Автор: admin
Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыстардан кейін бір тәуліктен астам уақыт өтті. 45 мың қала тұрғыны толығымен эвакуацияланды, көптеген үй қирады, жарылыс қаупі әлі де бар. Қазір қалада тек шұғыл әрекет ету қызметтері бар. Десе де кей адамдар билік өкілдерінің өтінішіне қарамастан, қалаға кіріп кетіп жатыр екен. Қазіргі таңда қаланың бет-бейнесі қандай екені, барша қазақстандықтардың назары қайда ауғаны және жергілікті тұрғындардың қауіп-қатерге қарамастан неге қалаға оралып жатқаны Tengrinews.kz тілшісінің репортажында. Бұл суреттерде әскери бөлім мен қоймалар орналасқан қаланың бөлігіне бөгде адамдарды өткізбеуді қадағалап жүрген әскери қызметкерлер. Жарылыс болған жерлерде әлі де түтін шығып жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілдері қоймаларда әлі жарылмаған…
Арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созуда, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып әулиеаталықтар қол ұшын созуда. “Көрші ақысы – Тәңір ақысы” деген тәмсілге терең бойлаған жамбылдықтар игі іске жұдырықтай жұмылуда. Төтенше жағдайдың зардаптарын жою және жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде арнайы штаб құрылып, жұмысын бастап кетті. Орын алған оқыс оқиғаға Жамбыл жұртшылығының берген көмектерін бір орталықта жинау мақсатында арнайы пункттер ашылды. Нәтижесінде Жамбыл облысынан 75 тонна азық-түлік, киім-кешек тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар тиелген жүк көліктері Арыс қаласына жеткізілді. Бұдан бөлек медициналық…
Венесуэла президенті Николас Мадуро елде маусым айында үкіметті құлату мақсатында астыртын сөз байласқандардың ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Венесуэла қоғамы мен демократиясына шабуыл жасауға ниеттенген фашистік және террористік банданы әшкере етіп, ұстадық. Олар ұсталды, толық дәлелдерімен қамауға алынды, 14 ай бойы осы қылмыстық фашистік топты аңдыдық», — деп мәлімдеді Мадуро мемлекеттік телеарна эфирінде. Мұның алдында байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес 24 және 24 маусым күндері оппозицияның АҚШ-тың, Колумбияның және Чилидің қолдауымен билікті құлатып, Мадуроны, әйелі Силия Флоресті, сондай-ақ, Ұлттық құрылтай жиынының басшысы Диосдадо Кабельоны өлтіруге ниеттенгенін айтып берген еді. Родригестің айтуынша, бүлікшілер билік басына генерал Рауль Бадуаэльді келтірмек…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. «Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын: 1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады; 2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керектігін айтты. «Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», — деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді реттеудің қосымша шараларын қабылдауы тиіс екенін атап өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні” кәсіби мерекесіне арналған Халық жазушысы Шерхан Муртаза атында журналистер арасындағы спартакиада өтуде.
Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған қоғамдық дәрістер өтті. Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ақпараттық-насихат тобы мемлекеттік қызметшілерге арналған қоғамдық дәріс жүргізді. Дәріске өңірлердің Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, тіл мамандары қатысты. Лекторлар Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов, ҚР Парламенті Сенаты депутаты М.Бахтиярұлы, «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов болды.
26 маусымда Ауғанстанда АҚШ-тың екі сарбазы қаза тапты. Бұл туралы НАТО миссиясының өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды «Лента.ру». «Талибан» террорлық ұйымы осы шабуылдарды өз мойнына алды. Шабуылға дейін бір күн бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ауғанстан президентімен келіссөздер жүргізуге келген. 29 маусымда Вашингтон мен талибтер арасында келіссөздердің жетінші раундты басталады. Осыған дейінгі келіссөздерде «Талибан» өкілдері басқа да экстремистік ұйымдармен қарым-қатынасты үзуге міндеттелген. 2019 жылдың басынан бері Ауғанстанда кемінде америкалық сарбаз қаза тапты. Жалпы 2015 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан АҚШ әскерінің саны 65-ке жеткен. Қазіргі уақытта елде шамамен шетелдік 20 мың әскер бар, оның көпшілігі — америкалықтар.
Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қаланы айналып шығу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді. Сурет: akorda.kz Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды. Сурет: akorda.kz
Арыста ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы. Арыс қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті дамылсыз күзетіп жүрген Ұлттық ұланның жауынгерлері ұрылардың жолын кесіп, травматикалық тапаншамен жүрген бір азаматты ұстады. Түнгі патрульге шыққан капитан Елдос Берденов және қатардағы Алмат Құлғарашев ішкі істер органының қызметкерімен бірге қалалық әкімдіктің маңында жүрген бір азаматты байқайды. Жүрісі күдік тудырған азаматты тексеру барысында, оның травматикалық тапанша мен төрт оқты қойнына тығып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Арыс — Монтайтас» тас жолы бекетін бақылап тұрған аға лейтенант Думан Калкеев және кіші сержант Ғалым Байбатшаев өтіп бара жатқан автокөлікті құжаттарын тексеру үшін…