Автор: admin

Мемлекет басшысы Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елді дамытудағы бағдарларды айтты. Оның айтуынша, бірінші бағыт: халықтың табысын арттыру. «Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен өсім бізге не үшін қажет? Терең түсінуіміз қажет. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс. Таяу арада үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз», — дейді ол. Екінші бағыт, Тоқаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою. «Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың мөлшерін деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. …

Read More

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. «Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі», — делінген хабарламада. Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты не мазалайтынын айтты. Ол 2019 жылдың 13 мамырында жалпыхалықтық акция басталғанын еске салды. Президент оған атсалысқандардың барлығына алғыс айтты. «Акцияның басты мақсаты ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. 540 мыңға жуық ұсыныс-тілектер келді. Бірге акцияға қатысып, азаматтық белсенділік көрсеткен халыққа шын жүректен алғыс білдіремін», — деді Президент. Ол мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуі жайлы сөз қозғады. «Біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз. Бүкіл халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділеттік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап, мемлекеттік органдардың халыққа әділ…

Read More

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерге қолжетімділіктің қиындауына шағымданды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында WhatsApp мессенджерінде кейбір пайдаланушылардың жұмыс істемей жатқанын жазды. WhatsApp-тың web-нұсқасында және мобильді қосымшада да байқалды. Кейбір қолданушылар хабарламалардың жіберілгенімен, бірақ медиафайлдар жүктелмейтінін айтады. Сондай-ақ, кейбір қазақстандықтар Facebook және Instagram желілеріне де кіре алмай отырғанын жазып жатыр.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск өзінің құттықтау хатында Еуропалық одақтың Қазақстанмен қарым-қатынасына бейілді екенін тағы бір нақтылаған. «Қазақстан — Еуропалық одақтың маңызды әріптесі. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім, болашақтағы тереңдетуге ұмтылған біздің мазмұнды іс-қимылымыздың негізі болып табылады», — делінген жеделхатта. Дональд Туск бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену болып табылатын Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық пен диалогтарды жүргізудегі рөлін құптады. Чехия Республикасының Президенті Милош Земан да Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. «Мен Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайланғаныңыз туралы хабарды үлкен…

Read More

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Tengrinews.kz салтанатты шараны онлайн бақылады. Кейінірек Tengrinews.kz тілшісі ұлықтау рәсімінің толық видеосы мен Президенттің сөйлеген сөзін жариялайды. 11.40 Президентті ұлықтау рәсімі аяқталды. 11.32 Алаңда Қазақстанның Қарулы күштерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр. 11.30 Қасым-Жомарт Тоқаев залдан шықты. Президент енді Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға барады. 11.24 Қазақстанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады. Кеңестің алғашқы отырысы тамызда өтеді. 11.19 «Биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруымыз керек». 11.17  Тоқаев қазақстандықтарға үнемі есеп беруге, тек уәде бермей, оны іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді. Сондай-ақ, Президент халықты не мазалайтынын айтты. «Халықты толғандырып отырған басты мәселе — табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің…

Read More

Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айларында облыстағы 34 847 тұрғыны бар 30 елді мекен газ жүйесіне қосылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу барысында бес әлеуметтік бастаманың бесіншісі — Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру Түркістан облысында қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргізілді. Осыған байланысты облыстағы барлық аудан әкімдері тұрғындармен әр үйді газға қосу жұмыстары бойынша ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы…

Read More

11 маусымда Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Бекболат Орынбеков халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге барлығы 94 дарынды оқушылар мен мектеп басшылары қатысты.2018-2019 оқу жылында облыс бойынша халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 245 оқушының 130-ы (55,2%) жеңімпаз атанды. Оның 29-ы – Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан, 43-і – Республикалық, Президенттік олимпиадалардан, 22-сі – Республикалық ғылыми жобалар жарыстарынан және 36-сы – Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар жарысынан және Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасынан жеңіспен оралған дарынды оқушылар. Республикалық пәндер олимпиадасының және ғылыми жобалар жарысының (7 жыл қатарынан) қорытындысы бойынша облыс командасы, «Ең үздік команда»…

Read More

Алматы полиция департаменті маусымның 10-нан 11-не қараған түні қоғамдық тәртіпті бұзу туралы, атап айтқанда, түнгі уақытта қала бойынша санкцияланбаған митинг және кейінгі шеру фактісі бойынша мәлімдеме жасады. Полиция мәліметінше, кеше, 2019 жылы 10 маусымда шамамен 18:00 және 2019 жылы 11 маусым 02:00 аралығында Алматы қаласында бірнеше адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзды. Осы заңбұзушылықтарға қатысқандарды полиция ұстады. «Жақын арада аталған оқиғаларға құқық қорғау органдары тарапынан толық құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, инсинуацияны болдырмау және халықты анық хабардар ету мақсатында полиция қазіргі уақытта расталған бірқатар деректерді айтқым келеді», — деді полицейлер. 10 маусымда 18:00 шамасында «Алғабас» ықшамауданында «Алатау» театрының алдында Р. Заитовтың…

Read More

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында 54-қабатты кеңсе ғимаратының шатырына тікұшақ соғылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасап. «Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері Жетінші авеню, 787 мекенжайына жетті. Тікұшақ қатты қонған», — деп хабарлады ведомство өкілдері Twitter желісінде. CNW видеосында тікұшақтың бірер сәт басқарусыз ұшып келіп, апат жағдайында ғимарат үстіне құлағаны көрінеді. Кейін ведомстводағылар бір адамның қаза тапқанын хабарлады. https://twitter.com/ConflictsW/status/1138157852625920000?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1138157852625920000&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fnyu-yorkte-tkushak-zaulm-uyge-sogyildyi-298559%2F https://twitter.com/ConflictsW/status/1138148631247237120?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1138148631247237120&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fnyu-yorkte-tkushak-zaulm-uyge-sogyildyi-298559%2F

Read More