынан бері ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 4,1% өскен

    11.08.2026

    Алматы облысында күйеуін өлтірген әйел ақталып шықты

    11.08.2026

    «Абай күні Абайды қорлады»: партия төрағасының сөзі қызу талқыға түсті

    11.08.2026

    Ерекше балалар арасындағы тұңғыш турнир Алматыда өтті

    10.08.2026

    Ақылы жол ақшаның астында қалды: үш жолдың 1 айлық көрсеткіші — рекорд

    10.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.