Автор: admin
Алматыда түнгі клубтың кіре берісінде ер адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Департамент таратқан хабарламаға қарғанда, оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні Алмалы ауданындағы түнгі клубтардың бірінде болған. «Достар арасында туындаған қақтығыс саладарынан 1991 және 1992 жылдары туған екі ер азамат пышақталды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» делінген полиция департаментінің хабарламасында. Сонымен қатар полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын да хабарлады. «1985 жылы туған күдікті ізін суытпай ұсталды. Үш ер адам бірге ішімдік ішкен. Ішімдік ішу негізінде туындаған ерегес жанжалға айналды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі…
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» титулын жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында 1-24 желтоқсан аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша Жұлдыз Абдукаримова бірінші орынға ие болды. Ол осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардан қолдау көрсетуін сұраған еді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) Айта кетейік, Қайрат Нұртастың әйелінің Instagram желісіндегі парақшасында 2,3 миллионнан аса қолданушысы бар. Төрт баласы бар — екі ұл және екі қыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) «Әлем ханым» — бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыс құрған ханымдарға арналған жыл сайынғы сұлулық байқауы ретінде…
Алғаш «Шаншар» театрында өнер көрсетіп, кейін «Шымкент шоу» арқылы танылған актер Берік Тұрсынбеков қызықты оқиғаларын баяндады. Өмірдегі жеңісі мен жеңілісі, күйзелісі мен қиындықтары туралы айтты. Қыз үшін төбелескен кездерін еске алды. Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды. Берік Тұрсынбеков мектепте тәртіпті бала қатарында болды. Үйде де тәртіп бұзбайтын бала болып өсті. Мұны ұстаздары мен бауырлары растайды. Гуманитарлық пәндерді жақсы оқыған. Абайдың өлеңдерін жақсы білген. Домбыра тартып, мектептің іс-шараларына белсене қатысыпты. «Мен өте тәртіпті оқушы болдым. Менен үлкен Серік деген ағам болды. Ол өте сотқар еді. Ауылдың бандиті десем де болады. Оны бұзықтығы үшін әкем үш күндеп үйден қуып жіберетін еді. Мен керісінше тәртіпті…
Бүгін тұрмысқа шыққан волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуі кім екені белгілі болды. Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайдың жазуынша, Алтынбекова Саят Салманұлы деген адаммен некесін қидырған. «Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелірін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!» деп жазды дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы. Бұған дейін Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазған еді. Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның өзі Instagram парақшасында хабарлады. Алтынбекованың Instagram парақшасындағы жазбасына қарағанда, ол сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған . «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазды волейболшы. Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.
Өзбекстанның Наманган облысында 16 жастағы бойжеткен өзін алып қашып кетпек болғандардан сытыламын деп көлік жүріп бара жатқанда секіріп, мерт болды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Олардың жазуынша, дәрігерлер қыздың ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмғанын хабарлаған «Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Нарын ауданында болған. 18 және 23 жастағы екі жігіт құрбыларымен бірге пәтер жалдап, оқуға түсуге дайындалып жүрген қызды үйінен ұрлап әкеткен. Полиция қызметкерлері бұл ақпараттан хабарсыз екенін айтқан. Қаза болған қыз Үшқорған ауданының тумасы екені айтылады. Оқиғаға байланысты «Адам ұрлау» және «Қауіп-қатерге тігу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған» деп жазды Азаттық радиосы.
Әуесқой бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіповтің туған інісі қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. «Қазақстанның бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтың туған інісінің өмірден озуына байланысты көңіл айтады. Мұндай қымбат адамды жоғалту аса ауыр. Отбасының қайғысына ортақтақпыз» делінген бокс федерациясының хабарламасында. 23 жастағы Жүсіпов Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының тумасы. Ол бокстан жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, ересектер арасында Әлем және Азия чемпионатының жүлдергері, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы.
Адам тағдыры алуан кесетлі келеді ғой. Шекаралар ашылып, әлем жаһандану үрдісін бастан кешіп жатқан тұста, сан түрлі әңгімелерді естіп жататынымыз анық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де Кариб теңізінің бір бұрышындағы Багам аралдарына кетіп, жуырда ғана елімізге келді. Қиырдан оралған отандасымыздың есімін белгілі және белгісіз себептерге орай, «Е» деп алуды жөн көрдік. 1993 жылы еліміздің күнгей аймақтарында дүниеге келген оның 2018 жылдың қаңтар айына дейінгі өмірі бізге беймәлім. Білетініміз, сол жылы ресейлік туристік компаниялардың бірінің көмегімен Қазақстаннан Доминикан Республикасына он күндік демалысқа аттанған. Мұхиттың арғы бетіндегі Доминиканда тоғыз күн демалып, одан әрі жеке ұшақпен Багам аралдарына заңсыз ұшып кеткен. Кейіпкеріміздің пайымына…
МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Майғазиевтың жазуынша, ол бұл қызметке Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен тағайындалған. Әнші бұған дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарған болатын. 45 жастағы Майғазиев Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің түлегі. Ол — 2001 жылдан бері Қазақстанға танымал «МузАрт» тобының мүшесі. Майғазиев қазақ эстрадасында жеке орындаушы ретінде де танымал. Әнші…
Суицид жасап қайтыс болған ішкі істер министрлігі академиясының 19 жастағы курсанты Саламат Өтегенов қайғылы оқиғаға дейін ата-анасынан ірі көлемдегі ақша жіберуді сұраған. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлады. Жігіттің анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессия тапсыру үшін ұлы 80 мың сұраған. Ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған. Ата-анасы курсант екінші курсқа барғанда жылдам берілетін кредит рәсімдегенін білген. Олар қарызды өтеп, не үшін алғанын білмек болған. Ол ата-анасына жүк түсірмеу үшін займ алғанын жеткізген. Саламат қайғылы оқиғаға дейін әдеттегіден әлдеқайда қомақты ақша сұрай бастаған. Ата-анасы 3,5 ай ішінде 630 мың теңге жіберді. Соңғы тәулікте ағасына: «Егер дәл қазір ақша жібермесең, қолымнан немесе аяғымнан айырыламын»…