Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапалы құрылыс барысындағы оңтайлы шығындар

    Сапалы құрылыс барысындағы оңтайлы шығындар

    Өңір тынысы 12/05/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы спорт нысандарын аралау барысында осындай талап қойды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Ағымдағы жылы Жамбыл облысында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 13 жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) және 92 спорт алаңы салынады. Екі стадион күрделі жөндеуден өтеді деп көзделсе, үлкен теннис орталығы қайта жаңартылмақ. Сонымен қатар, 12 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Бұл орайда Тараз қаласында 41 жоба жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек. Олардың қатарында үш денешынықтыру-сауықтыру кешені, 35 алаң, мектеп стадионын ағымдағы жөндеу, «Ұлан» стадионын күрделі жөндеу және теннис орталығын қайта жаңарту жұмыстары бар.

    Аймақ басшысы алдымен теннисті дамыту орталығына ат басын бұрып, ондағы жоспарлы жұмыстармен танысты. Мұнда алты корт бар десек, олардың екеуі жабық корт. Орталықты қайта құру жұмыстарын «Қордай Жолғай» ЖШС жүзеге асыруда, жоба құны 200 млн.теңгені құрайды.

    Бердібек Сапарбаев шығындарды оңтайландыруды, жобаның құнын төмендетуді, ал мердігерден бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жақын маңдағы әлеуметтік мекемелерге көмек көрсетуді талап етті. Мұндай талап туралы «Шалғай Қарасу» массивінде ДСК салып жатқан «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС өкілдеріне де айтылды. Оған жақын жерде жазғы спорт алаңына ұсақ жөндеу және сырлауды қажет ететін №21 мектеп орналасқан.

    Осыған ұқсас дене шынықтыру-сауықтыру кешендері «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Талас» және «Қант зауыты» шағын аудандарында да салынатын болады.

    Жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі жасыл желектерді сақтау, балаларды көптеп тарту үшін секциялар санын арттыру, автотұрақ пен жазғы спорт алаңын қарастыруға айрықша көңіл бөлді. Қажет болған жағдайда жобаға өзгерістер енгізу керек.

    Осы орайда «Ұлан» стадионын күрделі жөндеу жобасына да өзгерістер енгізу қажеттігі ескерілді. Футбол алаңының деңгейін көтерудің ерекше қажеттілігі болмағанымен, кешен қазіргі №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратының қасбетімен өзара үйлесім таба түспек.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы Рысқұлов көшесіндегі жол құрылыс барысымен танысты. Бердібек Сапарбаев мердігерге жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты ескерту жасап, оларды тез арада түзетуді тапсырды.
    «Қаратау» шағынауданындағы № 1-5 үйлер арасындағы аулада «Самұрық-Қазына Траст» қорының қаржысына заманауи көпфункционалды спорт алаңы салынуда. Онда шағын-футбол алаңы, көше тренажерлары мен балалар аймағы қамтылып, нұсқаушы және үш күзетші жұмыс істейтін болады.

    Облыс әкімі жарықтандыру, ескі құрылымдарды әрлеуді, халықпен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.
    — Алаңдар халықтың барлық санаттары үшін қолжетімді және жергілікті жастардың жиі келетін орталығына айналуы тиіс, — деді аймақ басшысы.

    Осындай жобаларды «Самұрық-Қазына Траст» Байзақ және Қордай аудандарында да жүзеге асырмақ. Олардың барлығы 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс.
    — Бізге жамбылдықтарды жаппай спортқа тарту керек. Спорт алаңдары мен басқа да нысандар бос тұрмауы тиіс. Бұл ретте жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

    Ешкім бюджет қаржысын есептемейді. Кейбір жобалардың құны өте жоғары. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобаны әзірлеу барысында бақылауды, шығын мөлшерін барынша оңтайландыру және құрылыс сапасына мониторинг жүргізуі қажет, — деп қорытындылады облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Жамбыл облысы жолдар

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.