Автор: admin

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда болған митингіге қатысты пікір білдірді. ІІМ баспасөз қызметі жариялаған видеода 9 маусымда елордада Республика даңғылында болған митинг түсірілген. Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгеніхабарланған болатын. «Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша», — деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірді

Read More

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов жұртты сабырға шақырды. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда бір топ адам жиналып, наразылығын білдіргісі келген. Кейін оларды құқық қорғау органдарының ұстап әкеткені белгілі болды. Солардың ішінде өнерпаз да болды деген хабар тараған. Алайда айтыскер Ринат Зайытов халықты сабырға шақырып, видео жариялады. «Қадірменді ағайын, алматылықтар, алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болған жоқ. Сондықтан баршаларыңызды үйлеріңізге тарауыңызды сұраймын. Себебі мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді, ағайын. Ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын», — дейді Зайытов таралған видеода. Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірген еді. «Расында да Алматыда және елордада…

Read More

Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бибер Крузды октагонға шақырды. «Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмаса — онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың», — деп жазды әнші. https://twitter.com/justinbieber/status/1137880621848584193?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1137880621848584193&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fdjastin-biber-gollivud-juldyizyin-jekpe-jekke-shakyirdyi-298544%2F Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді. «Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?», — деп жазды МакГрегор. Келесі жазбасында ол актер…

Read More

Бүгін Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының ашылу салтанаты өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысқа облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жарыс кезеңдерінің жеңімпазы атанған 160 үміткер қатысуда.  Жарыс радиомен басқарылатын авто модельдер, автотрассалық модельдер, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдерінің кластары бойынша жүргізілуде. Сайыс соңында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша үздік қатысушылар анықталатын болады. Барлық қатысушыларға сәттілік!

Read More

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты. Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы: Жамбыл Ахметбеков — 167 249 — 1, 82 пайыз; Дания Еспаева —  478 153 — 5, 2 пайыз; Әміржан Қосанов — 1 472 733 — 16,02 пайыз; Төлеутай Рахымбеков — 294 271 — 3,2 пайыз; Амангелді Таспихов — 190 304  — 2,07 пайыз; Касым-Жомарт Тоқаев — 6 504 054 — 70, 76 пайыз; Сәдібек Түгел — 84 348 — 0, 92 пайыз. Дауыс беруге сайлаушылардың…

Read More

Нұр-Сұлтанда митинг кезінде үш полицей жарақат алды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясының брифингінде айтты. «Нұр-Сұлтанда қоғамға қарсы қозғалыстың қатысушылары тас лақтырып, баллондар қолданды. Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Екеуіне тас тиген, ал үшіншісі баллоннан көзін жарақаттаған», — деді Қожаев. Оның айтуынша, бұл әрекеттерге қатысты қылмыстық заңнама баптары бойынша процессуалдық баға беріледі. ІІМ басшысның бірінші орынбасары митинг қатысушыларының ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылатынын айтты. «Полицейлердің әрекетіне қарап, барлық шараның заңнама аясында қолданылғанын айтуға болады. Құқық қорғау органдары ережебұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдарды қолданған жоқ», — деді Марат Қожаев. Кеше, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты…

Read More

Тележүргізуші Ксения Собчак актер Максим Виторганмен ресми түрде ажырасқанын жариялады. Бұл туралы ол НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь!»бағдарламасының эфирінде мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Мен ажырастым», — деді тележүргізуші журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. Собчак тиісті мемлекеттік бажды төлеп, некені бұзу туралы куәлік алған. Бұл ретте ол Виторганмен бірге демалу туралы БАҚ хабарламаларын жалған екенін айтты. Биыл наурызда Собчак пен Виторган айырылысатындарын мәлімдеді. Бұған бірқатар жанжалдар себеп болған. БАҚ мәліметінше, 21 қаңтарда кешкі уақытта Виторган мен режиссер Константин Богомолов мәскеулік кафелердің бірінің жанында тележүргізуші үшін төбелескені де айтылған еді.

Read More

Олар облыс орталығы мен өңірдің 10 ауданын аралап, заң талаптарының орындалуын мұқият қадағалады, деп хабарлайды «Хабар 24». Меймандар сайлаудың ашық, әрі демократиялық тұрғыда өткенін алға тартты. Сонымен қатар өңірде 2225 отандық байқаушы да тұрғындардың конститутциялық құқықтарының сақталуына жіті мән берді. Облыста 484 сайлау учаскесі тіркелген. Оның бірде-бірі назардан тыс қалған жоқ. «10 бақылаушы отырдық. Бәріміз де жақсылап қарап отырдық. Заң талаптарына сай. 8 үйге барып келдік. Барлығы дұрыс деп есептеп отырмын. Бұзылған бюлетень жоқ. Заң бұзушылық жоқ», — дейді бақылаушы Гүлбахрам Акилова.

Read More

Жамбыл облысы әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Бауыржан Үдергенов тағайындалды. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында хабарлады. Бауыржан Арынұлы – Жамбыл облысының тумасы, полициядағы қызметін 18 жыл бұрын бастаған полиция подполковнигі қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және көші-қон қызметінің жұмысына жетекшілік ететін болады. Сондай-ақ, Арман Молдиярұлы өз сөзінде орынбасарына сәттілік тілеп, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруын жеткізді.

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. Өңір басшысы Тараз қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан 35 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, — деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері. Аталмыш сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылып, жетіде өз жұмысын бастады. Онда барлығы 2308 сайлаушы тіркелген. Олардың 400-ге жуығы сағат 11:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл сайлау учаскесінде келушілерге арналып барлық жағдай қарастырылған. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әсем әуен ойнатылып тұрғаны да көңілге әдемі әсер сыйлайды. Тіпті, мұнда алғашқылардың бірі болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да тарту етілген. Айта кетейік Жамбыл облысы бойынша…

Read More