Автор: admin
Таразда алғаш рет тұрмыстық техникалар шығаратын зауыт салу жобасы қолға алынып отыр. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ғимаратында жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Жобамен Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Жұманқұлов таныстырды. Оның айтуынша, алдағы уақытта салынатын зауыт газ плиталарын, тоңазытқыштар, кондиционерлер тағы да басқа тұрмыстық заттар шығарумен айналыспақ. Бүгінде отандық өндірісті қолдау үшін барлық жағдай жасалуда. Енді тек зауыт салынатын орынды анықтап алу керек. Ол үшін Тараз қаласы аумағынан жаңа зауыт салуға 7 гектар жер телімі қарастырылуда. Аталған жобаның жүзеге асырылуын және іске қосылуын Әлия Көмекбаева басшылық ететін «Alima DELUX» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып…
Облыстың бас санитарының 2020 жылдың 18-ші мамырдағы №20 қаулысына сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілген құрылыс материалдарын сатушы сауда орындарында санитарлық талаптардың орындалуы және заңсыз ашқан сауда нысандарын қадағалау мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен «Ауыл Береке», «Бек» және «Яка Сарай» базарлары, сондай-ақ, Ташкент көшесінде орналасқан құрылыс материалдарын сататын сауда нысандары және «Жібек жолы» базары жұмыстарына мониторинг жүргізілді.Мониторинг нәтижесінде «Ауыл Береке», «Бек» және «Яка Сарай» базарлары санитарлық талаптарды сақтай отырып, киім-кешек және басқа да тауарлар сататын халық көп жиналатын бөлімдерін ашпай жұмыс істеуі байқалды. Ташкент көшесі бойындағы бірнеше сауда нысандары араланды. Олардың ішінде санитарлық талаптарды бұзған (антисептик,…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі Халықаралық музей күніне орай онлайн форматта «Музей түні» акциясын өткізді, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі z-taraz.kz сайтына сілтеме жасап. «Ұлы тұлғалар – ұлт болмысы» айдарымен Әбу Насыр әл-Фараби – 1150 жыл, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған қойылым көрсетілді. Бұл дәстүрлі шара коронавирус індетіне байланысты «Facebook» әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/konetaraz парақшасында онлайн форматта жалғасын тапты. Өткен ғасырларға онлайн саяхаттау мақсатында ұйымдастырылған шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев сөз сөйлеп ашты. – Тарихымызды болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізу…
Бүгін Тараз қалалық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері № 4 аумақтық округ тұрғындары ғасыр жасаған ана Е.Пономаренкоға, тыл еңбеккерлері А.Мадикеновке, В.Локшинаға, А.Марченкоға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті. Тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен ерекше табандылығы, маңдай терінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді атап өткен қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлерге денсаулық, ашық аспан тіледі. 1941 жылдың маусымында басталып, 5 жылға созылған сұрапыл соғыстың аяқталғанына тура 75 жыл. Жеңіс туын желбіретуге сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтары қомақты үлес қосты. Бұл соғысқа қазақ жерінен 1 миллион 200 мыңдай адам аттанды. Олардың жартысынан көбі майдан даласынан оралмады.…
«Су – тіршілік көзі» – деп халқымыз текке айтпаған. Бұл ретте мемлекет тарапынан да соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Соның ішінде бүгін біз Жамбыл облысы, Байзақ ауданында атқарылып жатқан ауыз су мәселесі бойынша жұмыстарға тоқталмақпыз. Байзақ ауданында ұзын-ырғасы 43 елді мекен болса, соның жиырмасы ауыз сумен қамтылыпты. Бұл қазіргі таңдағы жергілікті халық санымен 47 904 адам немесе 44,6 пайызды құрайды. Осы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген он жеті елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, үш елді мекенге «Теміржол су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетуде екен. Байзақтағы ауыз су…
Сенбі, 16 мамыр күні экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірдегі су шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Тиімді суару жүйесі болмаса, суармалы жер көлемін ұлғайту мүмкін емес. Осындай суармалы алқаптарды 200 мың гектарға ұлғайту міндеті қойылған болатын. Бүгінгі таңда оның көлемі 110 мың гектарды құрайды. Ал, суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарынан соң бұл көрсеткіш кем дегенде 180 мың гектарға дейін артады деп күтілуде. Жамбыл ауданындағы 3098 гектар алқап Раис магистральды каналына байланған шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арналарынан келетін суға тәуелді. Бүгінде ондағы 36 шаруа қожалық жоңышқа,…
Егер Сіз 7 санат бойынша коммуналдық төлемдер үшін 15000 теңгеге өтініш беруге call орталығына хабарласа алмасаңыз, онда qamqor-taraz.kz сайтына кіріп, өтініш қалдырыңыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Тараз қаласы тұрғындарының назарына! Егер Сіз 7 санат бойынша коммуналдық төлемдер үшін 15000 теңгеге өтініш беруге call орталығына хабарласа алмасаңыз, онда qamqor-taraz.kz сайтына кіріп, өтініш қалдырыңыз. Вниманию жителей города Тараз! Если не можете дозвониться до call центра, то можете оставить заявку на сайте qamqor-taraz.kz, на списание 15000 тенге по коммунальным платежам для 7-ми категорий граждан. Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 17 Май 2020 в 11:35 PDT Вниманию жителей города Тараз! Если не можете дозвониться…
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы, «Қаратау» м/а №1, 2, 3, 4, 5 үйлерінің ауласында жалпы жер көлемі 1300 шаршы метр құрайтын кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының құрылысы «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік қаражаты есебінен «Менің Елім» бағдарламасы бойынша басталды. Жобаны іске асыруды «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры қамтамасыз етеді. Алаңша түрлері: жасанды төсеніші бар және қоршалған кіші-футбол алаңшасы, тартан төсеніші бар көше тренажерлары, тартан төсеніші бар балалар ойын алаңшасы. «Қаратау» мөлтек ауданында 11800 адам тұрады, оның ішінде №1, 2, 3, 4, 5 үй тұрғындарының саны – 1500 адам. Аталған мөлтек ауданда 1592 оқушыға 1 жалпы білім беретін №38…
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! 2020 жылдың 14-31 мамыр аралағында Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау жарияланады.Байқау материалдарын Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1 (4 кабинет) мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.Байқауға эскиздер jpeg, cdr, psd нұсқасында ұсынылуы қажет.Байланыс телефондары: 45-54-97, 8 776 622 97 97Е-mail: gor_arhitektura@list.ru Тараз қаласының әкімдігі. Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау өткізу туралыЕРЕЖЕЖалпы ереже Ең жақсы логотипқа ашық байқау өткізу туралы осы Ереже байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген жұмыс талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу мен жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.Қағиданың мақсаты – Тараз қаласының үздік…
Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандағы екі күнге жоспарланған жұмыс сапары барысында аталған жобалардың сапалы орындалуы, қордайлықтардың қоғамдық-саяси ахуалы және көңіл-күйлері басты назарға алынды. Аты аңызға айналған халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туған жері Кенен ауылы табиғаты тамаша, мәуелі мекен десек артық айтпаймыз. Аудан басшылығы оны облыстың ең үздік ауылдық елді мекені байқауына қатыстыруды жоспарлауда. Дегенмен ауылдықтардың көтерер мәселесі де жоқ емес. Соның бірі – таза ауыз судың тапшылығы. Бұл түйткілді оңынан шешу үшін 132 миллион теңгеге 16 шақырымдық су құбыры тартылуда екен.…