Автор: admin
Мәселен, өңірде жыл басынан бері 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болған, — деп хабарлайды «Хабар 24». Ал оның жетеуі бала. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың дені азаматтардың өздерінің салғырттығынан болуда. Көбі шомылуға тиым салынған, қауіпсіздік шаралары сақталмаған жерде суға түседі. Сондай-ақ демалыс орындарында ішімдік ішудің де соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Соңғы бірнеше аптада тек Тараздың өзінде екі адам судан ажал құшты. Қазір жағажайларда 77 құтқарушы кезекшілік жасайды. Облыста 3 жағажай болса, оның тек екеуінде ғана шомылуға рұқсат берілген. Келеңсіз жайттарды алдын алу үшін мамандар өзен-көлдерде 300-ден астам рейдтік шара ұйымдастырды. Облыстық тжд басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев былай дейді: «Қазіргі таңда…
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов үкімет басшысына қолға алынған қосалқы шаруашылық жайында баяндады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы үш аптада 376 елді мекенді аралап шықты. Сондай-ақ, 136625 ауланың дерекқоры жиналды. Бұл сапар – шалғайдағы жұртқа тиімді жобаның шарапатын сездіру үшін жасалды. Бүгінде облыста 68 мың бизнес субъектісі тіркелген. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында барлық кәсіпкерлік субъектісіне сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде құны 70, 9 миллиард теңгені құрайтын 126 жоба қолдау тапқан. Ал, жалпы құны 497,7 миллион теңгені құрайтын 9 кәсіпорынның жобасы екінші деңгейлі банктермен мақұлданса, 20,1 миллиард теңгеге бағаланған 9 жоба әлі де қаралу үстінде. Егер ұсынылған жобалар толықтай жүзеге асатын болса,…
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева жаза ретінде ақшалай айыппұл алды, — деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz. Сот Эльмира Суханбердиеваны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. 10 шілдеде № 2 Есіл аудандық сотының судьясы Нұр-Сұлтан Бақытжан Есенов іс бойынша шешімді жариялады. Эльмира Суханбердиева (артта) және оның адвокаты Айгүл Әмренова. © Tengrinews.kz Вице-министр Суханбердиеваға қандай айып тағылған? Сот тергеуі жүріп жатқанда Эльмира Суханбердиева қамауда болды. Сотқа тергеу изоляторынан оны айдауыл жеткізді. Шеверняева қамауға алынбады. Айта кетейік, бұған дейін сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу…
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы ведомство басшысы баспасөз конференциясында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жауапкершілік пен кінәні шатастырудың қажеті жоқ. Кінәні сот анықтайды. Ашығые айтайын, өзім кездескен Арыс тұрғындарынан кешірім сұрадым. Мен біразымен кездестім, олардың арасында зардап шеккендер де бар, эвакуацияланғандар да бар. Зардап шеккендермен кездесу барысында тағы да кешірім сұрауға дайынмын. Бірақ меніңше, әскерилердің басты мақсаты — сөз сөйлеу мен популизмді дамыту емес, іспен көрсетіп, болған жағдайды қалпына келтіру деп білемін», — деді Нұрлан Ермекбаев. Ведомство басшысы, қазіргі уақытта Қарулы күштер сапында жүргендердің арасында осының барлығына жауап беретін қорғаныс министрі секілді қатты уайымдап жүрген жан жоқ…
Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған. Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген. Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр. Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде…
Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды. Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады. Басылым мәліметі бойынша, бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының (Шу қаласынан 15 шақырым жерде) маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты. Ол екі баланың әкесі болатын. Дененің қасында оның құжаттары болған: жеке куәлік және қызметтік куәлік ұялы телефонмен бірге пакеттің ішінде жатқан, онда азғантай ақша, джинс, екі жейде және басқа да киімдер…
Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Мәселен, өткен аптада республика өңірлерінде әр түрлі қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты. «Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі рота командирі полиция майоры М. Каскин жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін жеке тұлғадан пара алған. Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы сотпен жеңгетайлықпен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне қамқорлық көрсету арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін…
Таразда ұялы телефондардың IMEI-кодтарын өзгерткен екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодтарын яғни IMEI-код заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады. Атап айтқанда, Тараздың 37 және 25 жастағы екі тұрғыны ұрланған смартфондардың IMEI-кодтарын өзгерту дерегі бойынша күдікті деп танылуда. Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде. Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс…
Үндістанның Ассам штатында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты, — деп хабарлайды «Хабар 24». Табиғат апатынан 13 мыңнан аса тұрғын зардап шекті. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең қауіпті деп саналған Джорхат штатында әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Баспаналарын тастауға мәжбүр болған тұрғындар уақытша лагерьге орнатылды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Брахмапутра өзенінің суы қауіпті деңгейге дейін жетіп отыр. Құтқарушылардың эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге тасқыннан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Денис Тен. Мәңгі есімізде», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев. https://www.instagram.com/p/BzporIBB8ev/?utm_source=ig_embed Айта кетейік, Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге ескеркіш 22 маусымда қойылған еді. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған. Денис Тен Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 2018 жылы 19 шілдеде автоұрылармен қақтығыс салдарынан қайтыс болған. Олар спортшының сан артериясына пышақ ұрған. Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар сот алдында жауап берген еді. 2019 жылы 17 қаңтарда оларға үкім шықты — Тенді өлтірген жігіттер…