Автор: admin
Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Султан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялады, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Бұл байқау патриотизм сезімін тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Өз жұмыстарын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылғы 27 мамырдан 24 маусымға дейін жүргізіледі. Әндер кез-келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан…
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және Қазақстан Республикасының Допингке қарсы ұлттық орталығы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы — елімізде халықаралық құқық талабына сай допингке қарсы бағдарламаны жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Үш жақты келісімнің мақсаты – отандық футбол қауымдастығында допингке қарсы сауатты тәрбие қалыптастыру. Меморандумға ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев және ҚазДҚҰО директоры Майра Бақашева қол қойды. Допингке қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және онымен күресте әлемдегі тенденцияларды сақтау мақсатында биыл отандық клубтардың мамандарына арналған семинар ұйымдастырылады. Олар спортта тыйым салынған әдістердің тізімімен танысады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде футболшылармен…
Канаданың Альберт провинциясының солтүстігіндегі Хай Левел қаласының жанындағы орман өртеніп жатыр. Қазір жалын шарпыған аумақ 105 200 гектардан асқан, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CTV телеарнасына сілтеме жасап. Өрт салдарынан 5 000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өртті сөндіру жасағының басшысы Скотт Элиоттың айтуынша, жалын желдің екпінімен солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жылжуы мүмкін. Өртті сөндіруге 600 өрт сөндіруші, 28 тікұшақ, 8 ұшақ, көптеген арнаулы техникалар жұмылдырылған. Жергілікті өрт сөндірушілерге көмек ретінде Британ Колумбиясы, Онтарио, Ханзада Эдуард аралынан жәрдемші жасақтар жіберілді. Бірнеше жолдар жабылған. Жергілікті билік ауа сапасының нашарлайтынын тұрғындарға ескертіп жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың әкімін қабылдады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндалды. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты. Қазақстан Президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын инвестиция көлемін артырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, облыс орталығы мен ірі қалаларда тұрғын үй құрылысы мен…
2019 жылғы 15-19 шілде аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласында Көкшетау техникалық институтының базасында І Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың слетін өткізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөліміне сілтеме жасап. Слет тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Балаларды және жастарды төтенше жағдайларда әрекет етуге, өзіне және өзара көмек көрсетуге бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту. Жамбыл облысының намысын 2 команда қорғайтын болады. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы №1 орта мектебінің «Самсон» командасы және Жамбыл облысы Меркі ауданы №9, 18…
ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды Казинформ. Кездесу барысында Ж. Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар, жастардың заманауи ұстанымдары мен моральдық тәрбиесі тақырыбы төңірегінде сөз қозғалды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси бағыттағы ұстанымдарына қытысты сұрақтар қойып, азаматтық пікірлерін білдірді.
Алматыда қазақ күресінің бір тармағы саналатын белдесуден «Халық барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жамбыл облысының балуан Ғалымжан Қырықбаев үшінші орынды иеленді. Екінші рет ұйымдастырылған «Халық барысы» жарысына биыл 1000-ға жуық балуан қатысты. Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды. Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты. Сондай-ақ, шара барысында «Алашұлы», «Ұлытау», «Тұран», «Алдаспан» топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу…
Ел премьер-лигасында бақ сынайтын «Тараз» футбол клубы екінші ойын қатарынан ұтылды. ХІІ турда команда өз алаңында «Тобылға» есе жіберді. Тараздың орталық стадионында өткен ойында қостанайлық клуб 0:1 есебімен жеңіске жеткен. Қостанайлық командаға жеңіс сыйлаған голды 80 минутта Артем Шерстов соқты. https://www.youtube.com/watch?v=QNRL-jjZz3c Тараз өткен турда «Ордабасыға» есе жіберген болатын. Келесі турда «Атыраумен» ойнайды. ХІІ тур ойындарының нәтижелері «Оқжетпес» — «Астана» 1:1 (0:1) Гол соққандар: Муртазаев Роман 45 (0:1), Стоянович Милан 90+1 (1:1) Ескертулер: Жумаханов Санат 49, Алмейда Алвес Данило 53 — Логвиненко Юрий 32, Маевский Иван 32, Постников Евгений 54, Муртазаев Роман 60, Мужиков Серикжан 90+4 Алаңнан қуылды: Мужиков Серикжан 90+4 «Жетісу» — «Қайсар»…
«Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 25 мамыр күні «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару…
SpaceX компаниясы Falcon 9 ракетасы арқылы ұшырған Starlink жүйесінің жерсеріктері орбитаға сәтті ұшты. Falcon 9 Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 24 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:30-да ұшып, 60 жерсерікті 440 шақырымдық Жер орбитасына сәтті алып шықты. Бұл жерсеріктер – бүкіл Жер планетасын интернет-сигналмен қаматамыз ету үшін жасалып жатқан SpaceX жобасының бір бөлігі. Нидерланды тұрғыны Марко Лангбрук (Marco Langbroek) жерсеріктердің қозғалыс жыламдығы арқылы орбитада көріну уақытын есептеп шығып, видеоға түсіріп алған. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=ytUygPqjXEc «Міне, менің түсірген видеом, миыңыз жарылып кетпесін! Менің есебім дәл болған екен. Жерсеріктер жоспарлаған уақытта ұшып өтті, тіпті 3 минут ерте келді. Бұл өте ғаламат көрініс болды. Мұндай жарқылдаған пойызды…