Автор: admin

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен бекітілді. Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі болмақ. Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен,…

Read More

Мерекеге қарамастан, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 9 мамыр күні Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы мақсат – ауылдарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы кездесіп отырған мәселелермен танысу, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Айта кету керек, биыл Байзақ ауданына 173 жобаны жүзеге асыруға 12,9 млрд. теңге бөлінген десек, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6,3 млрд. теңге және өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бурыл ауылында ағымдағы жылдың наурыз айында 300 оқушыға арналған орта мектептің құрылысы басталған. Жобаның сметалық құны — 1,2 млрд. теңге. Мердігер ұйымның директоры Еркін Құлманбетовтың айтуынша, нысанда жұмыс кесте бойынша жүруде, ешқандай мәселелер…

Read More

«Жұмыс нашар жүргізілуде» — Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі цифрландыруды енгізуге бағытталған шаралар барысын осылай бағалады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл мәселе ағымдағы жылдың сәуір айында өткен кеңесте жан-жақты талқыланған. Бір айдан кейін бұл тақырып тағы да қаралмақ десек, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің баяндамасынан цифрландыруды енгізу бойынша бірқатар бастамалардың орындалмағанын байқауға болады. Айталық, білім беру саласында 7 бастаманың бесеуі, денсаулық сақтау саласында 12 бастаманың 10-ы ғана жүзеге асырылған. Әлеуметтік қызметтерді ұсынуда, қалалық басқарушылықта, көлік, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да кемшіліктер бар. — Ел…

Read More

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Мемлекеттік “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалардың сапасын бақылау және елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қадағалау бойынша Тараз қаласының аумақтық округтері бойынша 11 жұмыс тобы құрылғаны сіздерге мәлім. Тараз қаласының №11 территориялық округіне қарасты-Құмшағал шағын ауданы және Қызылабад, Көлтоған, Жиделі, Казарма, Береке, Шөлдала алқаптарында үстіміздегі жылдың 8 мамырынан бастау алған жұмыстар №11 жұмыс тобының жетекшісі Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың ұйымдастыруымен өз жалғасын табуда. Жұмысшы топтың мүшелері округ территориясын аралап, ондағы мәселелерді анықтап, жағдаймен танысу нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні топтың бірінші отырысында атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Жұмысшы топқа округ бойынша 19 870 тұрғынды…

Read More

Биыл Жамбыл облысында мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Атап айтар болсақ өңірде«Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында алты жаңа ауылдық мәдениет үйі мен клубтар ашылады. Сонымен қатар, екі ауылдық клуб пен кітапхана жөндеуден өтеді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағыт жөндеуден, ал Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағаты абаттандырылады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Сейсенбі, 12 мамыр күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы жұмыс сапары барысында «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстар барысымен танысты.Қазіргі таңда бұл нысандар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, тағзым етшілер үшін де тартымды орын саналады. Алдағы уақытта…

Read More

Қаһарына мінген қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Таразды күл-қоқыстан аршып, бей-берекетсіздіктермен бел шешіп күресуді бастап кетті. Соңғы күндердегі қауырт жұмыстардың нәтижесінде 374 тонна күл-қоқыс шығарылып, 58 шақырым арық жүйесі тазартылған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, Тараз қаласында 1799 тал-дарақ бұталанып, 103 құрылыс нысанының қоршаулары қалыпқа келтірілген. Бей-берекет орналасқан 109 сауда орынын тып-типыл етіп, заңсыз тұрған 65 дүңгіршекті алып тастаған. «Қызыл сызық» нормаларын бұзған 13 құрылыс нысанын бұзуға пәрмен берілсе, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылған. Ал жабайы жарнамалар ілінетін орынға айналған 221 аялдама сырланып, қалыпқа келтірілген. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамту…

Read More

Моңғолиядағы ең танымал спорт түрлерінің бірі Моңғолияның ұлттық күресі. Бұл елде ұлттық күрес балуаны олимпиада жүлдегеріненде артық сый құрметке ие болып жатады. Себебі бұл спортпен шұғылдану кез келген адамның қолынан келе бермейді. Тұла бойға біткен табиғи күш, жылдамдық, әдіс тәсіл, оған қоса дайындық барысындағы көп жылғы төккен тердің арқасында ғана жоғары жетістікке жетуге болады. Жәнеде бұл күресте салмақ айырмашылығы дейтін болмайды. Сондықтан да Моңғолдар бұл спортты тектілердің спорты деп атайды. Балуандар сұмындық, аймақтық, мемлекеттік дәрежелі деп бөлінеді. Сұмындық дәрежелі балуан 32 немесе 64 балуаннан ағалап сұмындық піл атағын алса, аймақтық дәрежелі балуан 128 немесе 256 балуаннан ағалап аймақтық арыстан атағына…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінен кейін бірден облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Еліміздің алдында корановирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермей, экономиканы қалпына келтіруге қатысты үлкен міндет тұр. Бұл орайда көп нәрсе қазақстандықтардың өздеріне, олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға деген жауапкершілктеріне байланысты болып отыр. Қазір төтенше жағдай режимі аяқталып, мемлекеттік комиссия өзінің басымдықтары мен атауын өзгертпек. Енді ол экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықты бұрынғы тіршілігіне тез оралту, тіпті одан да жақсарта түсу мәселелерімен айналысатын болады. Мемлекет басшысы жергілікті материалдарды барынша пайдалана отырып, экономиканың…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы спорт нысандарын аралау барысында осындай талап қойды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Ағымдағы жылы Жамбыл облысында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 13 жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) және 92 спорт алаңы салынады. Екі стадион күрделі жөндеуден өтеді деп көзделсе, үлкен теннис орталығы қайта жаңартылмақ. Сонымен қатар, 12 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл орайда Тараз қаласында 41 жоба жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек. Олардың қатарында үш денешынықтыру-сауықтыру кешені, 35 алаң, мектеп стадионын ағымдағы жөндеу, «Ұлан» стадионын күрделі жөндеу және теннис орталығын қайта жаңарту жұмыстары бар. Аймақ басшысы алдымен теннисті дамыту орталығына…

Read More

Бөлінген қаражатты тиімді игеру, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың үнемі назарында. Бұл туралы мәселелер әкімдікте өткен жиындардың күн тәртібінен түскен емес. Кезекті рет өткен кеңесте бұл аспект білім беру саласының жай-күйімен бірге қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.          Күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылаудан бұрын, аймақ басшысы өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге назар аударды. Тиісті құрылымдар осы бағыттағы бақылауды күшейтуі керек. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, аймақтағы 442 мектептің 5-еуі апаттық жағдайда. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдан бастап Қордай ауданында бір және Шу ауданында екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Басқарма…

Read More