Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 6 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

      04/11/2026

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » “Ит пен мысыққа 57-ден 74 мың теңгеге дейін, ал балаға 17 мың теңге”: Нұргүл Тау бюджет қаражатын жұмсауды қайта қарауды керек дейді

    “Ит пен мысыққа 57-ден 74 мың теңгеге дейін, ал балаға 17 мың теңге”: Нұргүл Тау бюджет қаражатын жұмсауды қайта қарауды керек дейді

    Жаңалықтар 08/04/2026
    Нұргүл Тау - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау иесіз жануарлар мәселесін талқылау барысында бюджет саясатына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл тақырып тек жануарлар санын реттеу мәселесімен шектелмейді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Депутат бұл мәселенің ауқымына тоқталды.

    «Бүгін біз қарастырып отырған мәселе – тек иесіз жануарлардың санын реттеу туралы емес. Бұл – мемлекетіміздің бюджеттік басымдықтары мен құндылықтар жүйесін қайта қарауды талап ететін стратегиялық мәселе», – деді.

    Ол қазақ халқының жануарға деген көзқарасын да атап өтті.

    «Қазақта “ит – жеті қазынаның бірі” деген ұғым бар. Яғни, біз жануарға жанашырлықпен, тіршілік иесіне құрметпен қарайтын халықпыз», – деген депутат қараусыз жануарларды қорғау маңызды екенін жеткізді.

    Нұргүл Таудың сөзінше, Қазақстанда халықаралық тәжірибеде қолданылатын ОСВВ әдісі (аулау, стерилизациялау, вакцинациялау және қайта босату) енгізіліп жатыр. Ол бұл тәсілді «жануарларға қатыгездікке жол бермейтін прогрессивті әдіс» деп атады.

    Алайда депутат мәселенің қаржылық жағына ерекше назар аударды. Оның мәліметінше, бір итке жұмсалатын шығын айтарлықтай жоғары:

    «Бір итті стерилизациялау – 24 010 теңге, кастрациялау – 17 244 теңге, вакцинациялау – 7 713 теңге, эвтаназия – 11 571 теңге. Ал тәуліктік күтіп-бағу – 5 885 теңге. Нәтижесінде, бір итке орта есеппен 74 000 теңге жұмсалады», – деді ол.

    Мысықтарға кететін шығын да аз емес. Депутаттың айтуынша, бір мысыққа шамамен 57 000 теңге жұмсалады.

    Осы сандарды әлеуметтік төлемдермен салыстырған Нұргүл Тау айырмашылыққа назар аударды. Оның сөзінше, 2026 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі төмен деңгейде қалып отыр.

    «4 балалы отбасыларға – 69 330 теңге, 5 балалы отбасыларға – 86 673 теңге, ал 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр балаға 17 300 теңгеден төленеді», – деді депутат.

    Осыған байланысты ол нақты мәселе көтерді.

    «Біз бір жануарға 57 мыңнан 74 мың теңгеге дейін қаражат жұмсай отырып, бір балаға ай сайын 17 мың теңгемен шектеліп отырмыз. Бұл – тек сандардың айырмашылығы емес, бұл – саясаттың ішкі логикасына қатысты сұрақ», – деді Нұргүл Тау.

    Сонымен қатар, депутат мектептердегі жағдайды да сынға алды. Оның айтуынша, балалардың тамақтануына бөлінетін қаражат жеткіліксіз.

    «Бір баланы тамақтандыру күніне 460-720 теңгеден аспайды. Бұл демографиялық саясатқа да, адами капитал сапасына да әсер етеді», – деді ол.

    Депутат өз ұстанымын нақтылай келе, мәселені «жануар немесе адам» деп қарауға болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, бастысы – теңгерім.

    Нұргүл Тау заң жобасын қолдайтынын білдіріп, басымдықтарды қайта қарауды ұсынды.

    «Иесіз жануарлар мәселесін реттеуге қатысты бюджет шығыстарын қысқартып, балаға бөлінетін қаражатты арттыру керек деп санаймын», – деді ол.

    бюджет депутат ит пен мысық Нұргүл Тау

    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.