Автор: admin
Кез келген өнер ордасының тарихы ғимараттан емес, сол шаңырақтың іргесін бекітіп, алғашқы күннен бастап оның тыныс-тіршілігін қалыптастырған адамдардан басталады. Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры 2016 жылы есігін айқара ашқан сәттен бастап ұлттық өнерді дәріптеуді басты мұрат етті. Сол күннен бері бұл театрдың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан ардагер қызметкерлер бар, деп хабарлайды Tarazy.kz Олар — театрдың әр қойылымының, әрбір мәдени шараның мінсіз өтуіне жауапты болған жандар. Қиындыққа мойымай, жаңадан құрылған ұжыммен бірге театрдың бағыт-бағдарын айқындап, оны бүгінгі деңгейіне жеткізуге үлес қосқан тәжірибелі мамандар. Кино саласына арналған ғұмыр Дөңгелектердің дүбірі… Ұлы Сарыарқаның шексіз даласын бойлай пойыз жүйткіп келеді.…
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент сайланатынын мәлімдеді. Ол бұл пікірін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттік мерзіміне қатысты қойылған сұраққа жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Депутаттың сөзінше, «Тоқаевтың мерзімі нөлге теңестіріліп, қайта сайлануы мүмкін» деген болжамның негізі жоқ. Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы жеті жылдық президенттік мерзім өзгермеуі тиіс. «Президентіміз кейбіреулер ойлағандай билікқұмар адам емес. Ол – принципі, философиясы мен берік ұстанымы бар тұлға. Сондықтан жеті жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған соң қызметінен кетеді деп ойлаймын. Сол себепті 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент болады», – деді Айдос Сарым. Сонымен қатар ол Конституцияға ұсынылып отырған түзетулердің ішінде президенттің өкілеттігі…
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеке мектептер саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты қатаң шаралар қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, 1 ақпаннан бастап жеке мектептердің қызметін тек Білім министрлігі емес, құқық қорғау органдары да тексере бастайды. Депутаттың сөзінше, соңғы жылдары бірқатар жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыны заңсыз пайдаланып келген. «Мен бірден айтайын, жеке мектептің иелері 1 ақпаннан бастап министрден емес, құқық қорғау органдарынан тексеруге барады. Бүкіл ұрлаған ақшаны қайтаруға жұмыс істейді. Тек қана ұрсып қоймай, жауапқа тартады, түрмеге қамайды ұрлаған адамдарды. Соған дайын болу керек. Тағы бостан-босқа шулатудың қажеті жоқ», – деді Мұрат Әбенов. Оның айтуынша, мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалуы жай тәртіпбұзушылық емес,…
КазТАГ басшысы Әсет Матаев үйқамаққа алынбайтын болды. Оған қатысты қолхат бойынша ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы күшінде қалатын болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін Матаевтың адвокаты Елена Жигаленок KazTAG агенттігінің бас директорына қатысты үйқамаққа алу мүмкіндігі туралы мәселе соттың қарауына шығарылатынын хабарлаған. Алайда Алматы қаласының тергеу соты бұл өтінішті қарап, қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, елден шықпау туралы қолданыстағы бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Ал қылмыстық іс аясында бас редактор Әмір Хасенов үйқамақта отыр.
Журналист Михаил Козачков Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген тексерудің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Жанжал өткен аптада, 23 қаңтар күні болған. Оқиғадан соң бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен арадағы келіспеушілік оның заңсыз әрекеттеріне байланысты туындағанын мәлімдеген еді. Кейінірек Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдіріп, қоғамды асығыс қорытынды жасамауға шақырған. Ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті тексеріс жүргізіп жатқанын айтып, нақты шешімді сол қорытындыдан кейін қабылдау қажет екенін жеткізген болатын. Алайда журналистке жолданған ресми құжатта жанжалдың барлық мән-жайы толық зерделеніп, оқиғаға Серік Сәпиевтің өзі…
Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шұғыл шаралар кешені қабылданды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бірінші. Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен әскери тәртіпті бақылау күшейтілді. Қару-жарақты пайдалану, сабақтар өткізу, атыс жаттығулары мен тапсырмаларды орындау кезінде жарғылық талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары қатаңдатылды. Екінші. Әскери бөлімдерге Қарулы Күштердің жеке құрамын кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберілді. Әскери қызметшілердің психикалық жай-күйіне, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейіне қайта бағалау жүргізілуде. Үшінші. Командирлер мен сержанттық құрамның жеке жауапкершілігі арттырылды. Негізгі назар оқыс оқиғалардың алдын алуға және…
Жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық емес, ол білім мен ғылым саласының дамуына серпін беретін жаңа бағыт. «AI Sana» бағдарламасы білім беру жүйесі мен ғылым саласын цифрлық трансформациялау жолында маңызды рөл атқарып, еліміздің технологиялық дамуына үлес қосатын жас мамандарды дайындауға зор мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында «AI SANA CONTEST: WE LEARN, CREATE, CHANGE THE FUTURE» атты республикалық байқау ұйымдастырылды. Байқау білім алушылардың жасанды интеллект құралдарын шығармашылық және техникалық тұрғыда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды. «Байқаудың негізгі мақсаты – жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, қысқа бейнероликтер форматындағы авторлық жобаларды қолдау, сондай-ақ визуалды және дыбыстық контент жасаудағы…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевтың ұсталуына байланысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Tarazy.kz politico сайтына сілтеме жасап. Комитеттің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады ҰҚК. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыты бойынша арнайы операция өткізілгені туралы ақпарат тараған еді. Ресми емес дереккөздер Қуат Қарабайұлы Ақшабаевтың 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеп отыр. Айта кетейік, Қуат Ақшабаев Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2025 жылдың ақпан…
Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде бензин бағасы шамамен 16 пайызға қымбаттады. Баға өсімінің ең жоғарысы АИ-95 маркасына тиесілі. Бұл жанармай түріне бағаны шектеу шаралары қолданылмағандықтан, баға өсімі тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Tarazy.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, АИ-92 бензині бір жылда орта есеппен 17–34 теңгеге өскен. Аталған маркаға 2025 жылдың қазан айынан бастап мораторий енгізілген. Ал АИ-95 бағасы осы аралықта 35–40 теңгеге қымбаттаған. Бағаға қатысты ешқандай шектеудің болмауы бұл жанармай түрінің алдағы уақытта да қымбаттай беруі мүмкін екенін көрсетеді. 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан бойынша орташа баға АИ-92 – 235 теңге, АИ-95 – 298 теңге, АИ-98 – 325 теңге болды. Энергетика министрлігі АИ-98-ді кең көлемде тұтынылатын өнім санатына қоспайтынын, оны имидждік жанармай ретінде қарайтынын бұған дейін хабарлаған. Дегенмен,…
17 жыл бойы аға-жеңгесінің малын бағып, құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге қатысты жаңа ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде Құндыздың аяқ-қолы скотчпен байлаулы жатқан суреті тарады. Журналист Руслан Өтепбай мәселенің мән-жайын анықтап келген, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналист қыздардың заңды қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйіне барған. Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта сол әйел адамның қамқорлығында. Қыздар Зүлфия Төленованы «мама» деп атайды. Құндыздың сөзінше, оны Зүлфия Төленова байлап қойған. «Мама істеді. Зүлфия мама. Көп уақыт жаттым осылай. Мені байлаған кезде Зүлфия мама үйде болды», — дейді Құндыз. Ал Зүлфия Төленова бұл уақытта үйде болмағанын айтады. «Мен оны байлаған кезде үйде болған жоқпын. Байланғанын көрген жоқпын. Түсінбеймін», -…