Автор: admin

Қазақстанда бүгінде 4 739 адам ағза трансплантациясын күтіп жүр. Олардың 125-і – бала. Күту парағындағы науқастардың басым бөлігіне бүйрек алмастыру қажет, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазіргі мәлімет бойынша, 4 208 адамға – бүйрек, 293 адамға – бауыр, 208 адамға – жүрек, ал 30 адамға өкпе трансплантациясы қажет. Трансплантация саны көбейіп келеді Кейінгі жылдары елімізде ағза алмастыру операцияларының саны біртіндеп артқан. Мәселен, 2023 жылы 236 трансплантация жасалса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 260-қа, ал 2025 жылы 310-ға жеткен. 2026 жылдың алғашқы алты айында елімізде тағы 150 трансплантация жасалды. Оның 30-ы қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жүргізілген. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық та дамып…

Read More

Қазақстанда сауда саласындағы өсім былтырғыдан бәсеңдеген. Биыл жыл басынан бері сауда көлемі 5,9%-ға ұлғайса, 2025 жылдың осы кезеңінде өсім 8,6%-ды құраған. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Әсіресе көтерме саудадағы өсім айтарлықтай төмендеген. Былтыр 11,4% болған көрсеткіш биыл 6,7%-ға дейін түсті. Мамандар мұны кәсіпорындар арасындағы тауар айналымының бұрынғыдай қарқынды жүрмей жатқанымен байланыстырады. Бөлшек саудада да өсім баяулаған. Былтыр 6,6% болған көрсеткіш биыл 4,1%-ды құрады. Яғни халықтың дүкендер мен сауда орындарындағы сатып алу белсенділігі бұрынғыға қарағанда баяу өсіп келеді.

Read More

Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған 25 жастағы жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Tarazy.kz Жол-көлік оқиғасы «Алматы – Өскемен» тасжолында болған. Куәгерлердің сөзінше, соқтығыстан кейін жүргізушілердің бірі тоқтамай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Кейін ол Қонаев қаласына қарай бағыт алған жерінен тоқтатылды. Полиция көлік тізгінінде Ескелді ауданының 25 жастағы тұрғыны болғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам жолға шығар алдында алкогольдік ішімдік ішкен. Ол көлік жүргізу кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, өзге автокөлікпен соқтығысқан. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін де жол ережесін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, ол көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған. Қазір…

Read More

Даркнетте өзін shymzz13 деп таныстырған хакер Қазақстан азаматтарының ауқымды деректер базасын сатуға шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, базада шамамен 15 миллион қазақстандықтың жеке мәліметтері сақталған. Бұл ел халқының шамамен төрттен үш бөлігіне тең. Хакер деректерді мемлекеттік қызметтер порталы eGov жүйесін бұзу арқылы қолға түсіргенін алға тартады. Сатушы ақпараттың құнын 0,5 биткоинге бағалаған. Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 32 мың АҚШ долларына тең. Көлемі 2,7 гигабайт болатын архивте 47 миллионға жуық жазба бар екені айтылған. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, базада азаматтардың жеке куәлік деректері, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, жұмыс орындары туралы ақпарат, құжаттардың сканерленген көшірмелері және парольдер болуы мүмкін.…

Read More

Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы елшілігінің жәрдемдесуімен Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол былтыр қарашада өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауапкершіліктен жалтару мақсатында күдікті бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасы аумағында жүргені анықталып, маусымда Дананг қаласында ұсталған. Кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Read More

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының өкілдері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барды. Сапар барысыныда Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары мен Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Tarazy.kz Кездесу Мәдениет орталығында өтті. Кездесу барысында тоғызқұмалақ спортын халықаралық деңгейде дамыту, Қазақстан мен Қытай арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тараптар Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтарды және турнирлерді Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында өткізуге уағдаласты. Кездесу барысында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының өкілдері Тоғызқұмалақ ойынының ерекшеліктерін таныстырды.…

Read More

Колумбияның Тынық мұхиты жағалауында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 132 адамға жетті. Тағы 87 адам түрлі жарақат алған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 балл болған, деп хабарлайды Tarazy.kz Жер сілкінісі дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 07:34-те тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Сан-Хосе-дель-Пальмар ауылы маңында орналасса, ошағы 107 шақырым тереңдікте жатқан, деп жазады BBC. Апатқа байланысты Колумбияда төтенше жағдай режимі жарияланды. Жуырда өткен сайлаудан кейін ел басшылығына келген президент де ла Эсприэлья үкіметтің барлық ресурсы зардап шеккен өңірлерге жұмылдырылғанын мәлімдеді. – Ұлттық үкімет азаматтарды қорғау, зардап шеккен аймақтарды қолдау және қажетті көмекті жеткізу үшін барлық мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Қазір…

Read More

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның кандидатурасы тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан ISSA атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-қа жолданды. Сайлау 2026 жылы 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады. Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіреді.

Read More

Қазақстан экономикасының биылғы қаңтар-шілде айларындағы өсіміне қатысты ресми деректер жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, сыртқы нарықтардағы тұрақсыздық пен түрлі экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, ел экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық статистикаға сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 4,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бірінші жартыжылдықтағы деңгеймен шамалас болғанымен, сарапшылар оны экономика тұрақтылығының белгісі ретінде бағалайды. Мамандардың айтуынша, мұнай өндіру көлемі 8,9%-ға төмендеп, әлемдік нарықтарда құбылмалылық сақталғанына қарамастан, ЖІӨ өсімі бәсеңдеген жоқ. Бұған негізгі үлесті шикізаттық емес сектор қосты. Аталған саланың өсімі 5,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып жатыр Экономиканың нақты секторындағы ең жоғары өсім өңдеу өнеркәсібінде тіркелді.…

Read More

Алматы облысында алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша күйеуін өлтірді деп айыпталған әйел ақталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Сот материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырда ерлі-зайыптылардың үйінде жанжал болған. Жанжал барысында әйел күйеуінің жүрек тұсына асүй пышағымен соққы жасаған. Ер адам алған жарақатынан көз жұмған. Сотқа дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде әйелдің ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат тараған болатын. Онда әйелдің бірнеше рет соққыға жығылғаны, тұншықтыру әрекеттеріне ұшырағаны, қыста емізулі сәбиімен бірге үйден қуылғаны және жүкті кезінде жарақат алғаны айтылған. Сондай-ақ оқиға алдында әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын біліп, ажырасуға шешім қабылдағаннан кейін ер адамның оған…

Read More