Автор: admin
Жеті адам Багам аралында тікұшақ апатынан қаза тапты, — деп хабарлайды BNO News басылымы америкалық билікке сілтеме жасап. Жетеудің ішінде көмір магнаты әрі миллиардер Крис Клайн болғаны айтылады. Олардың мәліметтеріне сәйкес, оқиға бейсенбі күні таңертең болған. Тікұшақ Багам аралдарының ең Солтүстік аралына жақын Атлант мұхитына құлап кеткен. Бұл ұшудан кейін көп ұзамай болған. Бортта барлығы жеті адам болған, ешкім аман қалған жоқ. Достары өлгендердің бірін Клайн деп тапты. Клайн өзінің 62-ші туған күні қарсаңында қаза тапты. Қалғандарының аты-жөні анықталған жоқ. Forbes журналындағы мәліметке сәйкес, Клайнның қайтыс болған кездегі жағдайы — шамамен 1,8 миллиард доллар, ол 2000 жылдардың басында байыған.
Шымкент қаласында «Ұлттық домбыра» күніне орай салтанатты шара өтті.
Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары — ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Алдын-ала есептеулер бойынша, биыл 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 миллиард теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 миллиард теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 миллиард теңге бөлінген. «7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына…
Беларусь астанасы Минскіде ел тәуелсіздігі күніне орай үйымдастырылған мерекелік отшашу кезінде бір әйелдің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды БЕЛТА Тергеу комитетіне сілтеме жасап. «Отшашуды Свислочь өзенінің жағалауында тамашалап тұрғанында жарақат алған 1955 жылғы әйелге дер кезінде көмек көрсетілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады», — деп мәлімдеді Тергеу комитеті. Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, отшашу кезінде төрт адам зардап шеккен. Ведомство мәліметінше, «отшашу кезінде қолданылған зарядтар бұдан бұрын да пайдаланылған». Қорғаныс министрлігі мен Тергеу комитетінен құралған комиссия Минскіде отшашу болған кезде азаматтардың жарақат алу себебін анықтап жатыр. https://twitter.com/mc_maxim/status/1146513867956244480
Ко Дню медицинского работника профессиональная деятельность врача-хирурга ГУ «Госпиталь и поликлиника Департамента полиции Жамбылской области» Букимбая Утешова была отмечена наградой Министерства здравоохранения РК — нагрудным знаком «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» Во время многолетней работы в госпитале, начавшейся с 2005 года, через умелые руки хирурга Б. Утешова прошло огромное количество пациентов, среди которых сотрудники органов внутренних дел, департамента по борьбе с экономической и коррупционной преступностью, прокуратуры, уголовно-исполнительной системы. Высокую оценку работе коллеги дала начальник госпиталя ДП Жамбылской области Айгуль Масельбекова, отметив его ответственное отношение и преданность делу, высокий профессионализм, заботу и внимательность к пациентам. На торжественной церемонии вручения нагрудного знака «Денсаулық…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Ақордаға баспасөз қызметі. Президент мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында мына қаулыға қол қойды: 1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар: 1) қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; 3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор…
Андрей Аршавин ажырасты, — деп хабарлайды РИА Новости. Санкт-Петербург аудандық соты қазақстандық «Қайрат» футбол клубының экс-футболшысы Андрей Аршавин мен жары Алиса Казьминаның (Аршавина) некесін бұзды. Мұндай мәліметтерді адвокат Виктория Савицкая мәлімдеді. «Олар ажырасты. Шешім заңды және негізделген», — деді Аршавиннің адвокаты Савицкая. Оның айтуынша, сот баланы анасымен қалдыруға шешім шығарған. Адвокаттың мәліметтері бойынша, Андрей Аршавин ажырасу шарттары бойынша 300 мың рубльге жуық алиментке беріп отырады. Үш баласы бар Аршавин 2016 жылы қыркүйекте журналист Алиса Казьминға үйлерген еді. 2017 жылы ақпанда олардың қызы дүниеге келді. Айта кетейік, Аршавин спорттық мансабын аяқтағанға дейін ол «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клубта 2016 жылдың наурыз…
Өңірде бекітілген алгоритмге сай атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысы алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Бұдан кейін округтегі ауылдық клубта шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы ауылдықтардың әлеуетін арттырудың басты бағыттарына тоқталды. Еркін форматтағы кездесуде Асқар Исабекұлы тұрғындарға тиімді табыс көзіне бейімделудің негізгі тетіктері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті. Жұмыс сапарын қорытындылап, аудан активімен жиын өткізілді. Жиында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің елдімекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды. Кездесу…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты мәселелерін шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Тengrinews.kzтілшісі. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», — деп жазды Тоқаев. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1146284343893078018?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1146284343893078018&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-kostanaydagyi-kazaktld-mekteptn-maselesn-sheshud-299241%2F
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді», — деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында. Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. «Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі…