Автор: admin
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады. «Еліміздің мақтанышы — Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды. Ал жекпе-жектен соң Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенінжеткізген еді.
Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Елбасы елордада Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. «Құрметті қазақстандықтар! Бүгін Президент сайлауы өтіп жатыр. Халық тек президент емес, өз болашағы үшін таңдау жасап жатыр», — деді Назарбаев. Ол барлық қазақстандыққа амандық тіледі.
Киножұлдыз әрі саясаткер Арнольд Шварцнегердің үлкен қызы Кэтрин Юнис Шварценеггер голливуд жұлдызы актер Крисс Пратқа тұрмысқа шықты. People басылымының мәліметінше, үйленуі тойы 8 маусымда Калифорниядағы жеке ранчолардың бірінде өткен, — деп хабарлайды «Лента.ру». Үйлену тойында жұптың жақын достары мен туыстары, соның ішінде 29 жастағы қалыңдықтың ажырасқан ата-аналары Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер келді. 39 жастағы күйеу жігіттің бірінші некеден алты жасар ұлы Джек қатысты. Пратт актриса Анна Фариспен 2017 жылы тамызда ажырасқан. Жазушы Кэтрин алғаш рет тұрмысқа шықты. Қауіпсіздік шараларына қарамастан, журналистер үйлену тойынан бірнеше фотосурет түсіріп үлгерген. Суреттерде Шварценеггер шлейфі бар ақ киімде болды, оның жанында классикалық қара костюмде Пратт тұрды. Жарасымды жұп 2018 жылдың жазында…
Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі. Ал бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.
Өткен жылдың сәуір айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон отырғызған емен қурап кетті, — деп хабарлайды Monde. Эммануэль Макрон 2018 жылдың сәуір айында АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барған. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың 250 жылдығына орайластырылды. Сапар барысында екі елдің көшбасшылары Ақ үйдің бағына Францияның солтүстігінен әкелінген «Достық емені» көшетін отырғызды. Француз көшбасшысының пікірінше, емен екі елдің ұзақ қарым-қатынастарының символы болуы керек еді. «Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон отырғызған жас емен ағашы қурап кетті», — деп жазды газет. Figaro газеті Monde ақпаратын растады және емен ағашын отырғызғаннан кейін Құрама Штаттарда енгізген карантиндік фитосанитарлық бақылауға шыдамағанын айтқан. Бұл аурулардың таралуын болдырмау үшін…
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық ролик түсіріліміне қатысты. Видеода спортшы Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын » атты белгілі поэмасынан үзінді оқиды. Боксшы роликті өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Отандастарыма қолдау көрсеткендері үшін рақмет! Мен өзінімнің қайдан шыққанымды ешқашан ұмытпаймын», — деп жазған Головкин. Геннадий Головкин және онымен бірге балалар мен спортшы, ғалым, әскери адам, ғарышкерлер оқыған поэмадан үзінді келтіреміз. Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен — жігітпін, айқасқа, сынға асықпын. Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам, қыран боп…
Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тұрғындары асарлатып, жалғызбасты анаға үй салып жатыр. Аталмыш бастамаға Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетов мұрындық болып, ұйымдастыру жұмыстарының басы — қасында жүр. Тіпті, құрылыс жұмыстарына ауылдықтармен бірге округ әкімдігі аппаратындағы қызметкерлер де білек сыбана кіріскен. Аудандық «1 отбасы, 1 пәтер» жобасы бойынша қолға алынған қайырымдылық шарасына жаңаталаптықтар жаппай атсалысуда. Ауыл тұрғындары шама-шарқыларынша құрылыс материалдарына ортадан қаржы жинап, көп болып көмектесуде. «Округімізде тұратын жалғызбасты ана Бейсенкүл Баймұратова кішкентай ғана тар үйде күнелтіп келеді. Осыны көріп ауыл болып білек сыбана кірісіп, апамызға жаңа үй салып беруді қолға алдық. Көрінген таудың алыстығы жоқ демекші, қабырғалары …
Шымкентте газ құю бекетінде болған жарылыс салдарынан мекеменің қызметшісі зардап шекті, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11.00 шамасында қалалық жедел жәрдем станциясына өрт туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына үш медицина бригадасы жіберілді. Тек бір адамды ауруханаға жеткізілген. «Оны күйік шалғандар орталығына — Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Әзірге зардап шеккен адамның қаншалықты күйіп қалғаны белгісіз. Оның жағдайы тым ауыр, жан сақтау жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. Орталықтың өкілдері зардап шегушінің денесінің 100 пайызы күйіп қалғанын жеткізді. Осыған дейін өрт салдарынан 1999 жылғы Ерлан Анар зардап шеккені туралы хабарланды. Шымкент…
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 тапанша, 3 дыбыс бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік оқ табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада. Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана,…
Дубайда автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 6 маусымда Оман нөмірі салынған автобус апатқа ұшырады. Автобус салонында 31 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 әр түрлі ұлт өкілдері қаза тапты және бесеуі зардап шекті. Кейінірек тағы екеуі қаза тапты. 50 жастағы автобус жүргізушісі қоғамдық көліктерге жүруге болмайтын тажолға шығып кеткен. Соның салдарынан ол жол ережесі белгісіне соқтығысқан. ҚР СІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.