Автор: admin
Жамбыл облысының полиция департаментінде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге арналған тренинг өтті, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастамасымен ПД мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне арналған танымдық тренинг өтті. Тренингті ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының нұсқаушы-психологы полиция капитаны Зәуре Асаубекова өткізді. Ол қатысушыларға позитивті ойлау және еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтауды ұсынды. «Бұл тренинг біздің қызметкерлер арасында алғаш рет өткізілуде», – деді Зауре Асаубекова. Олар әрдайым өз міндеттеріне кәсіби тұрғыда қарайды, бірақ бүгінгі кездесу олардың әрқайсысының жұмыста қаншалықты белсенді екенін, сондай-ақ оның нәтижелілігін, позитивті ойлауды дамыту дағдыларының бар-жоғын анықтауда жаңа пайдалы білім…
Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) сән үйінің қожайыны француз Бернар Арностал байлығы 100 миллиард долларға жеткен ең бай үшінші адам атанды, — деп хабарлайды Lenta.ru америкалық Bloomberg басылымына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Арноның байлығы 100,4 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Соңғы күндері оның ақшасы үш миллиардқа артқан. Жыл басында Арноның активтері 32 миллиард долларға ұлғайған. Себебі LVMH компаниясының акциялары 43 пайызға артқан екен. Bloomberg басылымының мәліметінше миллиардер рейтингінде Арно үшінші орында тұр. Арно Amazon интернет-компаниясының иесі, байлығы 119 миллиард доллар деп саналатын Джефф Безос және Microsoft компаниясының басшысы Билл Гейтске қана есе жіберіп тұр. Билл Гейтстің байлығы 106 миллиард доллар деп бағаланған. Bloomberg басылымы Арноның байлығын Францияның ЖІӨ-ның 3 пайызына тең екенін хабарлады. Ал Forbes басылымы Арноның байлығын есептей отырып, оны…
Қазақстанда бүгінге дейін басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында сайлаушыларға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі жазаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. ҚР Бас прокуратурасының өкілдері президент сайлауының заңнама нормалары бойынша өткенін мәлімдеді. Прокуратура мәліметінше, сайлау кезеңінде 36 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ын сот қараса, алтауы енді қаралып жатыр. «9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 108-бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы — бір дауыс — бір бюллетень). Негізінен олар…
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің соттан тыс жазалау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Аньес Каламар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты барын айтып, халықаралық санкциялар енгізуге шақырды, — деп хабарлайды РИА Новости. «Ұсыныстар… Хашукджи өліміне қатысы бар жеке тұлғаларға қатысты мақсатты санкциялар енгізу қажет. Оның ішінде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы да бар. Мұрагер ханзаданың Хашукджи жазасы үшін жауапты еместігін дәлелдер ұсынғанға дейін осы санкцияларды енгізу қажет», — делінген сәрсенбі күні жарияланған Каламар баяндамасында. Каламардың ойынша, журналистің өліміне қатысы бары дәлелденген Сауд Арабиясы басшылығының жоғары лауазымды өкілдеріне қатысты санкциялар енгізу қажет. Құжат Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 41-ші сессиясы барысында Хашукджи…
Мәскеуде Электрозауыт станциясында жаппай төбелес болды, — деп хабарлайды «Лента.ру». Алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қатысқандардың бірі қайтыс болған, тағы үшеуі жарақат алған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мас күйде болған жігіттер төбелескенін айтқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылып, үш адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауруханада ауыр халде жатыр. Қайғылы жағдай Құлан ауылында болған. Меrcedes жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Passat-қа соғылған. Соққының даусынан тіпті тұрғындар шошып оянған. Сондай-ақ, телеарнадағылардың мәліметінше, екі техниканың бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Біреуінің спидометрі сағатына 140 шақырым жылдамдықты көрсеткен бойда қатып қалған. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. «Қаза тапқандар — 1995 жылы туғандар. Екеуі де отбасылы болған. Кәмелет жасына толмаған екі балалары бар. Олардың ішімдік ішкен-ішпегендері сараптамадан кейін белгілі болады», — деді Жамбыл облыстық ПД…
Бүгінде ел қазынасындағы қаржы 30 триллион ға жуықтайды. Қолдағы мәліметтер ге сүйенсек осы қаражаттың жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады екен. Демек мемлекет бұхараға мейлінше жағдай жасап отыр. Үкіметтен берілетін жәрдемақымен күн көрісін айырып отырған ағайынға қосымша табыс көзін табу керек па? Менің ойымша әбден керек. Мәселен Жамбыл облысы халқының 70 пайызға жуығы ауылда тұрады. Шалғайдағы жұртшылықтың жағдайын жақсарту үшін не істемек керек? Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен наурыз айында атқарушы биліктің жұмыс алгоритмі бекітілді. Алгоритмде жоғарыдағы мәселелер толығымен қамтылды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда «Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың маңызы айрықша. Өйткені мемлекет бұған дейін жұртшылықты киім-кешек, азық-түлік, құрылысқа қажетті құрал…
Келер жылдан бастап дәріханалар рецептілерді электронды форматта қабылдайды, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 18 маусымда есептік кездесу барысында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ендігі жылдан бастап дәрігер берген нұсқау қағазды 3 жыл сақтауға болатынын айтты. Сондай-ақ бұл — халықаралық тәжірибе екенін де айта өтті. Сарапшылардың айтуынша, көптеген елдегі дәрі-дәрмектердің жартысы көлеңкеде қалып отыр. Оның 10 пайыздай тасада қалада. Министр Қазақстандағы көлеңкелі айналым көлемі де белгісіз екенін айтты. Рецептілік бақылау науқастар қауіпсіздігі үшін керек. Қазіргі уақытта 3,5 миллион рецепті электронды түрде берілген. Қазір елге жеткізілген препараттардың үштен бір бөлігі тегін беріледі. Министр енді оның саны көбейетінін мәлімдеді. «Барлық дәріханалар рецептіні 3 жыл сақтау керек…
Үндістанда табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр, — деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аймақтағы барлық мектептер маусымның 22-сіне дейін жабық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, қазір ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Бұл аздай Бихар штатында энцефалит деп аталатын мидың қабынуы дертінен балалар зардап шегіп жатқан көрінеді. Тез жайылып бара жатқан қауіпті дерттен шамамен 100 бала көз жұмды. Ауруханада ем қабылдап жатқандардың нақты саны әзірге белгісіз.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Су-27 жойғышы америкалық В-52Н бомбалаушысын әуеде ұстаған видеосын жариялады, — деп хабарлайды РИА Новости. Осыған дейін Ұлттық қорғанысты басқару орталығы өкілдері америкалық әскери ұшақтардың Ресей шекарасына жақындағанын мәлімдеген. Яғни Қара және Балтық теңіздері жағынан. Бірақ олар шекараны кесіп өтпеген. Ресейлік ұшақтар халықаралық тәртіпке сәйкес оларды қағып түсірген. https://youtu.be/r7h7uFXbg1o Соңғы уақытта шетелдік барлаушы ұшақтар Ресейдің шекарасында және әскери аймақтарда көп байқалып жүр делінеді. Ресейдің қорғаныс министрлігі қызметкерлері оларды Балтық және Қырым, Краснодар өлкесін көп көреді екен. Сондай-ақ ұшақтар Сириядағы ресейлік базасынан да ұшып өтеді.